А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет10/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   153
Байланысты:
S4
Вредные привычки и как с ними бороться
1.3.
 
Мұнай өңдеудің қысқаша тарихы 
 
Алғашқы мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) 1860 жылы АҚШ-та Пенсильвания 
штатында Титусвиллде құрылған. Осы кезден бастап әлемнің әртүрлі 
елдерінде мұнайды айдау өндірісі тез қарқында дами бастады. 
Азербайджанда Баку қаласында 1869 жылы 23 мұнай айдау қондырғысы 
жұмыс жасап тұрды. 
Мұнай өңдеу өнеркәсібінің жедел қарқында дамуы ХХ ғасырда 
басталды. Мұнай өңдеу көлемін өсірумен қатар, өндірілген өнімдердің 
сапасын арттыру бағытында да көптеген жұмыстар жасалуда. Катализдік 
риформинг 
қондырғысында 
жаңа 
биметалдық 
полифункционалды 
катализаторларды қолдану бензиннің шығымын 95% дейін, октан санын 2-4 
ретке дейін көтеруге мүмкіндік туғызды. Мұнай химиясы саласына қажетті 
көмірсутектердің ассортименті өсті. 
Дүние жүзіндегі ең ірі тәулігіне 817 мың баррель мұнай өңдейтін МӨЗ 
Оңтүстік Кореяда орналасқан, SK Corparation компаниясына қарайды.
Венесуэлада 2 МӨЗ біріктірген Paraguana МӨ орталығы бар, жиынтық қуаты 
тәулігіне 940 мың баррель. 15 ең ірі МӨЗ-ры қатарына бұлардан басқа 
Оңтүстік Кореядағы LG-Caltex (қуаты 633 мың барр/тәулік) және Exxon 
Mobil (580 мың барр/тәулік), Сингапурдағы 2 завод (Exxon Mobil и Shell 
Eastern Petroleum Ltd.), АҚШ-ғы Exxon Mobilдің 2 заводы мен «Бритиш 


15 
петролеум» компаниясының 2 заводы және Индияда, Иранда, Сауд 
Аравиясында, Виргиния аралдарында орналасқан заводтар кіреді.
Қазір Қазақстанда 3 МӨЗ (Атырауда – 1946 жылы, Павлодарда – 1975 
жылы, Шымкентте – 1980 жылы іске қосылған) және 3 ГӨЗ (Маңғыстау 
облысында, Ақтөбе облысында, Атырау облысында) жұмыс жасайды. 
Төртінші МӨЗ салу жоспарға енгізілді. 
Қазақстанда мұнайдың өте мол қоры болғандықтан, оны өңдеу мен 
қолданудың тиімді жолдарын табудың маңызы зор. Сондықтан мұнай 
кешендері құрылымын өзгерткен жөн, ол үшін өңдеу процестерін жедел 
түрде дамытып, мұнайдың экспортын азайту керек. Бұл бір жағынан келешек 
ұрпаққа табиғи байлықты сақтап қалуға мүмкіндік береді. 
Мұнай шикізатын өңдеуде Қазақстандық МӨЗ-ры толық қуаттарын 
пайдаланып отырған жоқ және шикізат конверсиясы да төмен дәрежеде 
жүргізілуде. 
Әлемнің дамыған елдерімен салыстырғанда Қазақстанда мотор 
отындарын және басқа мұнай өнімдерін қолдану жан басына шаққанда өте 
төмен деңгейде болып отыр. 
Мұнай өңдеудің техникалық базасын жаңарту, тереңдігі мен көлемін 
арттыру өте маңызды мәселелер болып табылады. Осыған байланысты мұнай 
өңдеу қуатын жақсарту жоспарланып отыр. 
Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) 
қайта 
құрастыру 
жұмыстарының бірінші кезеңі 2006 жылы тамызда аяқталды. Жүргізілген 
жұмыстар нәтижесінде қоршаған ортаға тасталған зиянды заттардың 
азаюына байланысты экологиялық жағдай жақсарды. АМӨЗ қайта құрастыру 
арқылы ЕВРО стандартқа сәйкес келетін мұнай өнімдерін шығара бастады. 
Қайта құрастырудың екінші кезеңінде бензол және 
п
-ксилол өндіру цехы іске 
қосылса, мұнайды терең өңдеу цехының жұмыстары аяқталып келеді. 
Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ШМӨЗ) қайта құрастыру 
бағытындағы жұмыстар 2009-2010 жылдары басталды. 
Павлодар мұнайхимиясы зауытында (ПМХЗ) қуаты 20000 м
3
/сағ 
болатын сутегі өндіру қондырғысы салынуда. Қондырғы толықтай жұмыс 
жасағаннан кейін гидротазалау процесі сутегімен қамтамасыз етіледі және 
тауарлы өнімдердің күкірттен тазару дәрежесі артады, өнімдердің сапасы 
артып, халықаралық ЕВРО стандартқа сәйкес келетін болады. 
Көптеген дамыған елдерде мұнайды өңдеу көлемі өндіруден көп артық 
болып келеді. Мысалы, АҚШ-та жылына 360 млн тонна мұнай өндірілсе, 800 
млн тонна мұнай өңделеді; Батыс Еуропада – сәйкесінше 300 және 700. Ал 
Россияда және Қазақстанда өндіру көлемі өңдеуден анағұрлым көп. 
Біздің еліміздегі осы саланың басты міндеті – мұнай өңдеуді тереңдетіп, 
эксплуатациялық және экологиялық сипаттамалары қазіргі заманғы талапқа 
сай келетін құнды өнімдер алу болып табылады. 
Мұнай өңдеу тереңдігі өндірістің ең ірі тоннажды өнімі мотор 
отындарын өндіру мөлшерімен сипатталады. Өндірілген мотор отындарының 
жиынтық мөлшері екіншілік процестердің қуатынан тәуелді болады. Көп 


16 
жағдайда екіншілік процестердің шикізаттары ретінде атмосфералық және 
вакуумды айдаудың қалдықтары, ауыр вакуумды газойлдер, термиялық 
процестердің газойлдері қолданылады, нәтижесінде қосымша жеңіл мұнай 
өнімдерін алуға болады. 
АҚШ-та өндірістік отын ретінде негізінен табиғи газ қолданылады, ал 
мазут, вакуумды және басқа газойлдер каталитикалық крекинг, гидрокрекинг 
және кокстену қондырғыларында жеңіл мұнай өнімдеріне қайта өңделеді. 
Россияда және Қазақстанда электростанциялардың, пештердің, қазандық 
қондырғылардың т.б. негізгі отыны осы күнге дейін мазут болып отыр. 
Мұнай өңдеудің келесі маңызды міндеті – мұнай өнімдерінің сапасын 
жақсарту, бірінші кезекте отын жанған кезде бөлінетін зиянды заттарды 
азайту, отынның және мұнай майларының төменгі температуралық 
қасиеттерін жақсарту, барлық өнімдердегі күкірттің және басқа зиянды 
қоспалардың мөлшерін азайту. Осыған байланысты шикізат пен өнімдерді 
сутегі қысымында тазалау (гидротазалау) процесінің мәні өте зор. Бұл 
процесс кезінде шикізатты және мұнай өнімдерін күкірттен тазалаумен қатар, 
ондағы азоттың мөлшері азаяды, олефиндер қанығады, ароматты 
көмірсутектер гидрленеді. 
Автомобиль бензинінің сапасын жақсарту оның октан санын 
арттырумен және сонымен бірге бензиннің құрамындағы ароматты 
көмірсутектердің, әсіресе бензолдың мөлшерін азайтумен байланысты 
(ароматты көмірсутектердің жалпы мөлшері 25-30%-дан, ал бензол – 1%-дан 
артық болмау керек). Дизель отындары үшін цетан саны 50-ден кем болмауы 
керек және құрамындағы ароматты көмірсутектердің мөлшері шектеулі болу 
керек. Реактивті және дизель отындарының, сонымен қатар мұнай 
майларының төмен температуралық қасиеттерін – кристалданудың басталу 
температурасын, лайлану температурасын, балқу температурасын, сүзілудің 
шекті температурасын және басқа да көрсеткіштерін жақсарту үшін 
депарафиндеу процесін және сәйкес қосымшаларды қосуды іске асыру керек. 
Мұнай өңдеу мен мұнайхимиясы процестерінің интеграциясы арқылы 
ғана қазақстандық мұнай кешені қажетті тұрақтылыққа ие бола алады және 
отандық экономиканың алдыңғы қатарлы ғылыми негізделген саласына 
айналады. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2006 жылы мамыр 
айында Атырау облысында газ-химиялық кешеннің құрылысының жобасын 
бекітті. Мұндай шара бүкіл еліміз үшін өте маңызды маңызды. Жоба аясында 
газды бөлу қондырғысын, этанды тасымалдау құбырын және мұнай-
химиялық зауытын іске қосу жоспарланып отыр. Шикізат ретінде Теңіз және 
Қашаған кенорындарының тазартылған табиғи газы қолданылатын болады. 
Жобаның жоспарланып отырған өндірістік қуаты жылына 400 мың тонна 
тығыздығы төмен сызықты полиэтилен және 400 мың тонна полипропилен 
шығару. Тазартылған газды өңдеу қуаты жылына 6 млрд текше метр. 
Жобаның жалпы құны 3,5 млрд долларға бағаланған. Жоба құнының 
осындай қымбат болуы әлемдік алдыңғы қатарлы технологиялар мен жаңа 


17 
құрал-жабдықтарды сатып алуға байланысты болып тұр. Нәтижесінде 
кешеннің жұмысы жоғары тиімділік пен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз 
етеді, қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттардың мөлшері өте аз 
болады, шығарылатын өнім халық шаруашылығы тауарларын (пластикалық 
ыдыстар және басқа бұйымдар) шығару үшін шикізат болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет