А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді



бет36/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Нәзила: Әпке, сіз температурасы көтерілген адамды ғана ауру деп санайсыз ба? Махаббат та ауру. Одан да адамның қызуы көтеріліп, қан қысымы жоғарылайды.
Темірбек: На-аз! Не болған саған? Тоқтат енді!
Нәзила: Жоқ, тоқтатпаймын. Әпкемнен, мына өз үйіңнің шаңырағынан, қарындастарыңнан ұялсаң етті. Өз туыстарыңның алдында бұл күнә.
Қамажай: Қой, қой деймін, Нәзила. Теміржанның достарының көңіліне тиме.
Нәзила: Олар бізді неге сыйламайды?
Светлана: Солай ма? Онда кешіріңіз. Сіздерге барлық жағдайды жасап, жарықты сөндіріп шығып кетсек қайтеді? Көршілерге барып қонып, таңертең бір-ақ келсек, сонан соң сүт қосып шай берсек. Сонда қонақжай қыз бола ма?
Кәмила: Тимур, сен сау бол. Мен кеттім. Сенің туыстарыңа ұнамайды екем...
Темірбек: Кама, тоқта!
Үйден бәрі шығады. Гитарасын қасақана дарылдатып, Сұлтан шайқала басып, есікке беттейді.
Темірбек: Тоқтаңдар, тоқтаңдар деймін, Сұлтан, Светлана!
Үйде өздері ғана қалады. Төртеуі төрт бұрышта сілейіп тұр. Есік алдында Тимур.
Қамажай: Не боп кетті, құдай-ау. Өң мен түстей. Теміржан, қарындасыңның балалығын кешір. Япырым-ай, әуре боп жасаған тамақты да іше алмадыңдар ғой.
Тимур: Құрып қалсын тамағың!
Нәзила: Әпке-е, мынау тағы да күнәға батты.
Тимур: Жоғалт әрмен көзіңді. Үй-и, осы қыздың қырсығы өтіп болды-ау. Тіліңді ыстық темірмен қарысам ба екен.
Нәзила: Сен «язык отварной» жасаймын деп едің ғой. Онда «язык жареный» болады.
Тимур (жер тепкілеп): Тоқтат деймін, тоқтат! Қылғындырып, қылғындырып өлтіремін, білдің бе? Қоздыра берме менің ашуымды. Қоздыр-ма!
Нәзила: Енді тісіңді қайрасаң, тіпті қатып кетеді.
Тимур: Әй, сайтан алғыр! (Оған тап береді. Нәзила басқа бөлмеге қашып кіріп, есікті тарс жауып алады). Қашан күйеуге тиіп, қарасын батырар екен осы.
Қамажай: Туған қарындасына солай деп айта ма екен, Теміржан-ау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет