Ой толғауы арқылы түп иені (Алланы) ақылмен, яғни өлшеусізді өлшеулі ақылмен тани алмайсың деген байламға келді де, түп иені (хауасты) жүрекпен ғана сезесің деген ой танымына аяқ тірейді. Бұл байлам, яғни сопылық поэзияның өзекті танымына айналған жүрек култін мадақтайтын түрік халықтары поэзиясындағы ортақ желілі сарынды аңғартып тұр.
Осы өлең жолдарындағы «Мұтакәллимин, мантикин» сөздері - термин сөз ретінде ғасырлар бойы исламият әлемінде қолданыста болған теологиялық термин сөздер.