237
Асфальтендердің химиялық құрамы оның күрделілігіне байланысты
толық зерттелмеген. Шайырлар және асфальтендер молекулаларының негізгі
бөліктері ретінде көп тізбекті құрылымдардың бірнеше түрі ұсынылады.
Асфальтогенді қышқылдар мен олардың ангидридтері – қоңырқай-сұр
түсті, қою шайырлы консистенциялы заттар. Асфальтогенді қышқылдар
спиртте және хлорофомда жақсы ериді, ал бензинде қиын ериді, олардың
тығыздығы >1 г/см
3
. Асфальтогенді қышқылдар мен олардың ангидридтері
битумның коллоидты құрылысын тұрақтандырады.
Карбендер мен карбоидтар мұнай және оның қалдықтарының жоғары
температурада өңделген көміртекті өнімдері болып табылады. Карбендер
CCl
4
, ал карбоидтер CS
2
ерімейді.
Битумның құрамы мұнайдың табиғатына, бастапқы шикізат құрамына,
мұнай қалдықтарынан өңдіру технологиясына байланысты болады.
Әртүрлі мұнайлардан алынған жұмсару температуралары бірдей
битумдардың құрамы әртүрлі болып келеді. Мысалы, жұмсару
температурасы 49
о
С тең болғанымен, Лисие кенорны мұнай қалдықтарынан
алынған битумдардың құрамында 48% көмірсутектер, 51% майлар және 1%
асфальтендер болса, Нагиленгиель кенорнынан алынған битумдарда 53%
көмірсутектер, 32% майлар және 15% асфальтендер болады.
Битумдарды өндіру технологиясы олардың құрамына едәуір әсер етеді.
Мысалы, колонналақ аппараттарда және иректі реакторда үздіксіз тотықтыру
арқылы алынған битумдардың құрамында шайырлар аз болады, ал кубта
периодты түрде тотықтыру арқылы алынған битумдарда асфальтендер мен
майлардың мөлшері біршама жоғары болады.
19.2-Кестеде тұтқырлы жол битумдарының көрсеткіштері берілген.
Достарыңызбен бөлісу: