Қамажай: Қалай дедің? Не айтың?
Кама: Баланың қазір керегі не деймін. Мен жұмысқа орналасайын, пәтер алайық.
Қамажай Кәмиланың бетінен шапалақпен тартып жіберіп, жылаған бойы теңселе басып шығып кетеді.
Кәмила кереуетке етпетінен түсіп, солқылдап жылай бастайды. Тимур кіреді.
Тимур: Кама, саған не болды? (Кәмила жылауын үдете түседі). Бір жерің ауырып жатыр ма?
Кәмила: Тим... кетейікші. Кетейікші бұл үйден.
Тимур: Сен не деп жатсың? Кетейікшің қалай?
Кәмила: Менің бұл үйде тұрғым келмейді.
Тимур: Не, сені біреу ренжітті ме?
Кәмила: Иә, ренжіту былай тұрсын, мені ұратынды да шығарды.
Тимур (орнынан тұрып): Ұратынды шығарды? Кім саған қол жұмсаған?
Кәмила: Әпкең. Баланың жайын айтып едім. Соған бола шапалақпен салып-салып жіберді. Қазір денсаулығымның жоқ екенін айтқанымда өзің келісіп едің ғой.
Тимур: Солай де. Бұлар енді саған қол жұмсауды шығарған екен ғой. Неткен масқара бұл! (Айғайлап). Мамуля! Мамуля, бері келіңіз.
Іштен сүйретіле басып, әлі жасын тыймаған Қамажай шығады.
Қамажай: Иә, неге шақырдың?
Тимур: Мамуля, Камаға қол жұмсаған сіз бе?
Қамажай: Құлыным-ау, қол жұмсады дейтіндей...
Тимур: Жоқ, Каманы ұрғаныңыз рас па деймін?
Қамажай: Рас... Себебі...
Тимур: Себебінің керегі жоқ. Ар жағын айтпай-ақ қойыңыз.
Қамажай: Мен келінге қол көтеру былай тұрсын, осы уақытқа дейін мына сендердің маңдайларыңнан шерткен кезім болып па еді? Неге ұрдың деп себебін сұрамайсың ба?
Тимур: Себебін білемін. Көп болса, күшік тастаған шығар. Басы жас, әлі талай көтереді.
Кәмила: Иә, басым жас, әлі талай көтерем...
Қамажай: Сен де біледі екенсің ғой оны. Тас бауыр. Қатыгез қара жүрек-те-ер! (Оны да шапалақпен салып жібереді).
Тимур: Кама, жинал. Тезірек жинал!
Қамажай (селт етіп есін жиып, көзінің жасын сүртеді): Теміржан... Теміржан-ау, жинал дегенің не сөз? Жиналғаны несі?
Достарыңызбен бөлісу: |