А. Т. Боранбаева Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту



бет3/4
Дата19.02.2017
өлшемі0,97 Mb.
#10785
1   2   3   4

Көктемдегі ормандағы туған күн

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Білім беру саласы: Таным,қатынас,әлеуметтік орта

Бөлімдері: Қарапайым математика,тіл дамыту,айналамен танысу

Тақырыбы:«Көктемдегі ормандағы туған күн»

Мақсаты: Мария Монтессоридің ойын жаттығуларын қолдана отырып балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту. Моншақтарды сымға таға білуге,үлгі бойынша түстер таңдау,мүмкіндіктерін арттыру.

Сөздік жұмыс: Ойлау қабілеттерін арттыру.Әдемілікке,әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік:Алма,қысқыштар,түрлі-түсті макарондар,жаңғақ,шыбықтар


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Әлемде нұр тыныштық,

Әр бір бейбіт күн ыстық.

Қайырлы таң,бақшамыз,

Қайырлы күн,достарым!

Сәлем бердік,туған елім,

Тал бесігім,туған жерім.

Сәлем бердік бәріңізге,

Өскен ортам,елімізге!

Барлық іс-әрекеттермен шаттық шеңберді орындау




Ұйымдастыру-

Ізденушілік

Рефлесифті-

түзетушілік

Балалар,біздің топқа мынандай жеделхат келді.Мен сендерге оқып берейін!

«Қымбатты Бауырсақ тобының бүлдіршіндері,мен сендерді туған күнімді бірге тойлауға шақырамын.Бірақ,қу түлкі менің туған күніме шақырылғандардың тізімінде болмағанын естіп,сендерге неше түрлі кедергі жасады!Абай болыңдар!Менің мекен-жайым:Көктемгі орман,Аюжанның үйіне шақырамын!

-Балалар,Машеньканың туған күніне барамыз ба?Түлкінің жасаған кедергілерінен біз қорықпаймыз!

-Міне,балалар,біз көктемгі орманға келдік!Жан-жақтарыңа қараңдаршы,көктемгі орман қандай тамаша!Ауасы қандай таза!Қысқы оман мен көктемгі орманның айырмашылығы бар ма?Қандай?

-Мінеки,түлкінің бізге жасаған 1-ші тапсырмасы.Мен сендерге оқып берейін!

«Бауырсақ тобының бүлдіршіндері,мына себеттегі алмаларды тура және кері санаңдар.Түсін,пішінін,дәмін, және өсетін жерін айтып беріңдер!»

-Мына себетте не жатыр?

-Бұл жеміс па,әлде көкөніс пе?

-Алмалар қайда өседі?

-Түстері қандай?

-Тағы қандай түсті болады?

-Пішіні қандай?

-Дәмі қандай?

-Ал енді,тура және кері санайық!

-Міне балалар,екінші тапсырмаға да келдік.Оқимын!

«Балалар,Мына фасольді түсіне қарай екіге бөліңдер!»

-Мында фасольдар араласып келген,маған түстерін айтып беріңдерші?!

Қанеки,ақ түсті фасольді бір ыдысқа,ал қара түсті фасольді екінші ыдысқа бөлейік!


-Міне тағы да тапсырма жатыр!

«Мына жаңғақтардан және ермексаздан үйректер құрастырыңдар!»

Алмат,айтшы,жаңғақ қандай ағашта өседі?

Енді,ермексазды алып,екі алақанның ортасына салып,уқалап,таяқша жасаймыз,таяқшаны алып,жаңғаққа жапсырамыз да,екінші шетін үш саусақпен майыстырамыз!Ол үйректің тұмсығы болады!Және қара түсті ермексаздың шетінен кішкене үзіп,екі саусақтың ортасына салып,домалатамыз,бұл үйректің көзі болады!Содан соң екі қанатын жасап,жапсырамыз!

-Қараңдаршы,біздің үйректердің көңіл-күйлері жоқ екен!Біз оларға «Үйректер» биін билеп берейік.Өзіміз де бір дем алайық!

Би: «Билеп тұрған үйректер»


-Сендер естідіңдер ме біреу жылап жатқан сияқты?!Мынау не?!

-Айтыңдаршы,бұл жануар ма,әлде...

-Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер?

-Құмырсқа құлағыма бірдене деп сыбырлап жатыр.

Ол маған қатты жел соққада илеуінің бұзылғаны туралы айтты!Ол бізден көмек сұрап тұр!Балалар,біз құмырсқаға көмектесеміз бе?

Барлығымыз мына шашылып жатқан таяқшалардан құмырсқаға илеуін жасап берейік!

Құмырсқа сендерге рақмет айттып қуанып жатыр.Құмырсқамен қоштасып,саяхатымызды ары қарай жалғастырайық!

Құмырсқамен қоштасу!


Түлкінің келесі тапырмасы: «Мына қысқыштарды күннің көзіне тағыңдар!»

-Мынау не?

-Күннің көзі қашан шығады?

-Күннің түсі қандай,және пішіні қандай?

-Мына қысқыштарды алып күн көзіне тағайық!

-Қараңдаршы,біздің күннің көңіл-күйі көтерілеп,сендерге жымыйып тұр!Күннің көзін біз аспанға жіберейік.Ол бүкіл жерге шуағын шашып,барлығын қуантсын!


Түлкінің келесі тапсырмасы: «Мына жаңғақтарды шыршаға іліңдер.

-Мансұр,мынау қандай ағаш?

-Тағы қандай ағаштарды білесіңдер?
-Ал енді,барлығымыз мына жатқан

жаңғақтарды шыршаға ілеміз.

-Қараңдар,балалар,мында тағы бір тапсырма жатыр: «Мына түрлі-түсті макарондарды сымға іліңдер»

-Ал,қанеки балалар,мына түрлі-түсті макарондарды біз сымға тізейік!

-Балалар,қараңдаршы біз қандай тамаша моншақ жасадық!Мына моншақтарды біз

Машенькаға туған күніне сыйлаймыз!


-Балалар,қараңдаршы біз Аюжанның үйіне де жеттік!

Мен есекті қағайын.Тук-тук-тук!


Аю:

-Бұл кім екен?

-Сендер қай бақшадан келдіңдер?
Аю мен Машеньканың балалармен танысуы.

Аю:


-Сәлеметсіңдер ме?!Мен Аюжанмын.

Машенька:

-Ал мен Машенькамын!Менің туған күніме қош келдіңдер!

Аю:


-Біз сендерді күтіп отырмыз!
-Машенька,біз бос келген жоқпыз.Біз сенің туған күніңе сыйлық әкелдік!
Сыйлықтарды сыйлау.
-Ал,Аюжан мынау саған!

Біз тағы сендерге ән,өлең,және би сыйлаймыз!

Ән: «Туған күн»

Би: «Көңілді би»

Аю:

-Рахмет,балалар,көңіл-күйлерімізді көтердіңдер.Жақсы ән айтып,билейді екенсіңдер!



Машенька:

-Рахмет сендерге!Енді жазда бізге қонаққа келіңдер!Саңырауқұлақ тереміз!

Машенька:

-Жоқ,білмеймін.

Машенька:

-Қандай ақылдысыңдар сендер,балалар!

Аю:

-Келіңдер,балалар,дастарқанға жайғасыңдар!



-Жоқ,Аюжан мен Машенька,түскі уақыт та келді.Бізге бақшамызға тобымызға оралуымыз керек!Айтыңдаршы,қысқа жол бар ма екен?

Аю:


-Әрине бар,мен сендерге жол көрсетейін!

-Көріскенше күн жақсы болсын,сау болыңдар!

Қоштасу!

-Иә,барамыз!

Біз түлкіден қорықпаймыз.

-Иә,бар!


-Қысқы орман ақ қар жамылған,ауасы суық,ал көктемгі орман ағаштар бүршік жарып,құстардың әндері естіледі.

-Алмалар!

-Жеміс!

-Ағашта!


-Қызыл!

-Сары,жасыл!

-Дөңгелек!

-Қышқыл,тәтті!

-1-10...10-1
-Мында екі түстер бар...Олар-ақ және қара!

Қарағайда,

шыршада өседі!

Музыка әуенімен балалар «Билеп тұрған үйректер» биін орындайды.


-Бұл құмырсқа!

-Бұл-жәндік!

Ара,маса,қоңыз,көбелек,

өрмекші,сона..

Иә,көмектесеміз!
Барлығы ұжымдап құмырсқаның илеуін жасап береді!
Сау бол,құмырсқа!

-Бұл күннің көзі!

-Таңертен шығады.

-Бар,ол ай!

-Түсі сары,пішіні дөңгелек!

Балалар қысқыштарды алып,күн көзіне тағады!

-Шырша

-Аққайын,терек,қарағай,емен.



Балалар жаңғақтарды шыршаға іледі.

Балалар макарондарды сымға тізеді.

-Біз «Бауырсақ» тобының бүлдіршіндеріміз.

-№7 «Айша» мектеп-бақшасынан келдік.

Амандасу,танысу.
Алмат:

Қонжық-аю баласы,

Әрекетін қарашы,

Бал деген де есеп пе?

Салды қолды-кеспекке.

Әділет:


Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада,

А деді,Б деді,

Р-ға тілі келмеді.


Айзада:

-Машенька,сен саңырауқұлақтарың түрлерін білесің бе?


Мансұр:

-Саңырауқұлақтың екі түрі болады.Олар:болымды және болымсыз!

Алмат:

-Болымдылар



ға жатады:түлкіжем,ақ саңырауқұлақ,қозықұйрық.Ал жеуге жарамсыз олар:улы саңырауқұлақ,және шыбынжұт.

Балалардың Аюжан мен Машенькамен қоштасуы!



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Санау,түстерді ажырату,жыл мезгілдерін,ағаш,саңырауқұлақ,жәндіктердің түрлерін.

Қандай түсініктерді игерді: Илеу,жаңғақ,құмырсқа,шыбынжұт.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өлең,би.
Көктемгі ормандағы

туған күн

Ғажайып мектеп

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің картасы

Білім беру саласы:Таным,қатынас,шығармашылық.

Бөлімдері:Математика,сауат ашу,сурет.

Тақырыбы:«Ғажайып мектеп»ЖРО.

Мақсаты: Балалардың жыл бойы өткенсан және санау,геометриялықпішіндер,жыл,ай,апта күндері,дыбыс,әріп туралы білімдерін бекіту.Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.Математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру,шапшандыққа,тапқырлыққа,әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,қимыл қозғалыстар.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

Ынталандырушылық



Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер:

Жарқырап күн ашылды,

Жерге шуақ шашылды,

Біз нәзік қыздармыз,

Біз ержүрек ұлдармыз.

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Қыз қолында гүл жүрсін,

Ұл қлында ту жүрсін.

Қайырлы таң,досатрым,

Қайырлы күн қонақтар!



Қайталау.Шаттық шеңберін орындау.

Ұйымдастыру-

Іздестіру


-Балалар,қызықты ойын ойнағыларың келе ме?Онда, «Ғажайып мектеп»ойынын ойнаймыз.Мен сендердің мұғалімдерің болам,ал сендер менің кішкентай,ақылды достарым боласыңдар.Бүгін бізде үш сабақ болады.Математика,сауат ашу және сурет.

(Қоңырау соғылады)

-Балалар,мен сендерге сұрақ қойып,мына допты беремін,ал сендер жауап беріп мына допты маған қайтарасыңдар.

1.Бір жылда неше мезгіл бар?


2.Бір жылда неше ай бар?
3.Қазір қандай жыл мезгілі?
4.Айларын ата.
5.Бір айда неше апта бар?
6.Бір аптада неше күн бар?

Апта деген ағайдың жеті ұлы бар:

1.Бірінші-

2.Екінші-

3.Үшінші-

4.Төртінші-

5.Бесінші-

6.Алтыншы-

7.Жетінші-

Жұмыс күндері болып қандай күндер саналады?

Демалыс күндері ше?

Тәулік бөліктерін атаңдар

Ал енді,назарымызды тақтаға аударайық.

Не көріп тұрмыз?

Бұл жай гүл емес,бұл сиқырлы гүл.Әр жапырқшада тапсырма жазылған.

1.Қызыл:Үстел үстінде жатқан конверттерде цифрлар бар.Сол цифрлардан сан қатарын құру(қазақ,орсы,ағылшын тілінде санау).

2.Сары:Көршілерін ата.

3.Көк:Геометриялық пішіндерден тақтаға үй құрастыр.Геометриялық денелерден үй құрастыру.

Төрт бұрышты қолданып,

Үш бұрышты қолданып,

Үй жасаймыз көріңіз,

Жаңа-қоныс,жаңа-үйге,

Қуанышпен кіріңіз!

4.Қызыл-сары:1-10;10-20 саты бойынша жүру. (Қандай цифр тығылды)

5.Жасыл:Есеп шығару:

+ =


+=

+=

(Қоңырау соғылады)

Кел,балалар,бойымызды сергіп,билеп алайық!

Кел,балалар,бойымыз сергіп,бір демалып алайық.

Енді тағы бір ойын ойнайық.

Екінші сабақ-сауат ашу.

-Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

-Нешеге бөлінеді?

-Қанша д/ы,қанша д/з дыбыс бар?

Мен сендерге өлең жолдарын оқимын,бірақ кебір сөздердің дыбыстары жоғаып қалыпты,қандай дыбыс жоғалғанын айтып және сол әріпті көрсетесіңдер.

1.Алма кетті домалап,

Көше бойын (ж)ағалап.

2.Аю оты(р) партада,

Екі (қ)олы қалтада.

2.Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін (б)үлдіршін.

4.Біз әдепті баламыз,

Жайнай берсін (д)аламыз.

5.Күндей болып күлеміз

(Г)үлдей болып өсеміз.

6.Құстай болып ұшамыз,

(К)өбелектей қонамыз.

Осы жоғалған дыбыстар қандай?

Жақсы,рахмет балалар!

(Қоңырау соғылады)

Сергіту сәті.

Балалар,қазір қандай жыл мезгілі?

Көктемде қандай өзгерістер байқалады?

Жақсы,рахмет,онда біз әдемі гүлді суреттейік.

(Әдіс-тәсілдерді көрсету)




Балалар жайғасып үстел басына отырады.

Бір жылда төрт мезгіл бар.

Бір жылда 12 ай бар;

Қазір көктем мезгілі;

Наурыз,сәуір,мамыр;

Бір айда 4 апта бар;

Бір жұмада 7 күн бар.

Дүйсенбі;

Сейсенбі;

Сәрсенбі;

Бейсенбі;

Жұма;


Сенбі;

Жексенбі.

Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма.

Сенбі,жексенбі.

Таң,түс,бесін,кеш,түн.

Гүл!


Балалардың жауабы.

3
4
5

Балалардың биі.
-42

-Екіге бөлінеді.

-25 д/ы,15д/з,2 белгі.

-«Ж»
-«Қ», «Р»


-«Б»
-«Д»
-«Г»
-«К»
Дауыссыз!

-Көктем


-Қар ериді,күн жылынады,құстр ұшып келеді,ағаштар бүршік жарады,гүлдер гүлдейді.



Рефлексивті-

түзетушілік

-Балалар,сендерге ғажайып мектеп ұнады ма?Несімен ұнады?

Менің сендерге сыйлығым бар.Көп рахмет!



-Өте ұнады.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Сан және санау,геометриялық пішіндер,жыл,ай,апта күндері,дыбыс,әріп туралы.

Қандай түсініктерді игерді: Ғажайып, көршілер .

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Шапшандық,тапқырлық,әсемдік.






Ғажайып мектеп


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет