155
мұндағы
D
– сұйықтағы газ молекуласының
диффузия коэффициенті; δ
сұй
–
катализатор бетіндегі сұйықтық қабатының қалыңдығы,
С
– қабаттың
сыртқы шекарасындағы сұйықтықта еріген газ концентрациясы.
Диффузия баяу жүретін
болғандықтан, сұйықтықтың жұқа қабатында
еріген газ концентрациясы (
С
), тепе-теңдікке сәйкес келеді және Генри
теңдеуі бойынша сипатталады:
С = Н Р
мұндағы
Н
– Генри тұрақтысы;
Р
– газ қысымы.
Берілген қысымында газдың сұйықтықтағы
ерігіштігі неғұрлым жоғары
болса, концентрация (
С
) да соғұрлым көп болады. Диффузия жылдамдығы
(ω) қысымның өсуіне, сұйықтықта газдың ерігіштігінің (
Н
)
жоғарылауына
сәйкес артады және сұйықтық көлемінің (
V
сұйық
) катализатордың сыртқы
бетіне (
S
сырт
)
қатынасының азаюына сәйкес
төмендейді, себебі:
𝑤 = (𝐷/𝛿) · 𝐶 = (𝐷/𝛿) · 𝐻
𝑝
δ = V
сұйық
/S
сырт
Диффузия
коэффициенті абсолютті температураның (
Т
)
және
сұйықтықтың динамикалық тұтқырлығының (
μ
) қатынасына
пропорционал.
Сұйықтықтың тұтқырлығы температура жоғарылаған сайын төмендейді.
Сондықтан температураның өсуі диффузия коэффициентін көтереді, бірақ та
Генри тұрақтысы температураның өсуінен төмендейді. Диффузия
жылдамдығы температураның өсуі нәтижесінде жоғарылауы да және
төмендеуі де мүмкін, оның бәрі
μ
немесе
Н
мәндерінің қайсысының күшті
өзгеруіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: