Ауызша сөйлесімде берілген тақырыптар аясында лексикалық бірліктерді, сөз тіркестерін қолданады;
Ақылшын тілінде іскерлік қарым-қатынас негізіндегі сөйлеу – клишелерді меңгереді;
Өзге елдің қаражаты, қызмет көрсету түрлерін біледі;
Диалогтық сөйлесуде мұғалімнің және сыныптастарының сөйлеуін, мұғалімнің сабақ барысына байланысты нұсқауларын түсінуі және тақырып бойынша сұрақ - жауап алысу арқылы әңгімелей алады.
Өзін қызықтыратын тақырыпқа өз ойын, жеке әсерін білдіріп, берілген үлгіге қарай отырып шағын эссе жазады.
Мәдени танымдық коллаждар, карталар, салыстырмалы кестелер, ағылшын тілінде сөйлейтін елдердегі іскерлік қатынастарды, хат жазу үлгілерінің арасындағы сәйкестіктер мен айырмашылықтар, ұлттық - мәдени ерекшеліктерді тірек сөздерге сүйене отырып, ағылшын тілінде еркін әңгімелей алады;
Тірек сұрақтар негізінде тақырыпты сипаттайды;
Өз пікірін білдіріп хат, электрондық хат жаза алады;
Қарым-қатынаста ағылшын тілінде қызмет көрсетеді.
Таныса оқу түрін қолдана отырып мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, маңызды ақпаратты тауып, түсіндіреді.