Көкдөнен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Т.А.Атабаевтың 2018 жылғы атқарған жұмыстары туралы жылдық есебі.
.
Бюджет туралы:
Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының 2018 жылғы жалпы бюджет толық игерілді . Қарастырылған бюджетті 87066 ,0 мың теңгені құрады. Оның ішінде: мемлекеттік сатып алуға 16331,0 мың теңге, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 3247,0 мың теңге бөлінген. Бөлінген қаражаттар өз мақсатында және ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы аясында іске асырылды.
Салық төлемдері бойынша:
2018 жылы жеке тұлғалардың табыс салығы бойынша жоспар 510000 теңге болса,түскен түсім 510000 теңге 100 ℅ орындалды, көлік салығы бойынша жоспар 2 302 000 теңге болса, орындалғаны 3 445660 теңге, 106℅ Жер және мүлік салығы толық жиналып жоспар орындалды.
Әскери сала:
Көкдөнен ауылдық округі бойынша барлығы -320 запастағы әскери міндеттілер бар, оның ішінде запастағы офицерлер -19, запастағы сержанттар - 39, запастағы жарамды солдаттар-135, әскери қатарында болмаған жарамсыз солдаттар - 61, әскери есепте тұрған әйелдер - 9, матростар - 4, арнайы есепке тағайындалған әскери міндеттілер - 44.
2018 жылы аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінен 138 азаматқа әскери шақыру қағазы берілді. Олардың медициналық тексеруден өткені 38 адам, әскери қатарына алынғаны – 11 , денсаулығы жарамсыздар – 13, үйленгендері -25 , білімгерлер 51 азамат.
Достарыңызбен бөлісу: |