Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Электр тоқтың пайдасы туралы біледі;
Қандай түсініктерді игерді:Электр тоқ туралы мағдұмат алды;
Меңгерген дағдылары меніскерліктері: тәжірибе жасау дағдыларын меңгерді.
Қорытынды
Егер бала қандай да бір саусақ ойынын жетік меңгерсе, онда ол міндетті түрде бір көрініске не өлеңге жаңа бір сахналау ойлап табуға тырысады. Бір жастан екі жасқа дейінгі балалар бір қолмен ойналатын саусақ ойындарын жақсы қабылдайды. Үш жастағы балалар екі қолмен ойналатын саусақ ойындарын игере алады. Мысалы, бір қол үйшік те, екінші қол үйге жүгіріп келе жатқан мысық болуы мүмкін. 4 - 5 жастағы балалар белгілі бір көріністі саусақ арқылы сахналай алады.
Өз тәжірибемде тәрбишілерге саусақ ойындарын сергіту жаттығуларына, ертеңгілік жаттығуларға, барлық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттері үстінде үнемі пайдалануды ұсындым. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл, қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамыды.
Жазуға бейімделмеген, жалпы моториканың және саусақтың қозғалуы жетіспеуі мектептің төменгі сыныптарынан бастап, оқуға деген негативтік әсерін тигізуі мүмкін.
Ұсақ моторикасы баланың дамуына, оқуына өте маңызды. Мектепке дейінгі мекемеде, жазу емес, жазуға дайындықтың маңызы зор.
Қол моторикасының жоғары деңгейі баланың мектепке деген психологикалық дайындығын, ақыл кіргенін түсіндіреді. Қол моторикасын арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар баланың тілінің дамуына да әсерін тигізеді.
Бала саусақтарымен әр түрлі жаттығулар орындап, үлкен жетістіктерге жетеді және баланы сурет салуға үйретеді, ары қарай жазуға да көмектеседі. Егер баланың саусақтары шапшаң жұмыс жасап, иілгіш болса жазуы да әдемі болады.
Тіл дамыту жұмысы қол арқылы жүру тиіс. Сонда ғана – неғұрлым үлкен жаттығу болады. Балаға тапсырмалар қызықты болу керек.
Баланың қол еңбегін арттыру үшін не істеу керек?
- Қолмен ермексазды жұмсарту;
- Әр саусақпен тасты, маймақты, шарикті айналдыру;
- Алақандарымызды жұмып ойын ойнау (таңертең тұрдық – ашылу, кешке ұйқтадық - жабылдық)
- Жұмсақ жұдырық жасау, тез ашу, үлкендер саусақтарын өткізу, қатты аша алмайсың
- Екі қолдың саусақтарымен «Жүру» үстелмен, алдымен ақырын, біреу ұрлану, содан кейін тез жүгіріп келуі. Жаттығу алдымен оң қолмен, содан кейін сол қолмен
- Жеке бір саусақты көрсету, содан соң екеуін ары қарай үш, төрт, бес
- Жеке бір саусақты көрсету – үлкенін
- Барлық қолдың саусақтарымен үстелді соғу
- Ауада саусақпен былғау
- Қолдың басымен фонарик жасау
- Қол соғу: ақырын, қатты, әр түрлі әрекетте
- Барлық саусақты бірге жинау (саусақтар жиналды - қашты)
- Жуан жіпке түймелер, шарлар, мойыншақтар кигізу.
- Түрлі түсті жіңішке сымды катушкаға орап, өзінің саусағына арнап (сақина немесе спираль шығады)
- Қалың арқан, жіп ұштарын байлау
- Түймелерді, ілгіш, замок, қақпақтарды жабу, механикалық ойыншықтарды кілтпен жүргізу
- Болттар мен гайкаларды бұрау
- Конструктор ойыны
- Ауада сурет салу
- Құммен, сумен ойнау
- Қолмен поролон шарларын, губканы жұмсарту
- Тігу, шимен тоқу
- Сурет салу, бояу, штрихтау
- Қайшымен қию
Әр түрлі материалдармен сурет салу (қаламмен, қарындашпен, бормен, түрлі-түсті бояу, гуашьпен, көмірмен, түрлі-түсті борлар және т.б.)
Саусақ ойындарының нәтижесінде:
• Баланың сөйлеу тілі жетіледі;
• - Қимыл қозғалысы артады;
• - Икемділігі артады;
• - Логикалық ойлауы дамиды;
• - Танымдық деңгейі артады;
Мазмұны:
Түсінік хат________________________3 бет
Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту ___________________4 бет
Математика әлемі ________________ 20 бет
Ойыншықтар әлеміне саяхат_______ 26 бет
Көктемдегі ормандағы туған күн____ 30 бет
Ғажайып мектеп__________________ 41 бет
Сиқырлы электр тоғы______________47 бет
Қорытынды ______________________51 бет
Пайдаланған әдебиеттер:
Бардышева Т.Ю. Сәлем,саусақ.Саусақ ойындары.
Большакова С.Е. Ұсақ қол моторикасын қалыптастыру:Ойындар мен жаттығулар.
Пименова Е.П. Саусақ ойындары.2007
Тимофеева Е.Ю.,Чернова Е.И.Саусақ қадамы.Ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар.2007.
Цвынтарный В.В. Саусақпен ойнаймыз және сөйлеуді дамытамыз,1996.
Достарыңызбен бөлісу: |