2. Оқу 5 сыныптағы базалық білім мазмұны
Геродот - тарихтың атасы (1 сағат).
«Томирис сақ патшайымы» (1 сағат).
Сақ тайпалары, сақтар – ежелгі Қазақстанды мекендеушілер, сақтар туралы парсы және грек жазбалары, сақтардың тұрмысы, шаруашылығы, олардың әдет-ғұрыптары, сақ билеушілері, сақтардың басқару жүйесі, Томирис пен Зарина – сақтардың атақты патшалары (ханшайымдары), сақтардың тәуелсіздік үшін күрестері, парсылармен соғысы, Шырақтың ерлігі, сақ мәдениеті;
Мөде – Ғұн мемлекетінің негізін қалаушысы (1 сағат):
Қазақстан территориясындағы ғұн тайпалары мөде – ғұн мемлекетінің негізін қалаушы, ғұндардың тарихы, ғұндардың шаруашылығы, тұрмысы, халықтардың ұлы көші;
Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы (1 сағат):
Шығыс даналары (әл-Фараби – шығыстың көрнекті ойшылы» Аристотельден кейінгі екінші ұстаз)
Қазақ хандары (10 сағат)
Аңызға айналған қазақ хандары Шыңғыс хан, Уыз (Оғыз хан), қазақ хандары – Керей, Жәнібек, Қасым, Хақназар, Тәуке , Абылай хан, өмірі мен саяси қызметі, Кенесары Қасымұлы, Әбілқайыр хан;
Қазақ билері (3 сағат)
Қазақ қоғамындағы билердің рөлі, Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің өмірбаяны мен қызметі;
Қазақ батырлары (4 сағат)
Қазақ қоғамындағы батырлардың алатын орны (Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Наурызбай батыр, Баян батыр)
Қазақтың көрнекі ғалымы (1сағат)
Қазақ ағартушылары, қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов, (Ш.Уәлихановтың өмірбаяны, Омбыдағы кадет корпусында білім алуы, Ф.М.Достоевскиймен достығы, Қашғарға сапары);
Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы (1 сағат)
Абай Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы (Абайдың балалық шағы. Абай – сазгер, Абай өлеңдері, қара сөздері);
Ағартушы педагог (1 сағат)
Ыбырай Алтынсарин – ғалым-ағартушы, (Ы.Алтынсарин педагог, Қазақстанда қыздарға білім беретін мектептің негізін салушы);
Алаш қайраткерлері (3 сағат)
Қазақ ұлттық зиялылары (Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов);
Ұлы Жеңіске қосылған үлес (4 сағат)
Қазақстан 1941 – 1945 жылдары, Ұлы Отан соғысы жылдарында, КСРО-ға қарсы Германияның фашистік әскери жоспары, Ұлы Отан соғысының басталуы, Ұлы Жеңіске қазақстандықтардың қосқан үлесі, Қазақстан майдан арсеналы, Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы еңбектегі ерлігі;
Ғарышты игеру (2 сағат)
Қазақстан – ғарыш айлағы (Байқоңыр, Қазақстандық ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев).
14. «Тәуелсіз Қазақстаннның Тұңғыш Президенті» (1 cағат):
Н.Ә. Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті;Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (мемлекеттік рәміздер туралы түсінік, қазақ халқының мемлекеттік рәміздері тарихынан, Қазақстан Республикасының рәміздері, Қазақстан Республикасының азаматтарының конституциялық міндеттері –мемлекеттік рәміздерді құрметтеу); Астана – Қазақстанның жаңа астанасы (біздің еліміздің бас қаласы)
Достарыңызбен бөлісу: |