41
тежейді.
Сондықтан
шайырлардан
тазартылғаннан
кейін
майлы
дистилляттардың қату температурасы жоғары болады. Кейбір заттарды
минералды майларға қосқан кезде, олардың қату темпера-турасы төмендейді,
мұндай заттарды
депрессорлы қосымшалар
немесе
депрессаторлар
деп
атайды.
Құрамында парафинді көмірсутектері аз немесе мүлдем жоқ мұнай
өнімдері
коллоидты
(шыны
тектес)
күйге
өтуіне
байланысты
қозғалғыштығын жояды, бұл олардың тұтқырлығын шұғыл жоғары көтереді.
Мұнай өнімдерінің қату температурасы ГОСТ 20287-91 бойынша
анықталады. Алдын-ала қыздырылған және сүзілген мұнай өнімін
стандартты пробиркаға белгіге дейін құяды да, термометр кигізілген
тығынмен жабады. Пробирканы қатты шайырлы заттар балқығанша немесе
сұйық мұнай өнімдерінде ерігенше қыздырады. Алдын-ала қыздыру
нәтижесінде шайырлы заттарға бай мұнай өнімдерінің қату температурасы
төмендейді, ал парафинге бай мұнай өнімдерінің қату температурасы
жоғарылайды.
Қыздырылған
пробирканы
арнайы
салқындатқыш
ыдысқа
орналастырып, шамамен қату температурасына дейін салқындатады. Осы
температурада пробирканы 45
о
қисайтып, қайтадан бастапқы қалпына қояды,
осы кездегі мұнай өнімі деңгейінің өзгерісін байқайды. Осылайша
пробиркадағы мұнай өнімі деңгейі біраз уақытқа өзгеріссіз қалғанша
салқындатуды жалғастыра береді. Осы кездегі температура-ны мұнай
өнімінің қату температурасы деп қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: