А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді


Қамажай: Ал, енді сенің ғана кетуің қалды. Нәзила



бет65/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Қамажай: Ал, енді сенің ғана кетуің қалды.
Нәзила: Жоқ, мен ешқайда да кетпеймін.
Қамажай: Тентегім-ау, сонда тұрмысқа да шықпайсың ба?
Нәзила: Шықсам да, шықпасам да, өмір бойы сенің қасыңда боламын.
* * *
Үйде той. Ұзын стол лық толы. Қарсы беттегі қабырғада АНА портреті. Оның астында «60 жас» деген жазу көрініп тұр. Көрші әйел кіреді. Қолындағы гүлін стол үстіндегі вазаға қояды.
Әйел: Бақыт деген осы-ау деймін, Қамажай. Аналарыңның тойы құтты болсын. Бәрін жеткіздің, бәрін өсірдің. Азамат деген сендей-ақ болсын.
Қамажай: Көңіліңізге рақмет. Темір мен Омардың келетін уақыты болды. Кешігіп жатыр.
Әйел: Келеді ғой. Қара шаңырақ оларды қайда жіберер дейсің. Әй, Қамажай, өз дегеніңді орындап, бәрін жеткіздің. Омарың – ғалым, Тимурың – бригадир, Нәзилаң – мұғалім, Ермек – оқушы. Енді... өзіңді де ұмытпасаңшы. Саған ешкім ренжи қоймас.
Қамажай: Қайдам, осылардың анасын жоқтатпаймын деп жүріп, шын ана боп кеткен сияқтымын. Бәрі жас баладай көрінеді де тұрады.
Әйел: Түу, Қамажай-ай. Қызықсың-ау. Сенің орныңда басқаны қайдам, мына мен төзе алам ба, жоқ па, білмеймін. Білсем де, қолымнан келмес-ау деп қорқамын.
Қамажай: Менікі қайбір жүректіліктен дейсің, осыларға деген мейірімнің шарпуы шығар.
Әйел. А-а, айтпақшы, үйге шал да келіп қалған шығар. Әлгінде жиналыста отырмын деп звондап еді. Келсе, осында ертіп әкелейін. Қазір қайтып келемін.
Шығып кетеді. Ермек кіреді. Қолында телеграмма. Өзінше күбірлеп, оқып келеді.
Ермек. Мамуля, телеграмма!
Қамажай: Не болды, тыныштық па? Бұл не? Телеграмма. Япыр-ай, жүрегім бір нәрсені сезген сияқты еді, әкелші бермен (Оқиды, репродуктор).
«Мамуля! Бригаданың жылдық жоспарының орындалуы жайлы өндірістік басқарма алдында ертең есеп беруіме байланысты бара алмайтын болдым. Ол үшін бәріңнен мың мәрте кешірім сұраймын. Тимур».
«Мамуля, Кешір! Қазіргі түркі философиясының теориялық мәселелері бойынша Анкара қаласында өтетін халықаралық конференцияға шұғыл аттанып бара жатырмын. Қайтар жолда міндетті түрде соғамын. Өзіңді құшақтап сүюші—Омар!.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет