Абай ауылдық округінің әкімі М. Арыстанбековтың есебі



бет19/54
Дата12.10.2020
өлшемі111,54 Kb.
#65540
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54

Сонымен қатар, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша Луговой ауылынан 10 азамат 31,8 млн теңге мал шаруашылығымен айналысуға, несие алып жұмысын бастап отыр.

Ендігі жерде, ауылымызды көріктендіру, абаттандыру жұмыстарын жүргізу – күн тәртібіндегі мәселе болғандықтан,а уыл әкімінің жұмысының басты мақсаты – халыққа өмір сүруге барынша қолайлы жағдай жасау!


Ауылдың ішіндегі 9 шақырым әскери қалашық айналма жолы жөнделіп, толығымен асфальт төселінді.

Максим Горький атындағы орта мектебінің алдындағы аллеяның алаңына 2 520,0 мың теңгеге көгалдандыру жұмыстары, орталық саябақ алаңына 530,8 мың теңгеге аббатандыру жұмыстары жүргізілді.

6 087,5 мың теңгеге ауылдағы Смат Есімов, Құрымбаев және Теміржолшы көшелерінің ескі жарық шамдарын жаңа электр үнемдегіш шамдарына ауыстыру жұмыстарына жүргізілді.

Луговой ауылында футбол стадионын ағымдағы жөндеуге 1 490,0 мың теңге жұмсалып, аббаттандырылды.

Луговой ауылындағы Игілік көшесіндегі түнгі жарық шамдарына 940,7 мың теңге жұмсалып, ағымдағы жөндеуден өтті.

365,2 мың теңгеге Ауылдағы полигонға барар жолдағы Қарасу өзені арқылы өтетін көпір, Қарасу өзеніндегі жаяу жүргіншілер көпірі және Абай Даулетұлы көшесіндегі жаяу жүргіншілер көпірлеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

1 236,9 мың теңгеге Луговой ауылындағы көше бұрылыстары жолдарына шағал тас төселіп, ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды.

Луговой ауылының мән-мағынасы және моральдық тұрғыдан ескірген 11 көшенің атаулары, округ әкімінің 2018 жылғы 15 ақпандағы №16 шешімімен өзгертілді. Аталған көшелердің жаңа атаулары бүгінгі таңда қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қолданысқа енгізілді.

Ауылдың көрнекі ақпарат құралдарына келетін болсақ, 16 көшедегі үйлерге 798,0 мың теңгеге жаңа аншлагтар орнатылды. Оған қоса Луговой ауылдық округі «Үздік көрнекі ақпарат-2018» атты аудандық байқауда және облыстық байқауда «Үлгілі ауылдық округі» номинациясы бойынша бас жүлде иеленіп, жеңімпаз атанғандығын айтып өткен жөн.

Ауылдың кіре берісіндегі ауылдық округтің төлқұжаты жаңартылып, ауылдың ажарына өз үлесін қосып тұр.

Луговой ауылдық округі әкімінің аппаратында 2018 жылы 180 өкім, 109 шешім қабылданды. Жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардан 125 өтініш тіркеліп, олардың ішінде 105 өтініш қанағаттандырылды, ал 11 өтініш қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндіріліп, қалған 3 өтініште қойылған мәселелер заң талаптарына қайшы келгендіктен қанағаттандырудан бас тартылған. Аталған өтініштердің басым бөлігі жер теліміндерін заңдастыруға байланысты. Дегенмен өткен жылдармен салыстырғанда ауыл тұрғындарының жергілікті жағдайдағы мәселелер жөнінде өтініш, шағым білдірушілер қатары азайған.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша 2018 жылы 389 ауыл тұрғындары қайырылған, оның ішінде: «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» бойынша-338 тұрғын, «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» бойынша - 45 тұрғын, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» бойынша - 6 тұрғын қайырылды. Барлық өтініштер қанағаттандырылып, қызмет көрсету сапасының төмендігіне және қызмет стандарттарының бұзылуы бойынша арыз-шағым тіркелмеген.

Луговой ауылдық округі бойынша дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобымен халықпен түрлі деңгейдегі (жиналыс, дөңгелек үстел, семинар және т.б) 13 іс-шара өткізіліп, аталған іс-шараға 610 адамды қамтыған.

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің қаулысымен Луговой ауылдық мәдениет үйі 2018 жылдың ақпан айында Луговой ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып белгіленген. Аталған мәдениет үйіндегі барлық атқарылып жатқан мәдени іс-шаралары бекітілген жоспарға сәйкес атқарылып келеді. Бір жылдың ішінде кең ауқымды 32 іс-шаралар өткізіліп, 5500 ауыл тұрғындары қамтылды. Көктемгі тазалықтың 2 – айлығында елді мекеннің 48 көшесі тазаланып, 73 тоннаға жуық кездейсоқ күл – қоқыстар шығарылды. Ауылдың санитарлық тазалығын қалыптастыру мақсатында ЖК «Тазалық» мекемесінің жұмысы ұйымдастырылды. Елді мекен ішінде су ағатын арықтардың 1.5 шақырымы тазаланды. Тұрғын аулаларына жалпы саны 274 тал көшеттері және жаңа салынып жатқан аллеяға 219 сәндік ағаштар отырғызылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет