А. Сухомлинский Талдау түрлері



Дата08.01.2017
өлшемі11,52 Kb.
#6494
түріСабақ
  • Сабаққа педагогикалық талдау жасау.
  • «Сабақ – мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы»
  • А. Сухомлинский

Талдау түрлері:

  • Талдау түрлері:
  • 1. Дәстүрлі талдау
  • 2. Әдістемелік талдау
  • 3. Салыстырмалы талдау
  • 4. Мақсаттық талдау
  • 5. Психологиялық талдау
  • 6. Дәстүрлі емес сабақты талдау (дебат сабағы, әңгіме- сабақ, аукцион сабағы т.б)
  • 7. Жаңа технология бойынша құрылған сабақты талдау
  • 8. Панорамалық сабақты талдау.
  • 9. Дидактикалық талдау.
  • 10. Кешендік талдау.
  • Оқушы мектепте оқыған кезде
  • 10 000 сабаққа қатысады.
  • Мұғалім өзінің еңбек жолында
  • 25 000 сабақ береді.
  • Мұғалім 1 жылда 70-80 сабаққа қатысу керек.

Дәстүрлі талдау

  • Дәстүрлі талдау
  • Сабақ құжаттарын дайындауы.
  • Пәнін білу дәрежесі және педагогикалық шеберлігі.
  • Пән аралық және пән бойынша байланыстың іске асуы.
  • Техникалық оқу құралын қажетіне қарай пайдалануы.
  • Уақытты тиімді пайдалану.
  • Әдістемелік талдау
  • Сабақтың мақсаты мен міндетін қоя білуі.
  • Оқушыларды ынталандыра білуі.
  • Сабақтың мақсаты мен міндетін орындауы.
  • Оқушылармен кері байланысты тиімді пайдалануы.
  • Оқытудың технологиясын дұрыс таңдауы, оның оқушының жасы мен дамуына сәйкестігі.
  • Оқытудың ғылымилық қағидасының сақталуы.
  • Қолданған әдіс-тәсілдерінің тиімділігі.
  • Үй тапсырмасы көлемінің тиімділігі және оны оқушыға жеткізу әдістемелігі.

Психологиялық талдау

  • Психологиялық талдау
  • Қазіргі заманғы дамыту сабақтарының барлық талаптарына жауап беруі .
  • Уақытты тиімді пайдаланып, өз тәжірибесін теориялық тұрғыда негіздеуі және сабақ үзінділерін көрсете білуі.
  • Әңгіме мазмұны, сызбалар, көрнекі құралдар және басқа дидактикалық материалдар арқылы көрсетілуі.
  • Педагогтың өз сабақтары жүйесінде тәжірибенің негізгі идеяларын ерекшелеуге ұмтылысы, кейбір элементтерін (оқыту әдістері мен тәсілдерін) көрсетуі.
  • Панорамалық сабақты талдау
  • Қазіргі заманғы дамыту сабақтарының барлық талаптарына жауап беруі .
  • Уақытты тиімді пайдаланып, өз тәжірибесін теориялық тұрғыда негіздеуі және сабақ үзінділерін көрсете білуі.
  • Әңгіме мазмұны, сызбалар, көрнекі құралдар және басқа дидактикалық материалдар арқылы көрсетілуі.
  • Педагогтың өз сабақтары жүйесінде тәжірибенің негізгі идеяларын ерекшелеуге ұмтылысы, кейбір элементтерін (оқыту әдістері мен тәсілдерін) көрсетуі.

Сабақты салыстырмалы талдау

  • Сабақтың жалпы қысқаша мінездемесі. Мақсаты, міндеті, кезеңдері, құралдары, әдіс-тәсілдері, оқыту формалары.
  • Сабақты басқа сабақтармен (бүкіл бөліктегі, тараудағы, жылдағы) салыстыру.
  • Сабақтың басқа пәндермен байланысы.
  • Сабақтың сабақтан тыс оқушылардың тәрбие, дамыту іс-әрекетімен байланысы.
  • Сабақ мазмұнының аймақ, қала, ауыл, еліміз өмірімен, оқушыларды қоршаған орта, жанұясымен байланысы.
  • Жаңа материалдарды беру, меңгеру кезеңдерін ұйымдастырудағы және үйде материалдарды меңгерудегі өз бетінше орындайтын жұмыстардағы ілгерілеу.
  • Оқытуда құралды, әдістемелік тәсілдерді қолданудағы прогрессия. Оқулық пен басқа көздерден алынған қосымша материалдардың үйлесімділігі.
  • Сабақтар барысында жеке оқушыларға көңіл аударуды жүзеге асыру. Бақылау динамикасы.

Сабақты талдау

  • 1. Сабақтың үш мақсатының орындалуы.
  • а) білімділік мақсат – нақты тақырып бойынша.
  • ә) тәрбиелік мақсат – тәрбиенің кешенді берілуі немесе бір тәрбиенің ерекше көрінуі.
  • б) дамытушылық мақсат – баланың іс-әрекетте белсенділігінің артуы.
  • 2. Сабаққа қойылатын талаптың орындалуы.
  • 3. Сабақтың түріне қарай құрылымдық сәттердің жүзеге асуы.
  • 4. Сабаққа қатысушының арнайы тақырыбын бақылауы.

Сабақ жоспарын жасаудағы талаптар

  • 1. Тақырыбы:
  • 2. Мақсаты:
  • а) дамытушылық
  • ә) тәрбиелік
  • б) жалпы білімділік
  • 3. Күнделікті жоспарды жасаудағы градация – күрделендіру.
  • а) ұйымдастыру кезеңі
  • ә) тіл дамыту
  • б) жаңа тақырыпты енгізу, сол бойынша жұмыс
  • в) бекіту
  • г) үй тапсырмасы (үйге берілген тапсырма,
  • өтілген сабақтың 30 пайызынан көп не аз болмауы керек)
  • д) балалардың жұмысын бағалау
  • 4. Дидактикалық принциптер:
      • 1. Жай және күрделі
      • 2. Жүйелілігі
      • 3. Белсенділігі
      • 4. Білімділігі
      • 5. Көрнекілігі
      • 6. Коммуникативті бағдары
      • 7. Даралап оқыту
      • 8. Жеке дара оқыту

Сабақ беру кезеңіндегі талаптар

  • Тақырыпты жоспарлау
  • Сабақ жоспары
  • Өз білімін көтеру жоспары
  • Жаңа бағдарламаның мазмұнын меңгеру жоспары
  • Сабақтың мақсатын айқындай білуі
  • Сабақ мақсатына қарай мазмұндай білу қабілеті
  • Түрлі әдіс қолдана білу қабілеті
  • Бағдарлама бойынша тәжірибе жұмыстарының өтілу барысы.
  • Сабаққа қызығушылығын тудыру қабілеті
  • Пән аралық байланыс
  • Сабақ кезіндегі тәртібі
  • Мақсатына қарай бағалай білуі
  • Үлгермеушілік себебін анықтай білу қабілеті
  • Кабинет жабдықтарына қосқан үлесі
  • Көрнекілікті пайдалана білу дәрежесі

Уильям Уорд

  • Жай мұғалім – хабарлайды, Жақсы мұғалім – түсіндіреді. Керемет мұғалім – көрсетеді, Ұлы мұғалім – шабыттандырады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет