А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет102/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   153
Байланысты:
S4

12.1.
 
Гидрлеу 
 
Қанықпаған 
көмірсутектер катализатор қатысында тіпті бөлме 
температурасында да жеңіл гидрленеді. Гидрлеуге алдымен, алкадиендер 
түседі, одан кейін қос байланысы тізбектің соңында орналасқан алкендер, ең 
соңында тізбегінің ортасында қос байланысы бар алкендер гидрлеуге түседі. 
Алкиндер де алкендер сияқты, сутегімен реакцияға жеңіл түседі. 
Ацетилен 
никель 
катализаторының 
қатысында 
сутегімен 
бөлме 
температурасында әрекеттесе бастайды, дегенмен оптимум температурасы 
150 ºС. 
Алкендер сияқты, үштік байланысы тізбектің соңында орналасқан 
алкиндер, үштік байланысы ортасында орналасқан алкиндерге қарағанда тез 
гидрленеді.
Бензол сақинасының гидрленуі қанықпаған алифатикалық қосылыстарға 
қарағанда қиын жүреді. Сутегінің кез-келген қос байланысқа қосылуы 
экзотермиялық, 
ал 
бензолдың 
1,2-дигидробензолға 
гидрленуі 
– 
эндотермиялық болып табылады: 
Бензол гомологтары бензолға қарағанда қиынырақ гидрленеді. 
Егер бензолдың гидрлену жылдамдығын бірге тең десек, онда
гомологтардың гидрлену жылдамдығы шамамен тең болады: 
Толуол-0,6; Этилбензол-0,4; Кумол-0,3; 1,3,5-триметилбензол -0,2 
 
Катализаторлардың табиғатына және гидрлеу процесінің жағдайына 
байланысты қанықпаған бүйір радикалдары бар арендер әртүрлі гидрленеді. 
Мысалы, никельді катализаторда бүйір тізбек те, сақина да гидрленеді, ал 
мыс катализаторында бүйір тізбек қана гидрленеді. Сонымен, стиролдан 
этилциклогексан немесе этилбензол алуға болады: 
+119 кДж/моль 
+110 кДж/моль 
-24 кДж/моль 
+ 205 кДж/моль 


173 
Конденсацияланған арендер бензолға қарағанда жеңіл гидрленеді. 
Никель катализаторында (
Ni–Al
2
O
3
, 20-30 МПа, 120-200 ºС) арендердің 
салыстырмалы гидрлену жылдамдықтары төмендегідей: 
Бензол → циклогексан...1; Нафталин → тетралин...3,14; 
Антрацен → 9,10 дегидроантрацен...3,26. 
Конденсацияланған ароматты жүйелердің гидрленуінің негізгі қағидасы 
– бензол сақинасының сутегімен біртіндеп қанығуы, әрі қаныққан сайын 
реакция жылдамдығы төмендейді: 
Н
2
;1

Н
2
;0,94



2
; 0,45


2
;0,01

Ароматты сақиналардың біртіндеп гидрленуімен қатар, қаныққан
сақиналардың ыдырап, алкиларендердің түзілуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет