А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет23/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   153
Байланысты:
S4
Вредные привычки и как с ними бороться
3.
 
МҰНАЙДЫҢ ЖӘНЕ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ 
ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ 
 
3.1. Мұнайдың фракциялық құрамы 
 
Мұнай және мұнай өнімдері көмірсутектер мен басқа қосылыстардың 
өте күрделі қоспасы. Оларды кәдімгі айдау әдістері бойынша жеке заттарға 
бөліп алу мүмкін емес. Әдетте, мұнайды және мұнай өнімдерін айдау арқылы 
жеке бөліктерге бөледі, бұлардың әрқайсысы көмірсутектердің күрделі емес 
қоспасынан тұрады. Мұндай бөліктерді 
фракциялар 
немесе 
дистилляттар 
деп атайды. Мұнай фракцияларының жеке қосылыстар сияқты тұрақты 
қайнау температуралары болмайды. Олар белгілі бір температуралар 
аралығында қайнайды, яғни қайнаудың басталу (қ.б.) және қайнаудың 
аяқталу (қ.а.) температуралары болады. Қайнаудың басталу және аяқталу 
температуралары фракцияның химиялық құрамына байланысты болады. 
Сонымен, мұнайдың және мұнай өнімдерінің 
фракциялық құрамы 
белгіленген температуралық аралықта қайнайтын әртүрлі фракциялардың 
құрамын көрсетеді. Мысалы, «фракция 180–350 
о
С» көрсеткіші фракцияның 
180 
о
С бастап 350 
о
С дейін қайнайтындығын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің 
үлкен практикалық мәні бар. Мұнайдың фракциялық құрамы арқылы қандай 
мұнай өнімдерін және қандай мөлшерде бөліп алуға болатынын анақтайды. 
Бензиннің және басқа да мотор отындарының фракциялық құрамы олардың 
буланғыштық дәрежесін сипаттайды.
Өндірістік қондырғыда мұнайдан бөлініп алынатын негізгі фракциялар 
мыналар: 
бензинді – 
қ.б. (28
о
С) – 180 
о
С (керосин фракциясы бөлініп алынбаған) 
немесе қ.б. (28
о
С) – 150 
о
С (керосин фракциясы бөлініп алынған); 
керосинді 
– 150 
о
С – 250 
о
С; 
дизельді 
– 180 
о
С – 350 
о
С (керосин фракциясы бөлініп алынбаған) 
немесе 250 
о
С – 350 
о
С (керосин фракциясы бөлініп алынған). 
Осы фракциялардың жиынтық шығымы (350 
о
С дейін) мұнайдағы ашық 
түсті фракцияларды құрайды. 
350 
о
С жоғары фракциялардан вакуумды газойль 350-500 
о
С және гудрон 

500 
о
С – ең ауыр өнімдер алынады. 
Фракциялық құрамын анықтау үшін мұнайды немесе мұнай өнімдерін 
арнайы құралда белгілі температурада қыздырып айдайды және координат 
жүйесіне айдаудың қисық сызығын тұрғызады: 3.1. суретінде көрсетілгендей 
етіп абсцисса осіне – фракцияның шығымын (көлемдік немесе массалық %), 
ал ордината осіне – қайнау температурасын (
о
С) орналастырады. 
Мұнайдың және мұнай өнімдерінің фракциялық құрамын анықтайтын 
барлық әдістердің негізі қайта айдау (дистилляция) процесі болып табылады. 
Зертханалық тәжірибеде кең қолданыс тапқан қайта айдау түрлері мыналар: 
1)
біртіндеп булану принципіне негізделген қайта айдау: а) атмосфералық 
қысымда 350 
о
С дейін қайнайтын мұнай және мұнай өнімдерін айдау;


32 
ә) вакуумда 350 
о
С жоғары қайнайтын мұнай өнімдерін айдау;
б) дефлегматорды қолдану арқылы айдау; в) анық ректификациямен айдау;
2)
бір рет булану принципіне негізделген қайта айдау; 
3)
жоғары молекулалы қосылыстар үшін молекулалық дистилляция; 
4)
имитацияланған қайта айдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет