88
тұрғысынан қарап әділ шешім қабылдап отырған. Сондықтан қара қылды қақ бөлген
төбе басы
–
«әділ би» атануы таң қалдырмайды.
Абай өзінің беделін, білімін, әдет
-
ғұрып заңдарына жетіктігін, би
атағын
қуғын, жәбір көрген, азды
-
көпті бас бостандығын тілеген қыз
-
келіншектерге
көмекке жұмсаған көрінеді. Абайдың келіні Камалияның айтуынша, бір күні Әліман
деген жасы жиырма үштегі келіншек Абайдан өзіне
араша болуын сұрап келеді. Ол
Шөте атты жолдасының өмірден өткеніне бір жыл толғанын, одан қалған жалғыз
еркек баласының бар екендігін айтады. Туысқандарының әмеңгерлік салтты алға
тартып, маза бермей жүргенін, өзінің байға тиюге құлқы жоқ екендігін алға тартып,
көз жасын тыймай жылайды. Біраз әңгімелесіп, қал
-
жағдайын сұрасып болып, Абай
осы
жесір әйелдің ауылы
–
Топай руының басты адамдарына хат жазып беріп
жібереді. Жас әйелге «Енді ешкім тимейді, үйіңе қайт, балаңды тәрбиелеп өсір,
шаруаңа ие бол»,
–
деп ақылын айтып шығарып салған көрінеді. [3].Осыған ұқсас
тағы бір оқиға, Мамай руынан шыққан кедейдің қызы
Ақбордақ дейтін жесірді
қайнысы
әмеңгерлікпен
аламын деп зорлық көрсетіп, қараңғы үйге қамап қойыпты.
Ақбордақ қамаудан қашып шығып, Абайға араша сұрап келеді. Жесірдің қайнысы
Құнанбай
ауылына жақын адам болғанымен, Абай бұл әйелге де бас бостандығын
алып береді.
«Тура
биде туған жоқ,
туғанды биде иман жоқ» дейді халық даналығы. Абай
өзінің немере інісі Шәкәрімді де жазаға тартуы турашылдығының бір айғағы.
Шәкәрім ноғай ауылының қызы, келешек жары Айғанша сұлуды рұқсатсыз алып
қашқанда, Абай інісіне ноғай ауылына ондаған түйе, екі үйір
жылқы айыппұл
төлетуге шешім шығарады. Осы іспеттес мысалдар өте көп кездеседі. Жалпы, Абай
өз дәуірінде алпыс шақты билік айтқан көрінеді. [4] Осы келтірілғен Абай биліктері
мен билік шешімдерінен қазақ әдет
-
ғұрып ережелерінің сыр
-
сипаты,
қасиеттері
туралы, шешендігі үлкен іргелі билердің үлгісін, тәртібін ұстаған Абай сияқты
сырлы асыл сөздің иесі атанған, әділдігі мен адалдығы арқасында, ел намысын
жоғары ұстаған жеке адамдардың
–
билердің тұлғасы көз алдымызда елестейді.
Қаймағы
бұзылмай тұрған ерікті, ерлікті, адам басын сыйлайтын ерте замандағы
қазақ әдет
-
ғұрып заңдарының қоғам өміріндегі алған орнын сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: