Кітапхана мекемесі туралы:
Ауыл аймақта 1 ауылдық кітапхана жұмыс істейді.Жалпы кітап қоры-7166
кітапты құрайды,оның ішінде қазақ тілінде – 4077 дана, ауыл бойынша тіркелген оқырман саны- 505 адамды құрайды. Ауылдық кітапхана меңгеру
шісінің ұйымдастыруымен жоспарға сай өз деңгейінде 35 мәдени іс-шара
лар және кітап көрмелері ұйымдастырылып өткізілді.Кітапхана қоры тұрақты түрде жылма жыл мерзімді басылымдар мен жаңа кітаптармен толықтыры
лып отырады.
Жастармен жұмыс жөнінде:
Ауыл аймақта 14-29 жас аралығында 1170 жас тіркелген.Оның ішінде 117-ЖОО білімгері болса, 36 арнаулы оқу орындарының білімгерлері, 266 жоғарғы сынып оқушылары.Ауылдық округте 77 жас отбасы тұрады. Ауыл жастарымен бірлесе отырып мәдени және спорттық 45 - іс –шара жоспарға сай тұрақты түрде өткізілді.Жастардың белсенділігін арттыру үшін жыл соңында жастарды марапаттау форумы өтті.ҰОС ардагерлеріне және ауыл қарияларына мектеп оқушыларының қатысуымен- 6 көмектесу акциясы өтті.
Ауылымыздың жасөспірімдер арасында «Нашақорлыққа қарсы күрес», «Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау» жөнінде ауылдық учаскелік полицияның және жастар орталығы мамандарымен бірлесе отырып ай-сайын іс-шаралар жүргізілуде.Ауылымызда жастармен мәдени іс –шаралар өз дәрежесінде жоспарға сай өткізіліп отырады.Аудандық Құлан таңы газетіне 5 мақала жарияланды.
Байланыс саласы бойынша:
Байланыспен қамтылған 1 почта бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді. Жаңатұрмыс ауылы бойынша-29 абонентке, мекемелерде -6 абонентте теле-
фон байланысы жұмыс істейді
Тазалық жұмыстары туралы:
Көріктендіру,көгалдандыру,абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары бойынша жоспары бекітіліп, бұтау , көшелерді тазарту ,орталық көшелердегі бағаналарды әктеу,сырлау жұмыстары жоспарға сай толығымен жұргізілді. Әкімшілік кеңсесі алдына гүлдер егіліп,отыратын орындықтар қойылды.Ауыл көшелері күл-қоқыстан түгелімен тазартылып,күл-қоқыстар шығарылды.
Арыз-шағымдар туралы:
Ауылдық округі әкімі аппаратына 2018 жылы жыл басынан есепті кезеңге
дейін жазбаша өтініш жеке тұлғалардан 15- өтініш қабылданып,толықтай оң қорытындысы беріліп , барлығы толығымен қанағаттандырылды,
Ауыл әкімдігіне келіп түскен арыз-шағымдар тіркеуге алынып,заң талабына сай уақтылы оларға жауап қайтарылды.2018 жылы ауыл әкімі аппаратына 76- өкім ,16-шешім қабылданып,есепті мерзімге дейін 572- кіріс және 463- шығыс құжаттары тіркелді. 8- адам ауыл әкімінің жеке қабылдануында болып,өтініштері толығымен қанағаттандырылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы.
Жаңатұрмыс ауылы бойынша 2018 жылы орын алып тіркелген қылмыстар саны -2 .1- мал ұрлығы , 1- телевышканың аккумляторы. оның 2-і де ашылған жоқ. Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша - 104 хаттама толтырылып оның ішінде - 60 штраф , 26- ескерту , 10 – сотқа жолданып, 2-і психбольницаға, 6-ы спецприемникке орналастырылды. Ауыл тұрғындарынан түскен 10 - арыз-шағым қаралып заңды шешімін қабылдады.
Жаңатұрмыс ауылдық округі бойынша бүгінгі күнге шешімін таппай отырған өзекті ұсыныс:
Жылдан жылға қалып , ауыл тұрғындары арасында шешімін таппай отырған ауыз су мәселесі күннен күнге ел сенімсіздігін қалыптастыруда.Осыны ескере отырып ,маслихаттың қарауына енгізіп қаражат бөлуге ықпал етуіңізді сұраймын.
Достарыңызбен бөлісу: |