Бес уақыт намазыңды жинамасаң,
Ораза ұстап жаныңды қинамасаң.
Алланың кешірмейтін бір күнәсі –
Ата менен анаңды сыйламасаң
деп Орманбай сияқты қаншама ақын-жыршылар өмірден шариғаттың туралығын насихаттап жырлап өткен. Ал олардың бәріне арқау болған Құран Кәрім Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) мына сияқты хадистері: «Кім де кім Алла Тағалаға тәуекел етсе, Алла оның барлық арман-мақсаттарының орындалуына кепілдік береді», «Жұмақ – анаңның табанының астында», «Әкеге бағыну Аллаға бағыну, әкеге қарсы келу – Аллаға қарсы шығу». Бәрі де бір-бірімен үйлесіп жатқан рухани үндестіктер.
Ертегі оқиғасының негізгі қызығы енді басталады. Себебі шәкірттің рухани өсу үшін толып жатқан сынақтардан өтуі тиіс. Бұрынғы кездері әулиелер шәкірттерінің руханиятын сынау мен шыңдау үшін ел кезіп сапарларға шығатын болған. Сол сияқты аталмыш ертегідегі Тазша да талай сынақтан өтеді. Сынақтың сырлары мен қалай өткендігіне біз тоқталып жатпаймыз. Осында бірақ ерекше назар аударатын жайт бар, ол сынақ кезінде міндетті түрде қырық күн ғибадат ету керектігі жөнінде: «Қатыны айтты: «Қорықпай ханға барып, ханнан қырық күн мұрсат сұра!» – деді.
Жігіт жүгіріп патшаға келді:
– Алдияр, жұмсаған жұмысыңызға барайын, қырық күн мұрсат бер! – деді.
– Жарайды, ал! – деді хан.
Жігіт үйіне келді. «Мұрсат берді ме?» – деді.
Жігіт айтты: – берді, – деді.
Қатына айтты: «Бұл шаһарға бар, мойнында арқаны бар, арқасы жауыр бір шабдар ат сатып ал».
Жігіт шаһарға келді. Бір шабдар атты бір жігіт сатамын деп жетектеп жүр екен. Жүз елу сом беріп, жауыр шабдар атты алып үйіне келді.
Қатыны айтты: «Сен қырық күн үйде отыр, оразаңды ұста, мен шабдар атты алып кетемін, семіртіп әкелемін», – деді.
«Жарайды» деп байы қалды. Қатыны шабдар атты жетектеп кетті. Қырық күн болды дегенде шабдар атты жетектепқайтып келді. Шабдар атты семіртіпті...»
Ертегінің екінші («Алтын сандық», В.Радлов) нұсқасында соған сөйлем кеңірек берілген. Мұның өзі жыл өткен сайын ертегілердің түп нұсқасы әр түрлі өзгерістерге ұшырап, рухани мағналарының көп көмескіленгенін көрсетеді. Екінші толықырақ нұсқа: «Қатыны айтты: «Сен қырық күн үйде отыр, оразаңды ұста, бес уақыт намазыңды оқы», – деді. «Мен шабдар атты алып кетейін, семіртіп әкелейін», – деді. «Жарайды» – деп байы қалды. Оразасын ұстады, намазын оқыды. Қатыны шабдар атты жетектеп кетті. Қырық күн болды дегенде шабдар атты жетектеп келді. Шабдар атты семіртіпті...»
Анықтап қарайтын болсақ, шәкірт пен ұстаздың және ат сатушы жігіттің арасындағы әңгімелердің барлығы да жұмбақталып отырғанын аңғару қиын емес.
Мысалы шабдар ат және оның арқасының жауыр болуы, сонымен қатар оны ерттегенде алдыңғы айылын бос, артқы айлын берік тарту керек екендігінің барлығы да жұмбақталған нақты рухани мағынасы бар іс-әрекеттер мен деректер. Солардың бірі – ат. Ат еретегілерде ақылдың мағынасын білдіреді. Атқа қатысты айтылған деректердің барлығы да ақыл қасиеттерін сипаттайды. «Ат – ер қанаты» деген мақалдың рухани мағынасы осында жатса керек. Оларды анығырақ тоүсіну үшін алдымен Құранның мағынасымен терең таныс болуымыз шарт. Ал оның барлығын бір мақаланың көлмінде айшықтап отыру қиынға соғады. Сондықтан біз осында кездесетін қырық санының құпиясына тоқталып өтейік. Жалпы қырық саны бұл ертегіде ғана емес, ертегілердің басым көпшілігінде кездеседі. Сонымен қатар негізінен көп кездесетін сандар: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он екі, отыз, қырық, жүз, мың және олардың еселіктері. Осылардың ішіндегі алғашқы он санның әрқайсысының өзіндік сырлары мен маңызы бар, ал солардың ішіндегі ең жиі кездесетіні – жеті саны. Бұл заңдылықты түсіну қиын емес. Себебі жеті саны жердің саны болып табылады. Аптада жеті күн бар, аспан мен жер жеті қабаттан тұрады. Жердегі кезедсетін түстің барлығы да ақ жарықтың жетіге жіктелген шуақтарының (спектр) қосындысынан құралады. Бірақ үн мен дыбыс жеті әуезбен (нота) сипатталады, жер қыртысын құрайтын барлық химиялық элементтердің шектік валенттілігі – жеті. Сол сияқты шегі жоқ жер құрылымындағы сәйкестік заңдарының барлығы осы жеті санына негізделген.
Ал аспан саны – бес. Жердің құрылымы жеті санына сәйкестендірілгенімен төрт тектен тұрады. Олар – жер (қатты), су (сұйық), ауа (газ), және от (плазма). Айналасына ойлы көзбен қараған ақылы бар адам баласы Алланың белгілерін айдан анық көре алады. Ал өз денемізге бір зер салып қарасақ, одан да көп толып жатқан белгілерді байқауға болады. Ол туралы Құран Кәрімде де көп айтылған (41:53). Сол белгілердің бірі мынау: адам қолындағы бес саусақтың бірігіп тұрған төртеуі осы төрт текті, яғни адамның топырақтан жаратылғанын білдірсе, бесінші тіке тұрған бас бармақ аспанға қарап, Жаратушының жалғыздығын көрсетеді.
Жеті мен бестің қосындысы – он екі. Құранда «аспандар мен жер» деген тіркес жиі кездеседі. Одан жердің жалғыз, ал аспанның көп екендігі туралы мағына шығады, ал аспан әлеміндегі жер, күн, ай айналысы құбылыс заңдарының барлығы да осы он екі санына негізделген.
Қолдағы төрт саусақтың әрқайсысысы айқын бөлінген үш буыннан тұрады. Бұл – үш айдан тұратын жылдың төрт маусымы, ал бәрі бірігіп келгенде бір жылдағы он екі айды сипаттайды. Ал бас бармақтағы екі буын барлық нәрсенің қарама-қарсы екі зат, екі күй, екі қасиет, тағы да толып жатқан жұптылық заңын және оның барлығын да игеріп тұрған жалғыз Алла Тағала екенін білдіреді. Төрт саусақтың екеуі бірдей, бұл – көктем мен күзгі күн мен түннің теңелуі болса, қалған екеуінің бірі ұзын, бірі қысқа; бұлар қысқы және жазғы күннің ұзару мен қысқаруын білдіреді. Әр саусақтың алақан ішінде көрінбей тұрған тағы да бір-бір буыны мен бөлек-бөлек жатқан жеті жалпақ сүйек бар. Сонда адам алақанында он тоғыз саусақ буедары мен жеті алақан сүйектері, ал барлығы қосылып жиырма алты сүйек бар екен.
Саусақтардағы он тоғыз буын саны жоғарыда айтылған он екіге жетіні қосқанда шығады. Он тоғыз саны Құран Кәрімнің математикалық кілті болып саналады. Оны аналық сан деп те атайды және ол туралы Құран Кәрімде де аят бар (74:30). Ол өте терең әңгіме, бір сөзбен айтқанда, Құранның бүкіл математикасы мен жалпы математиканың үйлесімдік заңы осы санда жатыр. Оған тоқталмай, тағы да он тоғызға жетіні қосайық. Бұдан шығатын санның сырын көзі қырағы оқырман бірден түсінеді. Ол – жоғарыда әңгіме болған темір саны мен адам алаанындағы сүйектер саны – жиырма алты. Жиырма алтының одан да басқа толып жатқан сырлары бар. Оларға бөгелмей осы бағытпен жылжи берсек, келесі аялдама – отыз үшке тоқтаймыз. Отыз үш саны Құран Кәрімдегі Алла Тағаланың негізгі үш ұлы есімдерінен шығатын («Субхан» – пәк, «Алхам» – мақтаулы, «Акбар» – ұлық), әрқайсысы отыз үшке топтастырылған тоқсан тоғыз есімін білдіреді. Таспиық санының отыз үш болатын осыған байланысты, себебі, мұсылмандар намазлан соң Аллаға зікір айтқанда осы есімерді мадақтайды. Сонымен қатар отыз үш саны ақырзаман алдында жерге қайтакелетін Иса Пайғамбардың жақсы болса, махшар күні барлық адамдардың бірдей боп тірілетін жасы да осы – отыз үш.
Егер осы отыз үш санын тағы да терең талдай беретін болсақ, Шәкәрім атамыздың «Үш анық» еңбегінің түйініне келіп тірелеміз. Шәкәрім атамыз бұл еңбегінде адам ұжданының қасиетін, оның мәнісін ашып көрсетеді. Ол - әділет, қанағат және мейірім қасиеттерінің жиынтығы. Бір сөзбен, имандылықтың белгісі деп те айтуға болады. Себебі иман жүзді адам дегеніміз – ұжданды адам деген сөз. Құдай мен дамды жалғастырушы – осы иман. Адам өз бойынан Алланың үш топқа жіктелген тоқсан тоғыз сипатын табуы тиіс. Сонда ғана оның иманы түгел, ұжданды болады.
Жеті мен қырықтың көбейтіндісі екі жүз сексен береді. Ал екі жүз сексен саны екінші жағынан отызды тоғызға көбейтіп, оған онды қосқанға тең. Он мен тоғыздың айырмасы – бір. Мұны басқа сөзбен тоғыз ай, тоғыз күн және бір деуге болады. (40х7=280=270+10=270+9+1=30х9+9+1). Бір – Алла деген сөз Сонда бала ана құрсағында жеті қырық күн жатады да екі жүз сексенінші күні Алланың әмірімен жарық дүниеге шығады. Дүниеге келген адамның рухани өсуінің жеті сатысы да ана құрсағында жатып даму заңдылықтарымен үйлестірілген. Осы жеті санының барлық санынан өткен адам ғана Құдайға жетеді, пайғамбар дәрежесіндегі ұлық әулие болады. Қырық күндік ғибадат туралы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисіне былай дейді: «Кімде-кім Алла Тағалаға құлшылық қылып, қырық күн таң атырса, оның жүрегінен даналық пен хикметтер бұлақша ағып шығады». Ал Құран Кәрімде қырық күндік ғибадат Мұса (ғ.с) Пайғамбарға Тәураттың түсуімен көрсетілген (2:51). Бұдан мешітке қамалап, әйтеуір қырық күн құлшылық қылса болды, дбір сатыдан өтеді деген түсінік шықпау керек. Оның барлығы да терең сырлы рухани сынақтар.
Негізінде әулиелік қасиеттер адамның бойынан рухани өсудің үшінші сатысынан өткенде-ақ байқала бастайды. Сондай жүрек көздері ашылған әулилер қазақ даласында өте көп болған. Солардың ішіндегі Аллаға жетудің барлық жеті сатысынан өтіп, рухани кемелдікке жеткен жер бетіндегі әулиелердің бірегейі - өзіміздің Қожа Ахмет Иассауи бабамыз.
Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың есімі мен оның құрметіне арнап Әмір Темірдің салдырған зәулім мешіт кесенесі бүкіл мұсылман елдеріне аян. Сол Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың ислам дінін түркі даласына нұр қылып шашып, Түркістанды әлемдегі екінші Мекке – руханияттың қайнар бұлағына айналдырған кездегі, шәкірт оқытып-тәрбиелеу үшін салынған мешіт-медреселерді мен осы күнге дейін сақталған. Бекет Атаның қазақ сахарасына дін тарату мақсатымен салған бес мешіт-медреселерінің үш ерекше ұқсастықтары бар. Олар – мешіт пен медресенің бір жерде орналасып, шәкірттердің сонда жатып оқуы және міндетті түрде зікірхана мен шілхананың болуы. Зікірхана Алланың әмір еткен ұлы ғибадаты – зікір салатын орын болса, шілхан – қысқы шілденің суығы мен жазғы шілденің ыстығы сияқты рухани кемелдену үшін сынақтың ыстық суығынан өту мақсатында осы ертегідегі әңгіме болып отырған қырық күндік ғибадат орындайтын орынболып табылады. Шілхана парсының «чил» - қырық сөзінен, қырық күндік ғибадат орны дегенінен шыққан.
Дәл осындай ұқсастықтарды Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың тәрбиелеп, жүрек көздерін ашып, Алланың хақ діні Исламды түркі даласына тарату үшін жер-жерге жіберген шәкірттері: Шопан Ата, Қараман Ата, Шақпақ Ата мешіт-медреселерінен де көре аламыз. Бұл мешіт-медреселердің ерекшеліктері: тау жартастардан ойылып жасалғандықтан осы күнге шейін сақталған. Шын мұсылман мешіттерінің үлгісі мен дінінің қалай таралу керектігінің айғағы ретінде табиғаттың небір сұрапыл күштерінен тайсалмай, Құдайға құлшылық қылушыларын күтіп тұр. Бірақ өкінішке орай, бұл ғибадат емес, тарихи ескерткіш пен зиярат орындарына айналып кетті. Ал бүгінгі күні мешіттерде зікірхана да, шілхана да атымен жоқ, тіпті оның не екенінде ұмытқан. Зікірді ұмыту – Құдайды ұмытқанмен бірдей, себебі Алла тағала Құран Кәрімнің өзінде сексен сегіз аятпен бекітіп, зікір етуге бұйырады. Зікірдің мағынасы – Алланы еске алып, Ұлы есімдерін мадақтап, жасаған күнәләрға кешірім сұрау. Алла Тағаланың өзі Құран Кәрімде «Мені еске алсаңдар, Мен де сендерді еске аламын» деп ескертеді (2:152). Сексен сегіз аятпен зікірдің мағынасы мен маңызын ашып, зікір етуді парыз қылып бұйырады. Тіпті, мешіт зікір салатын орын және кім зікірге қарсы болып, мешітті бұзуға әрекет жасаса адамдардң ең залымы сол, оларға екі дүниеде де зор азап бар екенін анық айтады. (2:114).
Қызылдардың қылышы діндар адамдарды жаппай қырып, мешіт-медреселерді қираттқаннан кейінгі жетпіс жыл болғандықта зікір мен намаз түгілі, Құдайдың өзінде ұмыттық. Құдайға шүкір, егемендігімізді алып, хақиқатта қарай бет бұрған иман іздеуші жас-кәрілер көбейіп келе жатыр. Бірақ, өкінішке орай, көгеріп, гүлденіп жатқан дінінің көкжиегі көрінбейді. Себебі, иман табылмай жатыр, иман таза жүректен ғана табылады. Ал Пайғамбарымыз өз хадисінде: «Барлық нәрсенің тазартқышы бар, жүректің тазартқышы – тек Алланы зікірі» дейді.
Құдайдың Құрандағы зікірін бақсы-балгерлердің зікірімен шатастыруға болмайды. Бақсы-балгерлердің зікірі көзге ерсі көрінеді. Олар естерінен айырылып, өз еркінен тыс тұрпайы іс-әрекеттер жасайды: отқа түседі, қызған темір жалайды, тілінен ине-жіп өткізеді, бірін-бірі ат қылып мінеді, қамшымен сабайды... Ал шын зікірде адамның барлық жасайтын іс-қимылы өз еркімен және белгілі бір тәртібі бар жүйемен жүреді, барлық адам бірге, бірдей жасайды. Зікірдің мағынасы мен мәнісін түбегейлі түсіну үшін оны ғылыми түрде, соның ішінде медицинаға сүйеніп талдау керек. Себебі, зікір салудың мыңсан рухани шараптары бар. Қазіргі ғылыми тілмен айтқанда: зікір салу – жай ғибадат қана емес, адам ағзасының барлық ауруларын алдын алатын, сонымен қарат жан мен тән кеселдерінен айықтырып, көңілі мен бет-келбетін едәуір жасқа жасаратын дүниеде теңдесі жоқ жүйелі, әрі қарапайым амалдар жиынтығы болып табылады. Зікірді ұғынған медицина мұсылмен дінін түбегейлі мойындап, өзіне тың ғылыми-практикалық серпілістер табар еді.
Зікірдің қазақ жерінде кешегі күнге дейін болғандығына дәлелдер мен көздері тірі куәгерлер өте көп. Бір ғажабы – ол ертегілерге де еніпті: «Байының сөзіне қарамастан әйелі молаға барады. Бұл солаға келіп жетсе, моланың көлеңкесінде ақ сәлделі басында, қарагер аты астында, зікір салып, бір әулие тұр екен. Әйелді көре салып: «Өңі-түсі қашып, жүдеп-жадап жүрген не қылған адамсың?» – деп сұрайды. Әйел өзінің балаға мұқтаждығын, көп заманнан бері Құдайдан тілегенімен, ештеме бермегендігін айтып, Құдайға наразы болып, еліне қайтып келе жатқандығын баян етеді. Сонда әулие тұрып: «Мен саған екі қыз, бір ұл берейін, қолыңды жай, жылама», – дейді де судырлатып батасын бере бастайды. «Ұлың атын – Әлібек, қыздарыңның атын – Қаныкей мен Тотай қой», – дейді де ғайып болады» («Әлібек батыр» ертегісі, «Ертегілер», 4 том, 71-бет, Алматы, «Жазушы», 1989 жыл).
Қасиетті Құран Кәрімге негізделген Ислам дінінің мақсаты – иекке сақал, басқа сәлде салып, мұсылмандығын көрсету үшін өтірік намаз оқу, ал оқымағандарды автоматпен ату емес. Керісінше, шын Ислам діні – терең ғылым және сол ғылымға негізделген адамның көркем амалдары болып табылады. Абай атамыз өзінің оныншы қара сөзінде: «Ғылымсыз ахиретте жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды» және қырық төртінші сөзінде: «Оның үшін кітап сөзіменен ізденген талап болса, әуелі көкіректі тазалау керек дейді, онан соң ғибадат қыл дейді» десе, Шәкәрім атамыз:
Ғылымсыз адам – айуан,
Не қылсаң да ғылым біл.
Ғылымға да керек жан,
Ақылсыз болса ғылым тұл.
Ақылына сынатпаған адам – айуан,
Десем-дағы бола қоймас сөзім ағат.
«Ақылыңа сынат!» деп дәлел айтқан,
Құраннан кездеседі талай аят, –
деп Құран ғылымының маңызын ай мен күндей жарқыратып ашып береді. Ал ол ғылымды игеруді неден бастау керек екендігін және Абай атамыз анықтап ашып айтады.
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.
Ашу да, ақыл да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуіңнің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.
Осындай ұлық аталарымыз Исламның бүкіл негізін қазақша сайратып қойғанда, біздердің шынайы мұсылмандықтың жұрнағы да қалмаған жат елдерден дін іздеуімізді қалай түсінуге болады?! Қандай ойлармен келетін бір Құдай білетін шет елдік, «діндарларға» сонша жалпақтайтынымыз – қай сасқанмыз?
Қырық елден қырық түрлі дін оқып-үйреніп келген жас жеткіншектердің ескінің көзін көрген кәрі шалдармен, әрі әр жерлерде өзара да қырық пышақ болып жатқандарын көріп жүрміз. Әсіресе, адам ең көп жиналатын Алматының орталық мешітіне барғанда, бір дін болса да бір жүйе жоқ, қырық түрлі құлшылықтың түрін көріп, бұрынғы бірдей тұрып-жығылатын шалдардың намазына зар боласың. Осының өзі-ақ шеттен келіп жатқан діннің ертеңгі күні (Құдай бетін аулақ қылсын) туып қалуы мүмкін қауіп-қатердің себепшісі болатындығының айқын белгісі емес пе...
Дін – араб тілі емес. Дін – жүрек тазалығы. Жүрексіз адам жоқ, ол бәрінде де бар. Бірақ таза жүрек таза ақылмен амал қылған адамға ғана болады. Шәкәрім атамыздың күйінетіні де сол:
Таза ақылмен таппаған дін,
Шын дін емес, жындылық.
Қармалаған бір соқырсың,
Өлген ой мен көз құлақ.
Шәкәрім атамыздың «байланған ой, көз, құлақ» дегені – Алла Тағаланың «жүрек көзінің соқырлығы» туралы аяттары. Құран Кәрімде адамдардың көздері көргенімен көкіректеріндегі жүрек көздері соқыр, сондықтан ешнәрсе ұқпайтындығы анық айтылған (22:45).
Діндегі амалға келетін болсақ, оның мақсаты – жүректі кірлетпей таза ұстау мен айналадағыларға тек қана жақсылық жасау. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінде бір-ақ сөзбен «Ислам діні дегеніміз - шынайлық» дейді. Ал Шәкәрім атамыз оны былай аша түседі:
Анық асық әулие,
Кереметке сол ие.
Жаны құрбан жарына,
Керексіз өзге дүние.
Шын қасиет соларда,
Дегенім күнә болар ма?
Құбылма мінез, тайғақ ой,
Екі сөз болмас оларда.
Сандардың сырларын саралап санап, оған дінді кірістіріп отырғанымыз – мақаламызды көркемдеу, яки болмаса көп нәрсені көрсетіп қызықтыру емес. Мұндағы мақсат – шын ақиқат Ислам діні мен Құран Кәрімнің қандай қазына екендігін, тарихи, ғылыми, ақыли деректерге сүйене отырып түсіндіру және оның нақты өмірде қандай болу керектігін баршаңызға бала кезден белгілі, бойына бүкіл ғылым мен руханиятты бүгіп жатқан қарапайым ертегілердің мысаланда дәлелдеп көрсетуге тырысу.
Енді жоғарыдағы ертегімізге қайта оралайық. Тазша қырық күндік шілге отырып шығып, өз бойынан рухани өзгерістер табады. Ол әйелі семірткен шабдар атқа мініп, ормандағы жолбарыстарды айдап келуінен көрініп тұр. Ханның тапсырмасын орындағаны – бірінші сынақтан аман-есен абыроймен өткені. Енді Тазша келесі сынақтарға түспек. Оның барлығын да талдап жатпай ертегінің сандарға қатыстыайтылған жерлеріне тоқталып өтейік:
«Жігіт үйіне келді, жылады.
Қатыны: «Жылама, үш күн мұрсат сұра», – деді. Хан үш күн мұрсат берді. «Сен жігітім, бар, сексен арба сексеуіл алып келіңіз, деп ханға айт», деді қатыны. Жігіт барды, айтты, хан сексен арба сексеуі алғызды. Бір жерге үйді. Қатыны жігітке айтты: «От жағам, төңіректің төрт бұрышын тұман етемін, сен сексеуілдің үстіне шығып тұр. Сонда көк кептер болып сені көтеріп алып кетемін».
Еретгінің осы бір кішкене ғана бөлігінде қаншама сырлар жатыр. Біріншіден, сексен арба сексеуілді алайық. Сексеуіл құмды жерде өсетін және отының қызуы күшті, әрі ең көп сақталатын қатты ағаш. «Сексеуілді сексеуілмен ұрғанда ғана сынады» дейді қазақ мәтелі. Ол келесі сынақтардың қиындығы мен қатерлігін көрсетеді, себебі Тазша тірідей отқа түсуі керек. Шын әулиелердің отта жанбайтындығы туралы тарихта деректер көп, ол Құранда Ыбырайым пайғамбардың мысалында берілген (21:69)
Сексен саны да жай кездейсоқ сан емес. Ол өзімізге жоғарыдан жақсы таныс екі қырықтың қосындысы. Сонымен қатар үш күн айтылады. Бұл тазшаның рухани өсудің үшінші сатысынан өтуін меңзейді. Рухани өсудің үшінші сатысынан өтсе, жүрек көзі ашылып әулие болмақ. Әулиені ұзтазы көк кептер болып кетіп өзімен бірге алып кетуі керек.
Адамның құсқа айналып көкке көтерілуіне сену қиын. Бірақ ол – шындық. Себебі адамның жүрек көзі ашылғанда әулие болып Себебі адамның жүрек көзі ашылғанда әулие болып, рухани ілімнің арқасында Алланың жәрдемімен небір кереметтерді жасай алады. Абай атамыздың:
Жүректің көзі ашылса,
Түседі хақтың сәулесі.
Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі,
– дегенін біз тек поэзиялық теңеу, я болмаса көркемдік бейнелеу деп қана емес, сонымен бірге нақты өз мағынасында да түсінуіміз қажет. Хикметтердің барлығы да жүректі тазалаумен жүзеге асады. Жүректі тазалаудағы мақсат – Алланың адам жүрегіне салып қойған рухты нәпсі бодауынан босатып, өзінің шын рухани болмысын ашу, басқаша атқанда, Құдайына жеткізу болып табылады. Пағамбарымыздың хадисінде Алла Тағала былай деп айтады: «Мен өзімнің тақуа құлдарымның жүрегіне ғана сыямын». Жүректі тазалаумен нәпсі блдауынан босаса, рух Алланың бір бөлшегі болғандықтан адам Жаратушының барлық қасиеттерін өз бойынан тауып, Қожа Ахмет бабамыз бен Бекет Ата сияқты Алланың жәрдемімен жақсылық жолында небір кереметтер жасайтын, тіпті ұшатын қасиетке ие әулие бола алады. Енді соған көз жеткізу мақсатында жоғарыда сөз болған «Бекет Ата» кітабының бір бөліміне назар аударалық:
«...Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда Бекет алғаш рет ұлысқа ұран атанғанда 22-23 жастар шамасындағы жігіт екен. Хиуа медресесіндегі оқуды аяқтап, үйленген соң Бекет Ата бабасынан келе жатқан құтты мекен Ақмешітте ел балаларын оқытып, ұзтаздық қызмет атқара бастайды. Көгілдір көктемнің жайма-шуақ жазға ауысар қарсаңындағы бесенбінің кеші, яғни «Қасиетті жұма» ақшамы күні таңда аян алып оянған жігіт – Бекет таң намазын оқып болған соң ауылдас ел ағаларының басын қосып, оларға таңда алған аянын айтады.
«Ал, ағалар, түнде ғажап түс көрдім. Оны айтпасам екі дүниеде де күнәһар боламын. Сіздерге таңдау ауыр болса да айтуға мәжбүрмін. Себебі, бейбіт отырған қалың ел – ауылдастарым тектен-текке қырылғалы тұр... Анықырақ айтар болсам, енді екі күннен соң сәскеде бес жүз аттылы жасақпен осы тұста отырғакн қалың елге ойран салмақ ниетпен түркмендер қарулы жасақ құрып жатыр... Түркмендерді Жем бойындағы ауылдардың тұсына келтірмей алдарынан шығып, осы арадан он шақты шақырым жерден қарсы алумыз керек. Түркменнің без жұз кісісіне елу кісімен қарсы тұрсақ жарап қалар. Иншалла, жаудың құтын қашырып, оларды соғыссыз, қан-төгіссіз кері қайтарамыз», – дейді. Бекет Атаның жігер сеніміне толы мына сөзін ұйып тыңдап тұрған ел ақсақалдары алғашында сенер-сенбесін білмей абдырап қалды. Сенейін десе, жас жігіт Бекеттен бұрын-соңды мұндай сөз естімеген, әрі оның ел арасында атақ-даңқы енді шығып жүрген