А. Соловьева, Б. Ибраимова


Негізгі сөздер мен тіркестер



Pdf көрінісі
бет16/35
Дата30.10.2019
өлшемі11,94 Mb.
#50823
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
Биология 8 сынып. Оқыту әдістемесі


Негізгі сөздер мен тіркестер
дәрумендер, суда еритіндер, майда еритіндер, авитаминоз, гиповитаминоз, 
гипервитаминоз, құрқұлақ, бери-бери, пеллагра, ақшам соқыр, мешел 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Егер сендер топтарыңмен дүниежүзін айналуға саяхатқа шығатын 
болсаңдар, қандай азық-түлікті алар едіңдер? Топтарыңмен сұрақты талдап, 
алатын әрбір азық-түлікке түсініктеме беріңдер. /Естеріңде болсын, сендер 
саяхатқа шығатын кемеге көп нәрсе салуға болмайды/ 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
В тобына жататын дәрумендерді және Е, Д, С дәрумендерін неліктен жеке-
жеке емес бір комплексте қабылдаған жөн екендігін түсіндіріп бере 
аласыңдар ма? 
/ Жеке дәрумендерді қабылдағаннан комплексте бірге қабылдаған тиімді. 
Себебі олардың мөлшері үйлестірілген, ең бастысы минералдар мен 
дәрумендер арақатынасы тиімді теңестірілген. Бәрі бірге ағза үшін тиімді 
қызмет етеді.  
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Дәрумендердің жетіспеуінен туындайтын ауруларды дәптерге жазып алу 
 
137

 
Алдыңғы оқу 
«Сұрыптау» жаттығуы 
Суда және майда еритін дәрумендерді сұрыптап жазып шығыңдар. 
 
 
 
 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал 
 
Сынып көгөністер мен жеміс-жидектер және азық-түлік 
суреттерін  таңдау арқылы  «Зеректер», «Зерделілер» 
топтарына бөлінеді. Әр топ өздерінің атына 
байланысты бір шумақ өлең шығарады.  
І топ: Біз дайынбыз бұл сабаққа достарым, 
                 Көрсетеміз бізде қандай күш барын. 
ІІ топ: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз, 
                 Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз. 
 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
«Сиқырлы қалта»  
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада 
сиқырлы қалта тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған 
адамгершілік қасиеттер.  
Жаттығу шарты: Қалтадан әр қатысушы кезекпен бір 
сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты 
деп санаған адамға сыйлайды.  
 
Суреттері 
берілетін жеміс-
жидектер, 
көгөністер, азық-
түліктер 
(орамжапырақ, 
қызанақ, бұрыш, 
сәбіз, сүт, бауыр, 
ет т.б.) 
 
 
Суда еритіндер 
Майда еритіндер 
еритіндер 
138

 
Ортасы 
І. Оқулықпен жұмыс.  
«Сиқырлы қобдиша» стратегиясы  
1.  Әр  топ   оқулықтағы  мәтінді  оқып,  талқылап 
мазмұнын түсініп алады.  
2. Мәтін бойынша бір-бір сұрақ құрастырып қобдишаға 
салады.  
3.  Мұғалім  таспадан  әдемі  музыка  қосады.  Ал  топ 
мүшелері  қобдишаны  бір-біріне  береді.  Музыка 
тоқтағанда  қобдиша  кімнің  қолында  қалса  сол  сұраққа 
жауап береді. Осылайша сұрақ біткенше қайталанады.  
Дескрипторлар: 
– Мәтінді толық меңгеріп, дәрумендердің 
жетіспеуінен туындайтын ауруларды тізімдейді. 
– Дәрумендердің жетіспеушілігінен болатын 
аурулардың белгілерін анықтайды. 
–  Дәрумендер кездесетін азық-түліктерді 
жүйелейді. 
Сергіту сәті: 
«Жел соғады...» жаттығуы 
Басқарушы ойынды мына сөздермен бастайды: «Жел 
соғады..» Қатысушылар бір-бірі туралы көбірек білу 
үшін ойды келесідей сөздермен аяқтауы қажет. Жел 
соғады қызыл түсті көйлек кигенге немесе кімнің інісі, 
ағасы, апасы, сіңлісі барларға немесе тәттіні жақсы 
көретіндерге. Осы аталғандар топпен жиналып, жел 
соққан сияқты теңселіп, ағаштар сияқты қозғалып дене 
қимылын жасайды. 
 
Рефлексия. Мен мәтінді...меңгердім» 
 
меңгермедім 
 
 
 
 
 
шала меңгердім 
 
 
 
толық меңгердім 
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аяқталуы 
«Рөлдік ойын» стратегиясы 
Рөлдер: дәрігер мен пациент 
Тақырып: диагноз қою 
Пациент: 
– Менің көзім жиі ауырады, теріскен көп шығады /С 
дәруменнің жетіспеуінен/ 
– Қолымның сырт жағы, аяғым ауырады, жылы мен 
суықты сезбейді /В
1
 дәруменінің жетіспеуінен/ 
 
 
 
 
 
 
 
 
139

 
– Ернім жиі жарылады, қызарады /В
2
 дәруменнің 
жетіспеуінен/ 
– Терім құрғақ кейде шынтағымда, тіземде бөрткен 
пайда болады /А дәруменнің жетіспеушілігінен/ т.б. 
 
Дескрипторлар: 
– Рөлдің шынайы ойналуы. 
– Диагноздың дұрыс қойылуы. 
– Ағза үшін дәрумендердің рөлінің ашылуы. 
Рефлексия: «Табыс сатысы» әдісі 
1-баспалдағы. Мен.............. БІЛЕМІН. 
2-баспалдағы. Мен.................. ТҮСІНЕМІН.  
3-баспалдағы. Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН.    
 
 
 
Қосымша  ақпарат 
Саралау – Сіз 
қосымша 
көмек 
көрсетуді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Сіз қабілеті 
жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Дәрумендердің кездесуіне байланысты азық-
түліктің тізімдемесін жасаңыз. 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Майда және суда еритін дәрумендерді «ВЕНН 
диаграммасымен» салыстырыңдар. 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу 
мақсаттары шынайы 
ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
тиімді болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? 
Мен өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және 
неліктен? 
Рефлексия. «Пойыз» стратегиясы 
Пойыз вагондары сабақ кезеңдері. Оқушылар топпен әр вагонға 
түс жапсыру арқылы сабаққа кері байланыс береді. 
 
 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар 
140

 
 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды  жетілдіруге 
көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
САБАҚ:  §16. Ағзаның ішкі 
ортасы және оның маңызы 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары  
8.1.3.5 – лимфа жүйесін және қан, ұлпа сұйықтығы мен лимфа арасындағы 
өзара байланысты сипаттау. 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, гомеостаз туралы біледі, ағзаның 
ішкі ортасының құрамдас бөліктерін айқындайды. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Ағзаның ішкі ортасының құрамдас бөліктерінің құрамын, қызметін 
нақтылайды, салыстырады, ерекшеліктерін талдайды. 
Кейбір оқушылар: 
 
Ағзаның ішкі ортасының маңызын зерделеп, баға береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
– Ағзаның ішкі ортасының құрамдас бөліктерін айқындау, гомеостаз 
терминінің мәнін ашу 
  
Тілдік мақсат 
 
Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа 
 аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті 
терминология мен тіркестері бар лексика) 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
гомеостаз, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы, лимфоцит 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Қандай мүшелер арқылы сыртқы орта ағзаның ішкі ортасына қалай әсер 
етеді? Талқылап жауаптарыңды беріңдер. 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Неліктен қан ағзаның ішкі ортасына жатады? 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Ағзаның  ішкі  ортасының  құрамдас  бөліктерін,  гомеостаз  терминінің  мәнін 
дәптерге түсіру 
Алдыңғы оқу 
Биологиялық диктант «Дәрумендер әлемінде» 
1. Балық майында көп болатын дәрумен/Д/ 
2. Жетіспеуінен құрқұлақ ауруы туындайтын дәрумен/С/ 
141

 
3. Жетіспеуінен ақшам соқыр ауруы туындайтын дәрумен/А/ 
4. Қанның ұюына қатысатын дәрумен/К/ 
5. Жетіспеуі теріні құрғататын дәрумен/Е/ 
6. Бери-бери ауруының туындауына себепші дәрумен/В/ 
7. Жетіспеуінен мешел ауруы пайда болатын дәрумен/Д/ 
8. Қызанақ, сәбіздің құрамында болатын дәрумен/А/ 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
 
Сынып санамақ әдісі арқылы «Тепе-теңдік», 
«Тұрақтылық» топтарына бөлінеді. Әр топ өз атын 
сабақпен байланыстырады.  
 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
«Жағымды сөз»  
Балалар дөңгелене отырады. Жүргізуші оң жағынан бастап 
бірінші отырған балаға қарап: «Айдар, маған сенің 
аққөңілді мінезің ұнайды», – дейді. Айдар, рақмет» деп, 
келесі балаға бұрылып: «Фатима, маған сенің әсем күлкің 
ұнайды», – дейді, одан әрі Фатима рақмет айтады да, келесі 
балаға бұрылады. Ең соңында жүргізушіге соңғы бала 
жағымды сөз айтады. «Жақсылық жасасаң, өзіңе қайтып 
келеді» деген сөзбен сабақты бастаймыз. 
 
 
 
 
Ортасы 
І. Оқулықпен жұмыс.  
«Мені түсін» оқыта үйрету ойыны 
Оқушылар мәтінді оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне 
жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, 
қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі 
ойын білдіретін 10 шақты сөз жазуларын сұрайды. Соңынан 
мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын ала даярлаған 
түйінді сөздермен салыстырады. Кімде осы түпнұсқамен 
сәйкес келген сөздер көп болса, сол жеңімпаз деп 
танылады. 
Дескрипторлар: 
–  Мәтінді толық меңгеріп, ағзаның ішкі ортасының 
құрамдас бөліктерін анықтайды, гомеостаз 
терминінің мәнін ашады. 
–  Қанды, лимфаны, ұлпа сұйықтығын сипаттап бере 
алады. 
–  Қан, ұлпа сұйықтығы, лимфаның қызметін 
талдайды. 
Сауықтыру минуты 
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
142

 
Бір орында екі аяқтарыңды біріктіріңдер. Қолдарыңды 
түсіріңдер, арқаларыңды түзеңдер. Қолдарыңды жоғары 
көтеріңдер, саусақтарыңды қысыңдар. Бүкіл денелеріңмен 
жоғары созылыңдар. Жоғары қарай созылғанда биік  алма 
ағашын елестетіңдер. Биік, әдемі алма ағашы Күнге қарай 
ұмтылады, адам ағзасы ағаш сияқты күшке толады (15–20 
секунд) орындалады. 
 
Рефлексия. «Ай толды ма?» 
Толық ай – сабақты толық түсіндім.  
  
Жарты ай  – мен жартылай  
түсіндім.  
  
Жаңа ай – менің түсінбегенім басымдау 
болды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аяқталуы 
«Детальдарын қосу» әдісі 
Топ жұмыс істеу кезінде алған білімдерін көрсету үшін 
сөйлемді кеңейту қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және 
нақты кеңейген топ мақсатқа жетеді. 
Бастапқы сөйлемнің мысалы:  
Ағзаның ішкі ортасы болады. 
Кеңейтілген сөйлемнің мысалы:  
Ағзаның ішкі ортасына қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы 
жатады. 
Дескрипторлар: 
–  ішкі орта туралы білімдерінің тиянақтылығы; 
–  ішкі ортаның ағза үшін маңызының ашылуы. 
Рефлексия. «Досыма хат» 
Досына сабақ туралы 3 сөйлемнен тұратын хат жазады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қосымша  ақпарат. Ағзаның барлық жасушалары мен ұлпаларының қалыпты тіршілігі үшін 
сыртқы ортадан оттек пен қоректік заттар үнемі түсіп отыруы керек, сондай-ақ ағзадан 
ыдырату өнімдері сыртқа шығарылуы тиіс. Бұл міндетті ағзаның ішкі ортасы атқарады. Адам 
ағзасының ішкі ортасын ұлпа сұйықтығы, қан мен лимфа түзеді. Ол өзінің химиялық құрамы 
мен физикалық қасиеттерінің салыстырмалы тұрақтылығын сақтайды. Сөйтіп, ағзаның барлық 
мүшелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді. 
Жасуша мембраналары арқылы заттардың түсуі мен шығарылуы таңдамалы, тек ерітінді 
түрінде жүреді. Ұлпаларда жасушалар аралығында жасушаларды қоршап тұратын ұлпа 
сұйықтығы болады. Ұлпа сұйықтығы қанның сұйық бөлігі – плазмадан түзіледі. Сонымен 
қатар оның құрамында жасуша тіршілігінің әрекеттеріне қажет барлық заттар еріген күйінде 
болады. Оттек пен қоректік заттар майда қан тамырлары – капиллярлар арқылы ұлпа 
сұйықтығына, одан жасушаға өтеді. Зат алмасу нәтижесінде жасушада түзілетін су, 
көмірқышқыл газы және басқа да өнімдер алдымен ұлпа сұйықтығына, одан кейін сыртқы 
ортаға шығарылуы үшін капиллярға түседі. 
Ағзада ұлпа сұйықтығы үнемі қозғалыста болады, ол қан тамырлары арқылы жаңартылады. 
Қан дәнекер ұлпасына жатады және аралық ішкі орта болып табылады.  
143

 
 
Саралау – Сіз 
қосымша көмек 
көрсетуді қалай 
жоспарлайсыз? Сіз 
қабілеті жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа қызметтерін 
салыстыр. 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Ағзаның ішкі ортасының ағза үшін 
маңызын дәлелде. 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу мақсаттары 
шынайы ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
тиімді болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? 
Мен өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және неліктен? 
Рефлексия. «Табыс ағашы» 
Жасыл жапырақ  Түсінікті болды, табысқа жеттім. 
Сары жапырақ   Сұрақтарым бар, толық табысқа жеткен жоқпын. 
Қызыл жапырақ   Қиналдым, табысқа жету үшін тағы қайталауым 
керек. 
 
 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды  жетілдіруге 
көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
САБАҚ:  §17. Қанның құрамы мен 
қызметі. №6 зертханалық жұмыс. 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары  
8.1.3.1 – қан құрамы мен қызметін сипаттау; 
8.1.3.2 – дайын микропрепараттар арқылы әртүрлі ағзалардың қан 
жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін зерттеу. 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, қанның құрамын біледі, қан 
жасушаларын бір-бірінен ажырата алады. 
144

 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Плазманың құрамы мен қан жасушаларының құрылысын талдайды, 
салыстырады, ерекшеліктерін айқындайды, қызметін жүйелейді. 
Кейбір оқушылар: 
 
Қанның ағза үшін маңызына баға береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
– Қанның құрамын талдау 
– Плазма мен қан жасушаларының құрылысы мен қызметін айқындау 
– Қан жасушаларын салыстыру, ерекшеліктерін айқындау 
– Плазма мен қанның қызметтерін жүйелеу 
– Ағза үшін қанның маңызына баға беру 
  
Тілдік мақсат 
 
Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдaрын қолдануға қажетті 
айтылым-жазылымға сәйкес жұмыс тілін қалыптаcтыру (мысалы, 
топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және 
пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестер) 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
плазма, эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер, гемоглобин, 
оксигемоглобин, карбоксигемоглобин 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Егер қанға таза суды құятын болсақ, қан жасушалары жарылып кетеді, егер 
қан жасушаларын концентратты тұз ерітіндісіне салсақ, олар бүрісіп 
қалады. Неге адам көп су ішкенде немесе көп тұзды тамақ жегенде осындай 
құбылыстар байқалмайды? Талдап, жауаптарыңды негіздеңдер. 
/Адам көп су ішкенде немесе тұзды тамақты жегенде қан жасушалары 
зардап шекпейді, себебі адамда ішкі ортаның тұрақтылығы сақталады, 
артық су мен тұз тері мен бүйрек арқылы сыртқа шығарылады/ 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Неліктен француз физиологы К.Бернар қанды ағзаның айнасы» деп 
атағанын түсіндіріп бере аласыңдар ма? 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Қан жасушаларын салыстыру кестесі дәптерге түсіріледі 
Алдыңғы оқу 
«Артықты алып таста» жаттығуы 
–  қан, лимфа, плазма, ұлпа сұйықтығы 
–  оттекті тасымалдау, қоректік затты жеткізу, зәр түзу 
–  гомеостаз, тұрақтылық, тепе-теңдік, сіңірілу 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал 
Топқа бөлу әдісі: «Жұбыңды тап» 
Әр оқушының арқасына түйрегішпен немесе скотчпен қағаз 
бекітіледі. Қағазға сыңарлары бар әдеби кейіпкерлердің, 
ертегі кейіпкерлерінің, дуэт әншілердің бір есімі жазылады. 
Оқушылар сынып ішін аралап жүріп өз сыңарларын 
табады. 
Сынып осы әдіс арқылы «Эритроциттер», «Лейкоциттер», 
«Тромбоциттер»  топтарына бөлінеді. Әр топ өздерінің 
 
 
 
 
145

 
атының сабаққа байланысын болжайды.  
 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
«Мен сені түсінемін» жаттығуы 
Әрбір топ мүшелеріне жүргізуші: өздеріне серіктес таңдау 
керектігін ескертеді. Сіздердің біреулеріңіз ауызша 3 минут 
ішінде серіктесіңіздің тілегін, сезімін, көңіл күйін, 
жағдайын бейнелеп беріңіз. Содан соң серіктесі оның 
айтқанын мақұлдайды немесе жоққа шығарады. Қасыңызда 
отырған адамға назарыңызды аударыңыз және оның қазіргі 
ойын, ішкі сезімін, арманын түсініп, іштей қорытынды 
жасап отырыңыз. Соңында екі серіктес бір-бірінің ішкі 
сезімдерімен бөліседі. 
Ортасы 
І. Оқулықпен жұмыс.  
«Фотокөрме» стратегиясы 
Мәтінді оқып болған соң суретке сәйкес келетін 
сөздерді табады. 
Берілетін суреттер: 
  
 
Дескрипторлар: 
– Мәтінді толық меңгеріп, қанның құрамын 
анықтайды. 
– Суретке сәйкес келетін сөзді дұрыс талдайды. 
 Қан жасушаларын бір-бірінен ажыратады, суреттен 
көрсете алады. 
 
Сергіту сәті «Картоп егу» 
Оқушылар бір-бірінің арқасына картоп егеді 
– Жер жырту 
– Жерді тегістеу 
– Картоп егетін шұңқыр қазу 
– Картоп түйнегін егу 
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
146

 
– Шұңқырды жабу 
Рефлексия «Өз сөзімнің дәлелі» 
1. Сабақта мен ……..себебі……… 
2. Сабақта мен өз жұмысыммен……… 
3. Маған сабақ ……. 
4. Сабақ бойы мен ….. 
5. Менің көңіл күйім…….. 
6. Сабақ материалдары мен үшін ……… 
 
 
 
 
 
 
Аяқталуы 
«Жұбын тап» әдісі 
 Әр топқа жауабы немесе сұрағы бар қағаздар таратылады. 
Оқушылар топ ішінде  сәйкес сұрақ пен жауапты  іздейді. 
 
Таратылатын қағаздар: 
1-топ: 
– қанның формалық элементтері дегеніміз /қан 
жасушалары/ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет