65
Тұндыру хромотографиясын
алғаш рет 1948 жылы Е.Н. Гапон және
Т.Б. Гапон ұсынған. Бұл әдіс иониттің құрамына кіретін тұндырғыш пен
тасушының қоспасымен зерттелінетін заттың әрекеттесуіне негізделген.
Нашар еритін қосылыстардың бірінен соң бірін фракциялап тұндыру арқылы
бөлуге болады.
Таралу хроматографиясы
екі араласпайтын сұйықтар арасында
заттардың таралуына негізделген. Бұлар экстракция заідылықтарына
бағынады.
Заттың бір-бірінде араласпайтын екі сұйықтық арасында таралуының
негізі заңы мына формуламен өрнектеледі.
/
p
o
b
K
C
C
мұндағы, К
Р
– таралу коэффицентті (тұрақты шама), C
о
және C
b
– сулы және
органикалық ерітіндідегі анықталатын компоненттің концентрациясы,
моль/л. Тәжірибеде органикалық және сулы ерітінділерді жиі қиыстырып
қолданады.
Тотығу-тотықсыздану хроматографиясын
алғаш рет 1960 жылы К.М.
Ольшанова ұсынған. Хроматографияның бұл түрінде компоненттерді бөлу
зерттелінетін иондар мен колонкадағы заттар арасындағы тотығу-
тотықсыздану процестерінің жылдамдықтарының әртүрлілігіне негізделген.
Иондарды бөлу мүмкіндігін тотығу-тотықсыздану потенциалдарының
шамасы бойынша тауып, осыған сәйкес зерттелінетін иондардың
колонкадағы затпен реакциясының бағытын анықтайды.
Адсорбциялы-комплекс түзуші хроматография
түзілетін комплексті
қосылыстардың тұрақсыздық константалар шамасының әртүрлілігін
пайдалануға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: