2.3.
Ілеспе газдарды бөліп алу және оның құрамы
Жер қойнауынан өндірілген мұнай бір фазалы сұйық күйден екі фазалы
– газдан айырған мұнайға және мұнай газына бөлінеді. Газдан айырған мұнай
– бұл төменгі қысымда немесе жоғары температурада бөлінген сұйық
көмірсутекті компоненттері мен көмірсутекті емес қосылыстардың қоспасы.
Мұнай газы – бұл газ және бу күйіндегі көмірсутекті және көмірсутекті емес
компоненттердің қоспасы.
23
Жерасты мұнайынан газдың бөлінуі кейде мұнай ұңғымаларының
тартпа-компрессорлы тұтіктерде басталады да, одан әрі қысымның төмендеуі
есебінен құбырдың бойымен ілгері жылжиды. Жерасты мұнайының ағыны
екі фазалы мұнайгаз ағынына айналады. Мұнайгаз ағыны қалыпты жағдайда
сақтайға немесе алыс қашықтыққа тасымалдауға келмейді, себебі бөлінген
газдың көлемі әдетте сұйықтың көлемінен бірнеше ондық есе артық болады.
Сондықтан оларды бірге сақтау немесе тасымалдау үшін үлкен герметикалық
қазандар және үлкен диаметрлі құбырлар құрастыру керек.
Мұнай кенорнында мұнай мен газды бірге жинау және тасымалдау
белгілі бір экономикалық тиімді қашықтыққа дейін жүргізіледі, сонан соң
мұнай мен бөлінген газды бөлек тасымалдайды. Ол үшін алдын-ала мұнайгаз
(мұнай-су-газ) ағынын мұнай (су-мұнай) және газ ағындарына бөледі.
Мұнайгаз ағынын белгілі қысым мен температурада реттеп отыратын
арнайы аппаратта бөледі, яғни газды мұнайдан толық бөлу үшін жағдай
жасалады. Мұнайдан газды бөліп алу процесін сепарация деп атайды, ал
мұнайдан бөлінген газды ілеспе (мұнайөндірістік) газ деп атайды. Алайда,
газдың бір бөлігі мұнайда еріген күйінде қалады және мұнайды
тұрақтандыру кезінде толықтай бөлініп алынады. Мұнайды шығынсыз мұнай
өңдеу зауыттарына тасымалдап жеткізуді қамтамасыз ету үшін мұнайды
тұрақтандыру процесін жүргізеді. Бұл кезде мұнайдан жеңіл (пропан-
бутанды және аз мөлшерде бензин) фракцияларды бөліп алады.
Сепарация мен тұрақтандырудың барлық сатысында мұнайдан бөлінген
мұнай газының жалпы мөлшерін газдың жұмыс ресурсы деп атайды. Мұнай
газын өндіру мен оның жұмыс ресурсы арасындағы қатынас газдың ресурсын
пайдалану коэффициенті (деңгейі) деп аталатын көрсеткішпен сипатталады.
Газ ресурсын пайдалану коэффициентін бірлікке жақындату, яғни
толықтай пайдалануды барынша қамтамасыз ету мұнайгаз өндіретін
кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі.
Дүние жүзінде өндірілетін газдың жалпы мөлшерінің шамамен 30%
ілеспе мұнай газдарының үлесіне келеді, оның 25% артығы газды жинауға,
дайындауға, өңдеуге және тасымалдауға қуаты жетпегендіктен факельдерде
жанады.
1 Тонна мұнай өндірілгенде бөлінетін іліспе газдың мөлшері (нм
3
) газды
фактор деп аталады. Газды фактор жер қыртысында мұнайдың пайда болуы
мен жиналу жағдайына байланысты. Бұл көрсеткіш Қазақстанның және
Ресейдің мұнай кенорындарында орта есеппен 120 нм
3
/т жоғары болады
(кесте 2.2). Газды фактор мен газ ресурсы кенорындар бойынша мұнайды
өндіру көлемінің бөлінуінен, кенорнын игеру технологиясынан, мұнайгаз
қоспасын жинау және сепарациялау жағдайынан, климат жағдайынан және
басқа факторлардан байланысты өзгеріп тұрады.
Табиғи газ негізінен метаннан тұрады, ал ілеспе газдардың құрамында
біраз мөлшерде С
3
және одан жоғары көмірсутектер болады.
Әртүрлі кенорындары мұнай газдарының сапалық сипаттамасы бірдей
болмайды және ұңғыманы игеру процесінде өзгеріп тұрады.
|