Абай атындағы опера және балет театры.
2 - тапсырма.
Біріккен сөздер - Қазақстанда.
Қос сөздер - Айман-Шолпан, Біржан-Сара, Қалқаман-Мамыр.
Қысқарған сөздер - М. Әуезовтің, Ж. Шанин, Қ. Жандарбеков, И. В. Коцык.
Тіркесті сөздер - Қазақ мемлекеттік опера және балет театры, Қазақ мемлекеттік музыка.
3 – тапсырма.
- Қазақстандағы алғашқы кәсіби музыкалық театр кімнің есімімен аталады?
- Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры - Қазақстанда тұңғыш ашылған кәсіби музыкалық театр.
- Музыкалық студия қай жылы ашылды?
- 1933 жылы болашақ опера және балет театрының негізі болған музыка студиясы ашылды.
- Қазақ мемлекеттік музыкалық театры қай жылы құрылды?
- 1934 жылы музыка студиясы Қазақ мемлекеттік музыка театры болып жасақталды.
- «Айман-Шолпан» пьесасы қашан сахналанды?
- 1934 жылы 13 қаңтарда М. Әуезовтің либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» спектаклі қойылды.
- Қойылым барысында не орындалды?
- Қойылым барысында Иван Коцыктың өңдеуімен жазылған қазақ халқының халық әндері мен күйлері орындалды.
- Театрдың атауы қай жылы өзгерді?
- 1937 жылы театрдың атауы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры болып өзгерді.
- 1945 жылы театр кімнің құрметіне аталды?
- 1945 жылы ұлы ағартушы Абай Құнанбаевтың 100 жылдығына орай театрға оның есімі берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |