135
УДК 61(004)
МЕДИЦИНАДА САЛАСЫНА САНДЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ
Советхан Ж. Қ.
Ғылыми жетекші аға оқытушы Кусаинова К.Т.
КеАҚ
«Семей Медицина Университеті»
,
Семей қ. Қазақстан Республикасы
Жұмыстың өзектілігі:
Сандық технологиялардың біздің өмірімізге түбегейлі еніп,
еліміздің, халықтың өмірін жақсартуда, алдыңғы қатарлы елдің бірі болуда маңызы зор.
Сандық технологиялар қазіргі кезде бүкіл әлемде кеңінен таралуда. Көп жағдайда бұл
технологиялар әртүрлі қызмет көрсету сапасын арттыруға,
медицина саласында қызмет
көрсетуді ұйымдастырып, арттыруға, экономиканың дамуына септігін тигізетін даусыз.
Сол медицина саласындағы
қызмет көрсету мәселесін қарастырайық.
Бірінші кезекте цифрландыру дәрігерлер мен пациенттердің уақытын үнемдеуге
мүмкіндік береді. Электронды қызметтің нәтижесінде
пациенттер зертханалық
талдаулардың қорытындысын алу үшін емханаларға қазіргідей жиі бармайтын болады.
Дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру сияқты қызметтерді электронды
түрде жасай алады. Аталған қызметтердің бәрі біздің қалтамыздағы смартфонның бір ғана
тетігін
басу арқылы қолжетімді болмақ.
Қысқасы, цифрландыру емделушіні де,
дәрігерді де артық жүрістен арылтады. Ең
бастысы уақытты үнемдейді. Ал дәл қазір, ең қымбат
–
уақыт! Әйтпесе,
емделушінің
анализ қорытындыларын алып кетуі, дәрігерге жазылуы, осының барлығы тіркеушінің де,
дәрігердің де, емделушінің өзінің де уақытын алады. Қазір кейбір емханалардың тіркеу
бөлімінде ұзынсонар кезек тұратынын көріп жүрміз. Ал дәрігер әрбір келушіге кемінде 15
минуттай уақытын жұмсайды. Себебі, дәрігердің қабылдауына келген емделуші міндетті
түрде өз жағдайын айтып, көкейде жүрген сұрақтарын қояды [1]
.
Сандық технология телемедицина мәселелерін де қамтиды.
Өйткені шалғай елді
мекендерде тұратын адамдар сандық байланыс бойынша көмек ала алады, осындай
қызметтер дәрігермен дәстүрлі қарым
-
қатынасқа құнды қосымша болып табылады.
Сандық технологияның біздің өмірімізге терең тамыр жаюы үшін
ең бірінші
мәселелердің бірі
-
ол бүкіл халықтың, әсіресе
шалғай
елді мекендердегі халықтың
ғаламторға қол жетімділігін қамтамасыз ету, электронды үкіметті одан әрі дамыту және
қоғамның
компьютерлік салауаттылықты, сандық сауаттылығын арттыру болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: