А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет29/35
Дата30.10.2019
өлшемі11,94 Mb.
#50823
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Байланысты:
Биология 8 сынып. Оқыту әдістемесі


Тілдік мақсат 
 
Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдaрын қолдануға қажетті 
айтылым-жазылымға сәйкес жұмыс тілін қалыптаcтыру (мысалы, 
топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және 
пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестер) 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Жыныссыз көбею, жынысты көбею, партеногенез, ұрықтану, жұмыртқа 
жасушасы, сперматозоид. 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
 Амеба қалай бөлінеді? Қарапайымдардың бөлінуін неге жыныссыз көбею 
түріне жатқызады? 
Сіз неліктен...  екенін айта аласыз ба? 
Неліктен бүршіктенуді жыныссыз көбеюге жатқызады? Бүршіктенудің 
артықшылығы мен кемшілігі неде?  
 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
267

 
Жыныссыз және жынысты көбеюді салыстыру кестесі дәптерге түсіріледі. 
Алдыңғы оқу 
«Кім жылдам?» стратегиясы   
Барлық оқушыға ортақ сұрақтар қойылады. 
1. 
• Митоздық бөлінуде хромосома жиынтығының саны өзгере ме? 
2. 
• Митоздық бөліну қандай жасушаларда жүреді? 
3. 
• Митоздың биологиялық маңызы? 
4. 
• ДНҚ молекуласы еселенуінің мәні неде? 
5. 
• Мейоз қандай жасушаларда жүреді? 
6. 
• Мейоз нәтижесінде не пайда болады? 
7. 
• Амитоз қандай ағзаларда жүреді? 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Топқа бөлу әдісі: «Жұбыңды тап» 
Әр оқушының арқасына түйрегішпен немесе скотчпен 
қағаз бекітіледі. Қағазға сыңарлары бар әдеби 
кейіпкерлердің, дуэт әншілердің бір есімі жазылады. 
Оқушылар сынып ішін аралап жүріп өз сыңарларын 
табады. 
Сынып осы әдіс арқылы  «Жынысты көбею», 
«Жыныссыз көбею» топтарына бөлінеді. Әр топ 
өздерінің атының сабаққа байланысын болжайды.  
     Екі топқа да ортақ «Көбею» деген сөзге ассоциация 
құрады. 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
«Сенімділік» жаттығуы 
Оқушыларға жүрекше пішіндес қағаз беріледі. Олар екі 
беттен тұратын жүрекшелердің бір жағына жағымды, бір 
жағына жағымсыз қасиеттерін жазады. Жағымсыз 
жақтарын осымен кетсін дегендей қоқыс жәшігіне 
тастайды. Ал жағымды жақтары жазылған жүрекшені 
кеуделеріне іліп қояды.  
 
 
 
 
Ортасы 
І. Оқулықпен жұмыс.  
«Бағытталған оқу» стратегиясы бойынша топтарға өз 
атына байланысты тақырыпшаларды бөліп беру.  
Жеке жұмыс –  тақырыпшалар бойынша мәтінді өз бетімен 
меңгеру. 
Жұппен жұмыс –  оқығандарын талдайды. (Диалог) 
 
Дескрипторлар: 
–  Мәтінді  тақырыпша бойынша толық меңгеріп, көбеюдің 
формаларын біледі.  
–  Көбеюдің түрлерін сипаттайды. 
 
Сергіту сәті «Эмоциялық жаттығу» 
Шаршадым «УҺ» дедім. 
Ренжідім «ТуҺ» дедім. 
Қорықтым «Ой» дедім. 
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
268

 
Өкіндім «АҺ» дедім. 
Шарасыз «ЕҺ» дедім. 
Таңырқап «Оо» дедім. 
Кейідім «Е!» дедім. 
Қуанып «Ха– ха– ха» дедім. 
 
Рефлексия. «Өз сөзімнің дәлелі» 
1. Сабақта мен жұмыстандым... себебі.... 
2. Сабақта мен өз жұмысыммен.... 
3. Маған сабақ.... 
4. Сабақ бойы мен.... 
5. Менің көңіл күйім.... 
6. Сабақ материалдары мен үшін.... 
ІІ. Салыстыру кестесі 
 
 
Дескрипторлар: 
– Көбеюдің түрлерін салыстырады,  ерекшеліктерін 
зерделейді; 
– Ағзаларды көбею түрлері бойынша жүйелейді; 
– Көбеюдің маңызына баға береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аяқталуы 
«Жұбын тап» әдісі. 
 Әр топқа не жауабы бар, не сұрағы бар қағаздар 
таратылады. Оқушылар топ ішінде сәйкес сұрақ пен 
жауапты  іздейді. 
Таратылатын қағаздар: 
1-топ: 
– ең ежелгі көбею түрі /жыныссыз/; 
– жыныссыз көбеюде түзілмейді /гаметалар/; 
– митоз жолымен бөліну арқылы көбейеді /қарапайымдар/; 
– бүршіктену арқылы көбейеді /гидра/; 
– көбеюдің биологиялық маңызы /ұрпақтар жалғастығы/. 
2-топ: 
– ең бірінші жыныссыз жолмен көбейген ағзалар 
/бактериялар/; 
– жынысты жолмен көбейгенде түзіледі /гаметалар/; 
– қосжыныстылық дегеніміз /партеногенез/; 
– жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтың қосылуы 
/ұрықтану/. 
Дескрипторлар: 
– Мәтіннен алған білімді пайдалана алады; 
– Тапсырманы нақты, уақытымен орындайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
269

 
Рефлексия. «Плюс, минус, қызықты» 
«+»  бағанына жақсы эмоцияларды тізіп жазу. 
«–» бағанына түсініксіз, қиындық келтірілген нәрселерді  
жазады.  
«қызықты»  (?) бағанына оқушылар өздерін қызықтырған, 
білгісі келетін заттар туралы жазады
Қосымша  ақпарат.  Көбеюдің биологиялық мәні – ұрпақтар жалғасуы арқылы белгілі бір ағза 
түрінің сақталуы болып табылады. Көбеюдің түрлері. Өсімдіктер сияқты жануарлар да екі 
түрлі жолмен (жыныссыз және жынысты) көбейеді. Жыныссыз жолмен көбейгенде ұрпақ бір 
ғана ағзаның денесінен пайда болып, өсіп, дамып, жетіліп, өздігінен тіршілік ете алады. 
Жыныссыз жолмен көбею жануарлар әлемінде де көп кездеседі. Мысалы: эвглена, амеба 
сияқты біржасушалы қарапайымдардың көбеюін еске түсірелік. Бұлардың әрқайсысының 
денесі (бір ғана жасуша ғой) екіге бөлінуі арқылы көбейеді. 
Суқоймаларында қоректік зат көп болатын жылдың жайма-шуақ жылы мезгілінде гидра да 
бүршіктену арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Ең алдымен, оның денесінде бүршік пайда 
болады. Ол біртіндеп ұзарып өседі де, осы өсіндінің ұшында қармалауыштар, олардың 
ортасында ауыз пайда болады. Жас гидра алғашқы кезде аналық гидрадан бөлініп кете 
қоймайтындықтан, соның есебінен қоректенеді. Әбден өсіп жетілген соң одан үзіліп, өз алдына 
тіршілік етеді. Гидрада осындай бүршіктің пайда болуы, өсуі өсімдіктің бүршіктенуімен ұқсас. 
Сондықтан гидраның жыныссыз жолмен көбеюін бүршіктену дейді. 
Жануарлар жынысты жолмен көбею кезінде міндетті түрде екі жыныс жасушасы: аналық 
жыныс жасушасы немесе жұмыртқа және аталық жыныс жасушасы немесе сперматозоид 
қатысады. Жыныс жасушаларын гаметалар деп атайды. Аналық гамета (жұмыртқа) мен аталық 
гамета (сперматозоид) өзара қосылып, жаңа бір жасуша түзіледі. Көп жағдайда аталық гамета 
аналық гаметаға түсіп қосылады. Сондықтан жаңа жасушаны ұрықтанған жұмыртқажасуша 
немесе зигота дейді. Осы зигота дамып, өсіп, жаңа жас ағзаға айналады.  
Саралау – Сіз 
қосымша көмек 
көрсетуді қалай 
жоспарлайсыз? 
Сіз қабілеті 
жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Жынысты және жыныссыз көбею үрдістері 
арасындағы негізгі айырмашылық неде? 
 Жынысты және жыныссыз көбеюдің 
артықшылығы және кемшілігі неде? 
 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Гермофродит құрттардың көбеюін неге 
жынысты көбею түріне жатқызады?  
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу мақсаттары 
шынайы ма?  
Бүгін оқушылар не білді?  
Сыныптағы ахуал қандай 
болды?  
Мен жоспарлаған саралау 
шаралары тиімді болды 
ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? Мен 
өз жоспарыма қандай 
түзетулер енгіздім және 
неліктен? 
 
Рефлексия. «Бекітілді» 
–  Мен көп нәрсе үйрендім. 
–  Бұл маған өмірде керек болады. 
–  Сабақта ойландыратын нәрселер болды. 
–  Сабақта барлық сұрақтарға жауап алдым. 
 
 
270

 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар   
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру  
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  мен  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды 
жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
САБАҚ:  §47.  Споралы 
өсімдіктердің тіршілік циклі 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары 
8.2.1.2 – мүктер мен қырықжапырақтардың мысалдарында жынысты және 
жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру. 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, споралы өсімдіктерді біледі, 
гаметофит, спорофит терминдерінің мәнін ашады. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Мүктер мен қырықжапырақтәріздестердің тіршілік циклімен 
танысады, оны сипаттап бере алады, салыстырады. 
Кейбір оқушылар: 
 
Споралы өсімдіктер үшін спораның маңызына баға береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
– Гаметофит, спорофит ұғымдарының мәнін ашады; 
– Споралы өсімдіктерді жүйелейді; 
– Споралы өсімдіктер мүктер мен қырықжапырақтәріздестердің тіршілік 
циклін салыстырады, ерекшеліктерін айқындайды; 
– Олардың тіршілік цикліндегі гаметофит пен спорофиттің үстемдігін 
табады; 
– Спораның маңызына баға береді. 
 
Тілдік мақсат 
  Oқушылaрдың тілдік дaғдының төртеуін де түрлі әрекeттерде 
(мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, 
тыңдалым-жазылым және т.б.) әртүрлі мaқсаттарға қол жeткізу үшін 
қолдану 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Спора, споралы өсімдіктер, гаметофиттер, спорофиттер, гаплоид, диплоид 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Спорофиттің жыныссыз ұрпақ екендігін топта талдап, дәлелдеп беріңдер. 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
271

 
Неліктен споралар үнемі гаплоидты болады? 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Терминдердің түсініктемесін дәптерге түсіру 
Алдыңғы оқу 
Сәйкестендір 
1.  Спора түзу 
А. Теңіз жұлдызы 
2.  Бүршіктену 
Ә. Амеба 
3.  Қынамаланып 
Б. Саңырауқұлақ 
4.  Өсімді көбею 
В. Таңқурай 
5.  Тікелей бөліну 
Г. Бактерия 
6.  Үзбелену 
Ғ. Гидра 
7.   Жынысты көбею 
  Е. Түлкі 
1Б  2Д   3Г   4В    5Ә   6А 7.Е 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Топқа бөлу әдісі: «Математикалық фигуралар» 
Сынып осы әдіс арқылы,   «Гаметофит», «Спорофит», 
топтарына бөлінеді. Әр топ өздерінің атының сабаққа 
байланысын болжайды.  
 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
«Мен сенен үйренемін» жаттығуы 
Қатысушылар  бір-біріне  еркін  түрде  «Мен  сенен 
үйренемін...»  сөзін  айтып  доп  лақтырады.  Айтып  тұрған 
оқушы  допты  бағыттаған  оқушының  бойынан  өзі  ерекше 
бағалайтын  жеке  қасиетін  айтады.  Допты  қағып  алған 
оқушының  міндеті  –  айтылған  ойды  құптамас  бұрын  «иә, 
менен... (сыпайылықты) үйренуге болады» немесе «иә, мен 
үйрете аламын» деп айтуы. Сосын допты басқа қатысушыға 
бағыттап ары қарай жалғастырады. 
 
 
 
 
Ортасы 
І. Оқулықпен жұмыс.  
 Мәтінді меңгеру 
ІNSERT немесе түртіп алу стратегиясы  
Қолдарына қарындаш алып, « » –  білемін, «+» –  
білмеймін, «–»  –  мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені 
таңғалдырды –  деген белгілерді қойып отырып мәтіннің 
мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз 
ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды 
әдіс. Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін топта 
талқылайды 
 
Дескрипторлар: 
– Мәтінді толық меңгеріп, жеке, топтық жұмыс 
тапсырмасын толық орындайды. 
– Споралы өсімдіктерді жүйелейді. 
– Мәтінде кездесетін терминдердің мәнін ашады. 
– Өсімдіктердің тіршілік циклімен танысады. 
Сергіту   сәті.  Қимыл-қозғалыс жаттығуы 
Аттар шауып барады /Қолдарын сандарына шапалақтау/ 
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
272

 
Алда бір кедергі /Алақанды бір-біріне соғу/ 
Аттар шауып барады /Қолдарын сандарына шапалақтау/ 
Шөппен шауып барады /Алақанды бір-біріне үйкелеу/ 
Аттар судан өтті /Ауыздарына ауа толтырып, ұрттарын 
саусақтарымен ұру/ 
Аттар көпірмен өтті /Аяқтарын еденге ұру/ 
Аттар шауып барады /Қолдарын сандарына шапалақтау/ 
Рефлексия. «Кері байланыс бутерброды» 
бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын 
айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аяқталуы 
«Суреттер сөйлейді» стратегиясы 
Суретте не көріп тұрсың, түсіндіріп бер. 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дескрипторлар: 
– Берілген өсімдіктердің 
тіршілік циклін 
салыстырады, 
ерекшеліктерін 
айқындайды. 
– Споралы өсімдіктер үшін спораның маңызына баға 
береді. 
 
Рефлексия. «Стикер жапсыру» 
Стикерлерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңдер 
Мен нені үйрендім?  
Маған не қиын болып көрінді?  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
273

 
Не күрделі болды?  
Мен енді нені үйренгім келеді?  
Қосымша  ақпаратМүктердің көбеюі. Жаздыгүні жасыл мүктің сабағының жоғары ұшында 
жіңішке  сағақты  қызғылт-қоңыр  түсті  қауашық  өсіп  шығады,  қауашықтың  ішінде  майда 
споралар  болады.  Қауашықтың  сыртын  қалпақша  жауып  тұрады,  ол  спораны  құрғап  кетуден 
сақтайды.  Споралар  піскен  кезде  қалпақша  түсіп  қалады,  қауашықтың  қақпағы  ашылып, 
споралар  сыртқа  шашыла  бастайды.  Дымқыл  жерге  түскен  споралар  тез  өніп,  тарамданған 
жіңішке жасыл түсті жіпшелер – өскін пайда болады. Осы жіпше тәрізді өскіндерге бүршіктер 
шығып, ол бүршіктерден жапырағы мен сабағы бар жас көкек мүгі өсіп шығады. Көкек мүгі – 
дара  жынысты.  Бір  өсімдіктің  ұшында  аталық  жыныс  жасушалары  жетілсе,  екінші  өсімдікте 
аналық  жасушасы  жетіледі.  Жаңбыр  жауған  кезде  аталық  жыныс  жасушасы  сумен  ағып, 
аналық  жыныс  жасушасымен  қосылып,  ұрықтанады.  Ұрықтанған  жасушадан  қауашақ  өсіп 
шығады. Спорадан өніп шыққан жасыл жіпше – өскіннің жіп тәрізді балдырларға ұқсас болуы, 
жынысты  көбеюдің  тек  сулы  ортада  жүруі  мүктердің  ертедегі  жіп  тәрізді  балдырлардан 
шыққанын дәлелдейді.   
Саралау – Сіз 
қосымша көмек 
көрсетуді қалай 
жоспарлайсыз? Сіз 
қабілеті жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Терминдердің мәнін ашады: 
Гаметофит 
Спорофит 
Зигота 
Гаплоид 
Диплоид 
Өскінше 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Гаметофит пен спорофиттің негізгі 
ерекшеліктерін тұжырымда 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу мақсаттары 
шынайы ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары тиімді 
болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? Мен 
өз жоспарыма қандай 
түзетулер енгіздім және 
неліктен? 
Рефлексия. «Рефлексиялық нысана» 
 
 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  мен  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды 
жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
274

 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
САБАҚ:  §48.  Ашық және 
жабықтұқымды өсімдіктердің 
тіршілік циклі 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары 
8.2.1.3 – ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік 
циклінің ерекшеліктерін түсіндіру 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, ашық және жабық тұқымды 
өсімдіктердің ерекшеліктерін біледі, олардың споралы өсімдіктерден 
айырмашылығын түсінеді. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Жабық және ашық тұқымды өсімдіктердің өзіндік ерекшеліктерін 
зерделейді, ортақ белгілерін табады. 
 
Жабық және ашық тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклдерін 
талдайды, гаметаларының түзілуін түсіндіре алады. 
Кейбір оқушылар: 
 
Қосарлана ұрықтанудың биологиялық маңызына баға береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
– Тұқымды өсімдіктердің ашықтұқымды өсімдіктер және жабықтұқымды 
өсімдіктер деп бөлінетінін біледі. 
– Олардың споралы өсімдіктерден айырмашылықтарын жүйелеп 
анықтайды. 
– Тұқымды өсімдіктерге тән белгілерді қарастырады. 
– Ашық және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршіліктерін  талдайды, 
салыстырады, кездесетін терминдерді түсіндіріп бере алады. 
– Қосарлана ұрықтанудың биологиялық маңызына баға береді. 
Тілдік мақсат 
 
Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа 
 аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті 
терминология мен тіркестері бар лексика) 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Ашықтұқымды өсімдіктер, жабықтұқымды өсімдіктер, қосарлана ұрықтану, 
мегаспорофит, мегагаметофит, микроспорогенез, микрогаметогенез, 
генеративті жасуша, вегетативті жасуша 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Қарағайдың аналық бүрі мен аталық бүрінің ерекшеліктерін талқылап атап 
беріңдер. 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Неліктен қылқанжапырақтылар ашықтұқымды өсімдіктер бөліміне жатады?  
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Терминдердің түсініктемесін дәптерге түсіреді. 
Алдыңғы оқу 
«Адасқан тұжырымдар» жаттығуы 
Дұрыс тұжырымдарды белгілеп шығыңдар: 
275

 
– Мүктер төменгі сатыдағы өсімдіктер. 
– Мүктердің өткізгіш, тірек ұлпалары нашар жетілген. 
– Мүктердің тіршілік циклінде гаметофит басым. 
– Мүктің қауашағы жасыл түсті. 
– Қырықжапырақтың өткізгіш ұлпасы нашар жетілген. 
– Қырықжапырақтың тіршілік циклінде спорофит басым. 
– Қырықжапырақтардың жапырақтарының астында сорустар бар. 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Топқа бөлу әдісі: «Түсті ленталар» 
Сынып осы әдіс арқылы  «Ашықтұқымдылар», 
«Жабықтұқымдылар» топтарына бөлінеді. Әр топ 
өздерінің атының сабаққа байланысын болжайды.  
 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
«Өзіме тілек» жаттығуы 
Әр оқушы өзіне тілек ойлап табуы керек. Әрбір оқушы 
өзінің ойластырған тілегін оң жақтағы оқушыға дауыстап 
айтады және осыны да саған тілеймін дейді. Тілекті 
қабылдаған оқушы әрі қарай жалғастырады. 
 
 
 
Ортасы 
І. Оқулықпен жұмыс.  
1-топ: Мәтінді оқып, ПОПС стратегиясын қолданып 
жауап береді. 
П – позиция /сенің ұстанымыңның қорытындысы/ – біздің 
ойымызша... 
О – обоснование /сенің ұстанымыңды қолдайтын негіз/ – 
Себебі, біз оны... деп түсіндіреміз 
П– пример /мысал/ – оны біз... деген мысалдармен дәлелдей 
аламыз 
С– следствие /қорытынды/ – осыған байланысты біз... 
деген.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет