А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді



бет18/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

ИНИЦИАТИВАЛЫҚ ХАТ
Мұндай хаттардың көп түрі өтінішті білдіреді, жіберілген адамға қандай да бір сұрақты шешуге арналады. Бұл хаттың ең көп тараған түрінің бірі, олардың тақырыптар жиынтығына шек қойылмайды.
Сұрақ-жауап хатта сұрақ беруші қандай да бір іс-әрекетті, оқиғаны түсіндіруді сұрайды және жауап берушіні жауап хат жазуға жетелейді.

1. Инициативалық хат дегеніміз не?


2. Инициативалық хаттардың негізгі атқарар қызметі?
3. Сұрақ-жауап хаттың көздер мақсаты?


Пайдаланылған әдебиеттер


Ляззат Дүйсембекова Қазақ ресми-іс қағаздары. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2005 ж.
Құжаттар жинағы. Сборник документов. – Алматы: Алматы қаласы әкімдігі тіл басқармасы, 2004.
Саурықова К.Д., Қарымсақова Р.Д., Омарова Б.А. Қазақ тілі: Ресми іс қағаздар тілін оқыту. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э. Ресми-іс қағаздары. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2001.


Дәріс – 6
Тақырып 6. Жеке іс парағы, сауалнама, жеке карточка түрлері, ерекшелігі


Лекцияның мақсаты: Жеке іс парағы, сауалнама, жеке карточка туралы оқып, сұрақтарға жауап беру.
Негізгі сұрақтар:
1. Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы қандай құжаттың түрі.
2. Сауалнама және жеке карточка анықтамалары
ЖЕКЕ ІС
Жеке іс – жұмысқа қабылданғандығы туралы бұйрық шығарылған соң жазылады. Жеке іс құжаттарымен жұмыс істеу ережесі белгіленбегендіктен әр мекемеде әртүрлі жүргізіледі.
Кейбір мекемелер жеке іс парағын барлық ұжым мүшелеріне толтырса, кейбіреулері басшыларға және жетекші мамандарға ғана жазады.
Жеке іс папкасына алғаш – жұмысқа қабылдауға қажетті құжаттар қатталады. Қызметкердің жеке іс папкасында басқа құжаттар да болуы мүмкін. Олар: жұмысын ауыстыру себебі, жанұя жағдайындағы өзгеріс.
Кадрлық құжаттамалармен жұмыс істейтін мамандар жеке істің дұрыс толтырылуына жауап береді.
ЖЕКЕ ІС папкасына келесі құжаттар тіркеледі:

Бұйрықтар көшірмесі қызметтік ауысу болған жағдайда жеке іске тіркелмейді. Жеке іс құжаттарына ішкі тізімдеме жасалады. Істегі әр құжат бөлек тізімге жазылады. Тізімді кадр құжаттамаларын жүргізетін мамандар жасайды және қол қояды. Оған жеке іс толтырылған уақытты көрсетеді. Бастапқы мерзімі – жұмысқа қабылдау туралы өтініштің жазылған күні, соңғысы жұмыстан босатылған күні.
Жеке іс папкасынан құжат алу тек басшының рұқсатымен болады. Алынған құжаттың орнына жұмысшының құжатты алу себебін растайтын анықтама бекітіледі.
Жеке іс папкасы жеке істерді тіркеу журналында жазылады. Жуналдағы нөмірлер саны – жеке істегі нөмірлер санымен сәйкес келуі тиіс. Жұмыстан шыққан жағдайда істің нөмірі қайта қабылданған жұмысшыға пайдаланылады.
Жылына бір рет жеке іс папкілеріне не үшін акт жасалғандығы туралы тексеріс жүргізіледі.
Жұмыстан босатылған жұмысшылардың жеке істері - жыл соңында жеке істер жөніндегі мекеме мұрағатына өткізіледі.

1. Жеке іс дегенді қалай түсінесің?


2. Жеке іс қалай жазылады?
3. Жеке іс папкасы қалай қатталады?
4. Жеке іс папкасына тіркелетін құжаттарды атап көрсетіңіз.
5. Жеке іс папкасынан құжат қалай алынады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет