Дескрипторлар:
– мәтіннің негізгі тұжырымдарын бөліп алады;
– теріс қарым-қатынастың туу себептерін, ағза үшін пайда-
зиянын негіздейді.
Рефлексия. «Плюс, минус, қызықты»
«+» бағанына жақсы эмоцияларды тізіп жазу.
«–» бағанына түсініксіз, қиындық келтірілген нәрселерді
жазады.
«қызықты» (?) бағанына оқушылар өздерін қызықтырған,
білгісі келетін заттар туралы жазады.
Қосымша ақпарат.
Бәсекелестік – бір немесе бірнеше түрге жататын ағзалардың өзара қорек, тұрағы т.б.
ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым-қатынастардың көрінісі. Кезінде
Ч. Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғарғы формасы
ретінде бағалаған. Бұл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады. Мысалы,
кәдімгі шыршалардың өздігінен сиреуі немесе құмырсқалардың қырылу арқылы
популяциясын реттеуі жатады.
Түраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Ол бірде айқын білінсе,
бірде онша байқалмайды. Сондықтан эколог Г.Ф. Гаузенің зерттеулері бойынша, екі түрге
жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Оның біреуі белсенді түр
ретінде басымдылық көрсетіп, екіншісін ығыстырады немесе жойып жібереді. Бұл, әрине,
қоректік ресурсқа тәуелді болған жағдайда іске асады. Кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік
фактор арқылы емес басқа да (мінез-құлық, тұрағы үшін, аумақтық т.б.) факторлардың
жетіспеуінен де болады.
Жыртқыштың – қорек, аумақ т.б. ресурстар үшін бір-бірін өлтіру, қуу, жеу арқылы көрініс
береді. Жыртқыштық – түрлер арасында болатын қарым-қатынастардың ең жоғарғы формасы.
Жыртқыштық ағзалар үшін оңайға түспейді. Ол үшін жыртқыш жемтігін алдымен іздеп тауып,
ұстауы қажет. Ал жемтік өз кезегінде жауынан қорғану үшін жоғары бейімделушілік қасиетке
ие болады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы дамып, ағза бойында морфологиялық,
физиологиялық, биохимиялық т.б. өзгерістерге алып келді. Олар өсімдіктерде тікен, қабық,
жағымсыз иіс түрінде білінсе, жануарлар дүниесінде улы бездер, панцирлер, қорғаныс түстер,
мінез-құлқының өзгеруі, түрін өзгерту, денесінің кейбір мүшесін бөліп тастау, қашып кету,
жасырыну т.б. құбылыстар арқылы жүзеге асады. Тіпті құстар, түз тағылары сес көрсетіп,
қарсы шабу, қатты дыбыс шығаруға дейін бейімделген. Эволюция барысында кейбір
жыртқыштар жемтігін таңдап жеуге, екіншілері көпқоректілерге айналған. Мәселен, қасқыр
көпқоректі болса, ал кейбір құстар тек балықпен қоректенуге бейімделген.
Саралау – Сіз
қосымша
көмек
көрсетуді
қалай
жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті
жоғары
оқушыларға
тапсырманы
күрделендіруді
қалай
жоспарлайсыз?
Қосымша көмек керек оқушылар үшін:
Терминдермен жұмыс:
Арамтамақтық
Паразитизм
Нейтрализм
Жыртқыштық,
Бәсекелестік
Қабілеті жоғары оқушы:
Ағзалардың тізімін оқып, қарым-қатынастары
бойынша сәйкестендір.
Симбиотикалық топ:
Бәсекелестік топ:
Пәнаралық
байланыс
Қауіпсіздік және
еңбекті қорғау
ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
315
Жыртқыштық топ:
Комменсалды топ:
Ағзалар тізімі:
Жөке, емен, жоңышқа, инелік, ара,
ақсаңырауқұлақ, ханқызы, маса, бақа, кірпі, кәдімгі
қарағай, кәдімгі оқжылан, зауза қоңызының
дернәсілі, ішексорғы, ағаш қабығын құртушы
қоңыз, адам, тиін, қарға, тоқылдақ.
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар не
білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары тиімді
болды ма?
Мен берілген уақыт
ішінде үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма қандай
түзетулер енгіздім және
неліктен?
Рефлексия. «Бекітілді»
– Мен көп нәрсе үйрендім.
– Бұл маған өмірде керек болады.
– Сабақта ойландыратын нәрселер болды.
– Сабақта барлық сұрақтарға жауап алдым.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас
ерекшеліктеріне қарай жасақтау
САБАҚ: §58. Тірі ағзалардың
қоршаған орта жағдайларына
бейімделуі
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабаққа
негізделген оқу
мақсаттары
8.3.1.7 – тірі ағзалардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына
бейімделу механизмдерін түсіндіру
Барлық оқушылар:
Мәтіннің мазмұнын толық түсінеді, тірі ағзалардың қоршаған ортаға
бейімделуі – эволюцияның нәтижесінің бірі екендігін біледі,
терминдердің мәнін ашады.
Оқушылардың басым бөлігі:
316
Ағзалардың абиотикалық факторларға бейімделуін талдайды.
Ағзалардың абиотикалық факторларға бейімделуін мысалмен
сипаттап береді.
Кейбір оқушылар:
Ж.Б. Ламарк пен Ч. Дарвиннің бейімделу туралы айтқан пікірлерін
зерделеп, өздерінің көзқарасын білдіреді.
Сабақтың
құндылығы
Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Бағалау
критерийлері:
– Мәтінді түсініп, нақты ақпаратты таба алады.
– Бейімделушілік, адаптация ұғымын біледі.
– Ағзалардың температура, ылғалға байланысты бейімделушілігін мысал
арқылы дәлелдеу.
– Бейімделушіліктің ағза өмірін сақтап қалудағы маңызын болжайды.
– Ч. Дарвин мен Ж.Б. Ламарктің бейімделу туралы пікірлеріне баға беру.
Тілдік мақсат
Бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті
алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу
дағдылары)
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Адаптация, бейімделу, температура, жылу, ылғалдылық, қоршаған орта
жағдайлары
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Қалай ойлайсыңдар, бір түрге жататын, бірақ тіршілік ету ортасы екі түрлі
қарағайдың тамыр жүйесі бірдей болады ма? Мысалы, қарағай бірі таулы
аймақта, екіншісі – батпақта өссе.
/Бірдей болмайды, себебі олардың өсіп тұрған тіршілік орталары екі түрлі.
Батпақта өсетін қарағайдың тамыр жүйесі тереңге бойламайды, ал таулы
жерде өсетін қарағайдың тамыры суды тарту үшін тереңге кетеді/
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
Неліктен Қазақстанда пілдер, қолтырауындар өмір сүрмейді?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Жаңа терминдердің анықтамасын дәптерге түсіру
Алдыңғы оқу
«Ойланып, жауап бер»
Төменде келтірілген мысалдар тіршілікті сақтаудың қандай
стратегияларына жатады?
К және R стратегиялары
– Бунақденелілердің миллиондаған жұмыртқа салуы.
– Балықтардың уылдырықты өте көп шашуы.
– Ұрпақтың аз туылуы.
– Піл ұрпағының өлім-жітімінің аз болуы.
– Популяция көлемі тұрақты емес.
– Тез даму, тез көбею.
– Ұрпақтарының көлемі үлкен.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.
Топты қағаз қиындылары бойынша бөлу. Топ атына
байланысты топ мүшелері ойларын айтады. Сабақтың
тақырыбын табады.
317
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:
Ортасы
I. Оқулықпен жұмыс.
«Фотогалерея» стратегиясы
Мәтіннен суретке сәйкес келетін үзінділерді табу,
түсіндіру.
Дескрипторлар:
– Мәтіндегі негізгі ойды таба біледі.
– Фотосуреттерге сәйкес мәтін үзінділерін оқи отырып
тақырыпты меңгереді.
– Бейімделушіліктің абиотикалық факторларға байланысты
түрлерін анықтайды.
Оқулық
318
Кері байланыс:
«Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»
Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген балалар
өз қайығын Білім теңізіне жібереді, ал оған сенімсіз
балалар Ереже шығанағында қалады.
Сергіту:
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
• Алақанды уқалау.
• Қолды қысу.
• Білезіктен айналдыру.
Көзге арналған жаттығулар
• Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай
3– 4 рет айналым жаса.
Аяқталуы
Шығармашылық жұмыс
Кесте толтыру
Бейімделу-
шілік түрлері
Бейімделу-
шіліктің мәні
Мысалдар
Тіршілік
ету ортасы
Өсімдіктердің бейімделушілігі
Тозаңдануға
Тұқымның
таралуына
Жануарлардың бейімделушілігі
Жасырыну
үшін
Қорғаныш
үшін
Дескрипторлар:
– Мәтіннен алынған мәліметті әрі қарай дамытады.
– Бейімделушіліктің түрлерін мысалмен талдайды.
ІІ. Ғалымдарға хат
Ч. Дарвинге және Ж.Б. Ламаркқа хат жазу
Хат мазмұнында болу керек:
– Сіздің пікіріңізбен келісемін, шынымен де...
– Сіздің пікіріңізге қосатыным бар...
– Сіздің пікіріңізді құптамаймын, себебі...
Дескрипторлар:
– Ч. Дарвин мен Ж.Б. Ламарктің бейімделу туралы
пікірлеріне баға береді.
– Өз пікірін қорғай біледі.
319
Қосымша ақпарат.
Абиотикалық факторлар дегеніміз – ағза тіршілігіне әсер ететін өлі табиғат факторлары.
Оларға ылғал, температура, жарық, ауа, оның құрамы т.б. әртүрлі өлі табиғат құрауыштары
жатады. Температура – экологиялық фактор. Дене температурасының сипатына қарай барлық
ағзаларды екі топқа бөледі: пойкилотермді (дене температурасы қоршаған ортаның
температурасына тәуелді өзгеріп отырады) және гомойотермді (дене температурасы тұрақты
ағзалар). Пойкилотермді топқа барлық омыртқасыздар, омыртқалылардың балықтар,
қосмекенділер және бауырымен жорғалаушылар жатады. Гомойотермді топқа құстар мен
сүтқоректілер жатады. Бұл ағзалар қоршаған орта температурасына тәуелсіз дене
температурасын реттеп отырады. Өсімдіктер температураға байланысты жылу сүйетіндер
және суыққатөзімділер деп бөлінеді. Жылусүйгіштерге жүзім, шабдалы, өрік, алмұрт т.б.
жатса, ал суыққа төзімділерге мүктер, қыналар, қарағай, шырша, самырсын т.б. жатады.
Саралау – Сіз
қосымша
көмек
көрсетуді
қалай
жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті
жоғары
оқушыларға
тапсырманы
күрделендіруді
қалай
жоспарлайсыз?
Қосымша көмек керек оқушылар үшін:
Сұрақтарға жауап бер.
Неге керіктің /жираф/ терісі жолақ?
Неге керіктің мойыны ұзын?
Балыққа жүзбеқанаттар не үшін керек?
Қабілеті жоғары оқушы:
Импала бұғысының тіршілік ету ортасын сыртқы
келбетінен қарап анықтауға болады ма?
Жауабыңды дәлелде.
Пәнаралық
байланыс
Қауіпсіздік және
еңбекті қорғау
ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары шынайы
ма?
Бүгін оқушылар не
білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт
ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім және
неліктен?
Кері байланыс:
Кемпірқосақ
Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған
стикерлерді желімдейді. Олар ең төменгі қызыл түстен ең
жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы
өздерінің сабақтағы түсінік деңгейін білдіреді.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану
320
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас
ерекшеліктеріне қарай жасақтау
САБАҚ: §59. Адамның
табиғаттағы рөлі
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа
негізделген оқу
мақсаттары
8.3.2.1 – биологиялық әртүрлілікті сақтау және қолдау қажеттілігінің
себептерін негіздеу;
8.3.2.2 – Дүниежүзілік тұқым қорының маңызын бағалау.
Барлық оқушылар:
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, адамның табиғатқа тигізетін әсерін
біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:
Адам әсерінен болатын табиғаттағы өзгерістерді жүйелейді,
себептерін анықтайды;
Биологиялық алуантүрлілікті сақтау жолдарын қарастыру, жасалып
жатқан жұмыстарды зерделеу;
Дүниежүзілік тұқым қоры туралы талдау.
Кейбір оқушылар:
Табиғат ресурстарын үнемді пайдаланудың маңызына баға беру.
Сабақтың
құндылығы
Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Бағалау
критерийлері:
– Адамның іс-әрекетінің табиғатқа тигізетін әсерін талдайды;
– Табиғатқа тигізетін әсер себебінен болатын проблемаларды жүйелейді;
– Табиғатты сақтаудың жолдарын қарастырады;
– Дүниежүзілік тұқым қорының ұйымдастырылуының себебін болжайды;
– Табиғат ресурстарын тиімді қолданудың маңызына баға береді.
Тілдік мақсат
Бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті
алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу
дағдылары
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Дүниежүзілік тұқым қоры, озон қабаты, қышқыл жаңбыр, биологиялық
алуантүрлілік
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Кейбір ғалымдардың болжауы бойынша егер де табиғатты дәл осылай
ластайтын болсақ, ХХІ ғасыр соңына қарай жер бетінде біраз түрлер
321
жойылады екен. Бір түрді жоғалту арқылы адам тағы нені жоғалтуы
мүмкін?
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
Неліктен тұрғын үй маңындағы тұрмыстық қоқыс үйінділері қауіпті?
/ тұрғын үй жанында төгілген қоқыстың қауіпті болу себебі: жұқпалы ауру
тарататын жәндіктерді, қарғалар, кептерлер, көртышқандарды, бұралқы
иттер мен мысықтарды үйір етеді. Шіріген қалдықтар – ауру тудыратын
бактериялардың дамитын ортасы. Сымдар, сынықтар жарақат алуға
себепкер болады. Қоқыс – ауаның, судың, топырақтың ластануына алып
келеді/
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың жолдарын дәптерге түсіру
Алдыңғы оқу
«Ойды жинақтау» жаттығуы
– Екі ағзаның арасындағы қарым-қатынастардың түрлерін теориялық түрде
былай көрсетуге болады: (+), (– ), (0) – мұндағы, (+) – ағзалар үшін
жағдайдың жақсаруы, (–) – оның нашарлауы, (0) – араларында айтарлықтай
өзгерістердің болмауы. Төменде берілген биотикалық қарым-қатынастардың
тұсына мысалдар келтіре отырып, белгілерді қойыңыздар.
Жыртқыштық ___________________________________________________
Симбиоз (селбесу) ________________________________________________
Аменсализм ____________________________________________________
Комменсализм __________________________________________________
Бәсекелестік ____________________________________________________
Паразитизм т.б. ______________________________________________
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.
Сынып оқушылары отбасындағы бала саны бойынша тақ
және жұп сандар арқылы «Табиғат жанашырлары»,
«Табиғат сақшылары» топтарына бөлінеді. Әр топ
өздерінің атына байланысты ой айтады.
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:
Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап
отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы
адамсың, – деп бір-біріне сенімдерін білдіреді.
«Миға шабуыл»
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ деген сөзді қалай
түсінесіңдер?
Ортасы
І. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді «кемпірқосақ» әдісімен меңгертеміз.
Оқулық
322
Ұйымдастыру:
Топта қозғалуға және талқылауға орын қалдыра отырып
орналасады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Оқушылар мәтінді талқылау үшін (бұл «бастапқы топ»)
тақырып бойынша топтарға бөліп отырғызылады.
Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп, тиісінше
қайтадан топқа бөледі. Жаңа топтар «бастапқы топ»
қатысушыларынан тұрады. Кейін оқушылар жаңа топта не
талқылағандарын айту үшін «бастапқы топқа» қайта
оралады. Бұл одан әрі талқылауға түрткі болады.
Дескрипторлар:
– Мәтінді толық меңгеріп, адамның табиғаттағы рөлін
айқындайды.
– Табиғатқа тигізетін антропогендік әсердің пайдасы мен
зиянын зерделейді.
– Биоалуантүрлілікті сақтаудың жолдарын қарастырады.
Сергіту сәті. «Мойын бұлшық етіне арналған
жаттығу»
– Басты солға бұру, оң жақ бұлшық етін қатайту, қалпына
келтіру.
– Басты оңға ию, сол жақ мойын бұлшық етін қатайту,
қалпына келтіру.
– Басты алға қарай ию, мойынның арқа бөлігіндегі бұлшық
еттерді қатайту, бастапқы қалпына келтіру.
Рефлексия. «Плюс, минус, қызықты»
«+» бағанына жақсы эмоцияларды тізіп жазу.
«–» бағанына түсініксіз, қиындық келтірілген нәрселерді
жазады.
«қызықты» (?) бағанына оқушылар өздерін қызықтырған,
білгісі келетін заттар туралы жазады.
ІІ. «Кесте толтыру»
Биологиялық
алуантүрлі-
ліктің
азаюына
алып келетін
факторлар
Жойылу қаупі
бар ағзалар
Жойылған
түрлер
Дескрипторлар:
– биоалуантүрліліктің азаюына алып келетін факторларды
талдайды;
– биоалуантүрлілікті қорғау шараларын қарастырады;
– экологиялық апат қауіптерін болжайды;
– экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуының себептерін
анықтайды.
323
Аяқталуы
Табиғатта сезім де, құлақ та бар,
Ренжітсең қайғырып жылап та алар.
Аяласаң жаныңа шуақ шашар,
Қажығанда бойыңа қуат болар.
Осы өлең жолдарын негізге ала отырып, «Табиғат– тіршілік
нәрі» тақырыбына эссе жазу.
Дескрипторлар:
– табиғат ресурстарын үнемді пайдаланудың маңызына баға
береді;
– антропогендік фактордың тигізетін әсерін жүйелейді.
Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі
• Оқушыларға сабақ басында екі түсті «алма» береді. Сабақ
соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма –
мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, менің
көңіл күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы
орындай алмадым, көңіл күйім жоқ.
Қосымша ақпарат. Ғалымдардың деректері бойынша Қазакстанда 180 млн га мал
жайылымының 30 млн га алқабы мал тұяғынан тозаңы шықты, 50 млн га жер су
тапшылығынан жарамсыз күйге ұшырады. Бірнеше жылдың ішінде еліміздің солтүстік
аймақтарындағы шұрайлы жерлер эрозияға (желдің әсерінен) ұшырап, не егін егуге, не мал
жайылымына жарамай қалды. Мұндай мысалдарды Жер шарының басқа аймақтарынан да
келтіруге болады. БҰҰ сарапшыларының мәліметі бойынша, Жер шарындағы құрлықтың 30%
алқабы қазіргі кезде техногендік әсерден шөлді аймаққа айналған. Бұл көрсеткіш жыл сайын 6
млн г-ға өсіп отырғаны да белгілі.
Өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде жылына 100
млрд т-дан астам тау жыныстары қопарылады. Осы жер қойнауынан алынатын шикізаттың бар
болғаны 10%-ы дайын заттар жасауға жұмсалады да, қалған 90%-ы жарамсыз қалдықтарға
айналады.
Адамның ойланбай жасалған іс-әрекеттерінің әсерінен жануарлардың көптеген түрі
жойылған. 1600 жылдан бастап қазіргі кезге дейін құстардың 162, сүтқоректілердің 100-ге
жуық түрі біржола жойылып кеткен. Олардың көпшілігінің жойылуына тікелей адамдардың
шектен тыс аулауы әсер еткен.
Кейде өсімдіктер мен жануарларды бір жерден екінші жерге алдын ала ойланбай
жерсіндіру де пайдалы бола бермейді. Мысалы, Австралия жерінде жабайы қояндардың
көбейіп кетуі, кактустың қаптап өсуі ауылшаруашылығына орасан зор зиян келтіруде.
Қоршаған ортаның өнеркәсіп орындарынан, көліктерден, тұрмыстық қажетінен
бөлінген улы газдардан ірі қалалардың ауасы ластануы кең өріс алуда.
Достарыңызбен бөлісу: |