А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет177/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Білу және түсіну:
1. Популяцияның өсім қарқыны, туу мен өлім сияқты көр сеткіштерін 
қалай түсінесіңдер?
2. Популяцияның өсім немесе өлім қарқыны кері әсер етуі мүмкін бе?
қолданылуы:
1. Қайсы популяция жағдайының көрсеткіші негізгі болып табылады, ол 
арқылы популяция күйін білуге болатынын бол жаңдар.
2. Суретке қараңдар. Мына популяциялардың құрылымы туралы не 
айта аласыңдар? Ол неге дәлел бола алады?
Талдау:
1. К- және r- стратегияларының бір-бірінен айырмашылығын сызба 
түрінде бейнелеңдер.
2. Жүктіліктің ұзақ мерзімі, тәрбиелеу және жақсы бейім делген 
түрлердің тірі қалуы қандай стратегияға жататыны туралы өз 
пікірлеріңді айтыңдар.


227
Синтез:
1. Эндемиктердің популяциялық сипаттамасының ерек шелігі неде 
екенін талқылаңдар.
2. Тұрақты, қысқаратын, жойылатын және анық болмаған популяция-
лар арасындағы айырмашылықтар неден тұра тынын анықтаңдар.
Бағалау:
1. Басқа жануарларға қарағанда маймылдар ұрпағына ұза ғы рақ 
қамқорлық жасайтыны туралы өз пікірлеріңді айтың дар. Бұл 
стратегияның қандай түрі екенін дәлел деңдер.
2. үдерісті талдаңдар. Кенгуру ұрықтанғаннан кейін шамамен бір айдан 
кейін туады. Ұрпағы туған кезде толық дамымаған болып, оның келесі 
дамуы анасының қалтасында жалғасады. Осы уақыттың бар лығында 
анасының сүтімен қоректенеді. Бұл уақытта анасының ағзасында басқа 
екінші жүктілік кезеңі басталады. Бірақ қалтасындағы төлі анасының 
сүтімен қоректенуін тоқтатып және қалтаны босатпайынша, пайда 
болған жаңа зигота дамымайды.
Қалай ойлайсыңдар, бұл мысалды стратегиялардың бі реуіне жатқызуға 
бола ма? Жауаптарыңды негіздеңдер.
§56. Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері
Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау
Тірі ағзалардың өзара жағымды қарым-қатынастарының түр лерін атаңдар. 
Симбиоз және мутуализм дегеніміз не? 
Белгілі бір аймақта тіршілік ететін ағзалар сол тір шілік ортасына 
бейімделеді. Тірі ағзалардың әртүрлі топ тарының өзара қарым-
қатынасының мынадай түрлері болады: жағымды, жағымсыз, бейтарап. 
Бұл тақырыпта біз жа ғымды қарым-қатынастармен танысамыз. 
Симбиоз – бірлесіп тіршілік ету кезінде (грек сөзінен аударғанда –
сим­ –­ бірге,­ биос­ –­ тіршілік
) екі ағза да немесе олардың біреуі ғана 
екіншісінен пайда көреді. Симбиоздың бірнеше түрі бар.
Нақты­селбестік
(кооперация) – екі ағза үшін де пайдалы қарым-
қатынастың түрі. Көптеген құстар тұяқты жануарлардың денесіндегі 
жүнінің паразит кенелерімен қоректенеді. Бұл жағдай құстар үшін 
қауіпсіз болады. Құстарға шабуыл жасайтын жыртқыштар ірі қара тұяқ-
ты ларға шабуыл жасамайды. Құстар ұясын салар кезде кө бінесе бұғы
бұлан және сиырлардың қысқы жүндерін жұлып алып пайдаланады. 
Таңқы шаян жұмсақ денелі маржан полиптері – актиниялармен селбесіп 


228
тіршілік етеді. Актиния шаянды өзінің атпа жасушаларымен қорғайды 
және шаян қорегінің ұсақ бөлшектерін талғажау етеді. Нақты селбестік 
кезінде ағзалардың бірлесіп тіршілік етуі маңызды емес және олар бір-
бірінсіз де тіршілігін жоймайды. 
Азоттүзуші түйнек бактериялары мен бұршақ тұқымдас өсім діктердің 
(бұршақ, үрмебұршақ, қытайбұршақ, соя, ака ция) селбесуі жағымды 
қарым-қатынасқа мысал бола ала ды. 
Бұл бактериялар ауадағы бос азотты сіңіріп, оны ам миакқа айналды-
рады. Аммиакты қосылыстармен қоректеніп аминқышқылдарын түзеді. 
Азоттүзуші бактериялар бұршақ тұқымдастардың түйнектерінде өздерін 
топы рақ тағыға қарағанда анағұрлым жайлы сезінеді. Бұр шақ тұқым-
дастардың түйнектері олардың қолайлы ортасын алмастыра алады. 
Мутуализм (латын. «мутуус» сөзінен аударғанда – өзара) – 
әр түрге жататын ағзалардың бір-бірінен бөлек тіршілік ете алмай, өзара 
қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік етуі. Мутуализмнің 
кең тараған мысалы – қыналар. Бұл саңырауқұлақтар мен балдырлардың 
өзара селбесіп тіршілік етуі. Қынаның құрамындағы саңырауқұлақтардың 
жіпшелері 
балдырлардың 
жасушаларын, 
жіпшелерін 
тор лап, 
арнайы сорғыш өсінділері пайда болады да, оған енеді. Сол арқылы 
саңырауқұлақтар фотосинтез нәтижесінде балдырлар түзген өнімдерді 
қолданады. Балдырлар болса, саңырауқұлақтардан су мен минералды 
заттарды алады (110-сурет).
110-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет