§23. қан тамырлары жүйесінің түрлері және қан айналым шеңберлері Жануарлардың қан тамырлары жүйесінің түрлерін сипаттау
Ашық және тұйық қа н айналым шеңберлерінің айырмашылығы неде екенін еске тү сі рейік. Ол қандай жануарларға тән? Жасушалар мен дене ара сын дағы зат алмасуда жасушааралық сұйықтықтың рөлі қандай? қан тамырлар жүйесінің түрлері . Қан тамырлар жүйе лерін
ашық жәнетұйық деп екі үлкен топқа бөледі. Буылтық құрттар мен омыртқалы
жануарларда тұйық қан тамырлар жүйесі болатынын еске түсірейік. Ал
ұлулар мен бунақденелілер ашық қан тамырлар жүйесіне ие.
Тұйық қан тамырлар жүйесінде қан мен дене жасу шала рының ара-
сында тікелей жанасу болмайды, делдал рөлін жасушааралық сұйықтық
атқарады. Ашық қан тамырлар жүйесіне ие ағзаларда ағзаның ішкі
ортасы болып табылатын үш сұйықтық болмайды.
үлкен және кіші қан айналым жүйелері алғаш рет қос мекенділерде
пайда болды.Барлық балықтарда (шеміршекті, сүйекті) бір шең берлі қан
айналым жүйесі болады. Бүкіл дене арқылы өтетіндіктен мұны «
үлкен қанайналымшеңбері » немесе жай ғана
«біршеңберлі» деп атайды.
Қан ағза арқылы үздіксіз ағады. Қосмекенділерден бастап барлық
омыртқалы жануарларда екі қан айналым шеңбері болады. үлкен қан
айналым шеңбері өкпеден басқа бүкіл дене арқылы өтеді. Ал кіші қан
айналым шеңберін өкпе арқылы өтетіндіктен
өкпелікшеңбер деп атайды
(55-сурет).
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217