11
УДК 615.371+614.4
ВАКЦИНОПРОФИЛАКТИКА
–
ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Айтмурзинова Г.Т., Рахматуллина Н.С.
Ғылыми жетекшісі: PhD Жуманбаева Ж.М.
КеАҚ «Семей Медицина Университеті», Семей қ. Қазақстан Республикасы
Өзектілігі:
Вакцинопрофилактика арқасында балалардың инфекциялық аурулар
мен сырқаттанушылығы бірнеше есе төмендеген.
Соның ішінде, балалардың
дифтериямен (күл ауруы) сырқаттанушылығы 100 есе, гепатитпен 135 есе,
көкжөтелмен
25 есе төмендеген. Сонымен қатар вакцинопрофилактика тұрғындардың
бактериялды және вирусты инфекция ошақтарындағы
эффективті қорғанысы болып
табылады. Қазіргі уақытта балаларды вакцинамен қамтудың төмендеуінің негізгі
факторларының бірі, балалардың
профилактикалық екпесіне ата
-
аналардың қарсы
болуы. Соңғы уақытта қызылша, көкжөтел, эпидемиялық паротит сияқты инфекциялық
аурулардың қайта жандануын байқауымызға болады.
Статистикалық мәліметтерге
қарағанда, жыл сайын әлемде вакцинопрофилактикалық әдіспен басқарылатын
инфекциялық аурулардан 12 миллион бала қаза табады.
Вакцинация нәтижесінде
инфекциялық аурулардың төмендеуіне қарамастан, оның тиімділігі
мен қауіпсіздігін
талқыға салатын, адамдар арасында екпеге қарсы қозғалыс пайда болды.
Вакцинопрофилактика жайлы адамдардың теріс көзқарасы мен бұқаралық
ақпарат
құралдарындағы кейбір жалған мәліметтері осы мәселенің алғышарты болып отыр.
2019 жылы ДДҰ
-
ның (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мәліметтері бойынша,
адамдардың екпеге сенімсіздігі денсаулыққа қауіп төндіретін
ауқымды тізімдердің
қатарына кіруі мүмкін. Сондықтан да бұл мәселе әлемдік проблемалар қатарына кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: