17 МОТОР ОТЫНДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ Қолдану және жинақтап сақтау кезінде мотор отындарына төмендегідей
талаптар қойылады.
Отын жанған кезде жылудың максимум мөлшері бөлінуі керек, жану
өнімдерінің молекулалық массасы төмен, жылу сиымдылығы мен жылу
өткізгіштігі азғантай, меншікті газ тұрақтысы мен температураның
көбейтіндісі (RT) жоғары мәнге ие болуы керек.
Көліктің жанар май ағатын жүйесі, құбырлар, насостар, реттеу
жүйелері және басқа да коммуникациялар бойымен отынның ағысы
қоршаған ортаның кез-келген жағдайында – төменгі немесе жоғары
температурада, әртүрлі қысымда т.с.с. тоқтаусыз болуы керек.
Жинақтап сақтау және тасымалдау кезінде отынның булануы
минимум болуы керек. Мотордың жану камерасында отынның булануы оның
тұтануы мен жануын оптимальды жылдамдықта қамтамасыз ететіндей болуы
керек.
Отынның
құрамында
мотордың,
сақтау
және
тасымалдау
құралдарының конструкциялық материалдарын бүлдіретіндей коррозияға
активті компоненттер болмауы керек.
Сақтау және қолдану жағдайында отынның физика-химиялық және
эксплуатациялық қасиеттері ұзақ уақыт бойы өзгермеуі керек.
Жану өнімдері қоршаған ортаға зиянсыз болуы керек.
Шикізат базасы кең, құны жоғары емес және көп мөлшерде
қолданысқа мүмкіндегі болуы керек.
17.1. Автокөлік бензиндері Бензиндер – 28-215
о
С аралығында қайнайтын, күштеп тұтандыратын
іштен жану қозғалтқыштарында қолдануға арналған отындар.
Қолданылатын орындарына байланысты автомобиль және авиация
бензиндері болып бөлінеді.
Автокөлік бензинінің негізгі көрсеткіштеріне детонациялық тұрақтылық,
октан саны, қаныққан бу қысымы, фракциялық құрамы, химиялық
тұрақтылық және т.б. жатады. Соңғы жылдары мұнай отындарының
сапасына экологиялық талаптардың күшеюіне байланысты бензиндегі
арендер мен күкіртті қосылыстардың мөлшеріне шектеу қойылды.