Абай қҰнанбайұлының 175 жылдығына арналған «гуманитарлық ЖӘне қОҒамдық Ғылымдар: жетістіктер және мүмкіндіктер»



Pdf көрінісі
бет73/256
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#120084
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   256
Байланысты:
sbornik-tezisov-07.10.2020g.

Материалдар мен зерттеу әдістері. 
Зерттеу жұмысының дерекнамалық негізін 
естеліктер, оның ішінде Абайдың немере інісі Ә.Ысқақтың, ұлы Турағұлдың және т.б. 
естеліктері, Семейдегі Абай мұражайында сақталған құжаттық деректер құрайды. 
Белгілі заңгер ғалым, академик С.З. Зимановтың «Қазақтың билер соты 
– 
бірегей сот 
жүйесі» [1] атты зерттеуі қазақ даласындағы көшпелі қауым қойнауында қалыптасқан 
билер соты мен сот әділдігінің негізгі мәні мен мазмұнын ашып көрсетуге арналған. 
Бұл еңбекте Абайдың Қарамола сиезінде жазған ережелері берілген. Сондай
-
ақ 
Абайдың билік айтуындағы ерекшеліктері қарастырылған. 
Зайсан, Өскемен уезінен сайланған жиырма
-
қырық шақты билер Ақымбет керей 
Рақыш Тәти баласының ауылына келеді. Рақыш Семей уезіне қарайтын Керей, Матай, 
Уақ дейтін аз ауылдарға әмірі жүріп тұрған беделді кісісі болса керек. Зайсан, Өскемен 
билері келген соң Рақыш өзіне қарайтын төрт бес болыс елдің би
-
болыстарын 
шақыртып алып, бас қосып осы болашақ съезде өз атағандарын істеуге уәделесті. 
Бұлардың жауламағы төрт болыс Тобықты болды, оның ішінде көздеген мақсаты 
– 
Абайды сүріндіруге уәделесті. [2] Абай ұрыларды қолдайды, ел бүлдіргіш партия 
бастайды деп неше түрлі пәле жауып, елу
-
алпыс би
-
болыс мөр басып, осы съезде Абай 
болмаса екен деп уезге шағым қағаз жіберед.Төтенше съезде бес дуанның (Зайсан, 
Өскемен, Кереку, Қарқаралы және Семей) болыс, билері мен әскери
-
губернатор 
Василий Саввич Цеклинский бастатқан патша шенеуніктері бас қосты. Губернатор 
Цеклинский ел кісілерін жағалай жүріп, Абайға келгенде: «Партияшыл, ел бүлдіргіш 
Құнанбаев сенбісің?» 

депті. Абай: «Мен», 

дейді. «Неге партия қыласың» дегенде: 
«Жалғыз мен партия қылмаймын, дүния түгел партия, тіршілікте бәрі алыс
-
тартыспен 
өтеді», 

дейді. «Сені ел неге көп жамандайды?» десе, «Ел көп, мен жалғызбын, көп 
әрқашан тентек, бұзық, бұзық көппен алысқан адам жаман атты болмай тұрмайды», 

депті. [3] Осы сөздерден кейін «Абайды не қылар екен» деп
асығып күтіп тұрған елдің 
барлығының көзінше Цеклинский Абайды өзіне тіккен үйге ертіп жүріп, ұзақ 
әңгімелесіп отырып қалады. Цеклинский Абаймен жолыққанда, Абай жалпы қазақ 
даласын орыс заңдарымен ғана басқаруға болмайтынын, бұл елдің өзінің ерекшеліктері 
бар екенін, атадан балаға ғасырлар бойы мирас болып келе жатқан әдет
-
ғұрпы, заңдары 
барлығын, көп мәселелерді қазақ ішінде осы заңдар негізінде шешуге болатындығын 
айтады. Губернатор Цеклинский елге «сиезді жақсы өткізіңдер, ұрыда ақысы 


46 
кеткендердің ақысын әперіңдер, сиезді жақсы өткізу үшін Абай сияқты кісіні төбе би 
сайлаңыздар» дейді. 
 
Семей облысының бес уездің жүзден астам би
-
болыстары бас қосқан төтенше 
съезде төбе би болып сайланған Абайға «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге 
қарсы заң ережесін» әзірлеу сеніп тапсырылады. Сол күндері халық Абайды «төбе би», 
«әділ би» деп төбесіне көтереді. Шар бойында
Абай бастаған комиссия барлығы 93
-
баптан тұратын ережені үш күн, үш түнде әзір етті.
Абай өз халқының салт
-
дәстүрін 
жете зерттей отырып, адам құқығын жан
-
жақты қорғауға белсене қатысады. Осылайша 
Қарамола сьезінде арнайы заң ережесі жасалып, билер талқысынан өтеді. Абай жазған 
қазақтың жаңа заң ережесі (73 статья) қабылданады[4]

Академик М.Әуезов «Ережеге» 
Абайдың қатыстығы болғанын, Мүсірәлінің куәлігімен растайды да, Абай қосқан екі 
тың жаңа статьяның бірі осы жесір мәселесі екенін айта келіп, «Бұдан бұрын ері өлген 
жесір әйелді алатын әменгері жоқ болса, байының ағайыны өзге біреуге сатып беруге 
болады екен». Абай әзірлеген жесір құқығы баян етілген қырық екінші және елу 
бірінші баптарда «тұл қатын байға тисе, екінші қалың мал алынбайды» ... «Байы өлген 
жесір қатын сүйсе, байының бір туысқан бауырына яки ағайынына тиеді, егер сүймесе, 
ықтияры өзінде», 

делінген. [
5
]
 
Абай жазған «Қарамола ережесінің» оннан астам бабы қылмыстық құқық пен 
жазаға арналды. Атап айтқанда ұрыс
-
төбелес шығарғандар ат
-
шапаннан бастап үш 
тоғызға дейін жәбірленушінің пайдасына айып төледі. Төбелесті ұйымдастырушының 
айыбы басқаларға қарағанда көбірек болды. Суға кетіп бара жатқандарға, өрт 
уақытында, боранда немесе сол тәрізді апатқа ұшырағандарға көмек бермегендер бас 
тоғызбен айыпталды. Арық бұзғандар, көпір, құдық немесе біреудің өз еңбегімен 
жасаған заттарын бұзғандар келтірілген шығынды өтеумен бірге ат
-
шапан айыпқа да 
тартылды, немесе ақша бойынша 15 теңге төледі. Ұрлық жасаған адамдармен қатар, 
ұрлық жасауға көмектескендер де жазаланды. Ұрлық жасаушылар оның көлемі мен 
оның жасалу сипатына қарай жазаланды. [
6
]
Қазақ
әйелдерінің еркі жоқ, күндік халіне ара түсу, олардың сүю, ерік ықтияр 
құқығын қорғау, оны жалпы халыққа міндетті заңға енгізу 
– 
сол заманда Абайдай ұлы 
гуманист ақынның, халық арасында беделді қайраткердің ғана қолынан келетін үлкен, 
зор іс еді. Абай тіпті сол шаққа дейін ері мен қалыңдық жас мөлшеріне шек қоймайтын 
қазақ рәсімін бұзып, өзінің кейініректегі бір өлеңінде:
Кімде
-
кім үлкен болса екі мүшел
Мал беріп алғанменен қатын емес, деп үкім кесімін айтса, мұның өзі «Ережеге» 
енгізілген «Қалыңдық бірлән күйеуін айыруға мүмкін болады күйеуі қыздан икірма 
беш жасы үлкен болса» деген бап идеясының екінші түрде баяндалуы болатын. Демек, 
«Ережеде» осындай баптың (статьяның) берілуінде де ұлы ақынның қатыстығы бар 
болуы әбден мүмкін.
«Қарамола Ережесінің» тоғызыншы бабы бойынша билердің және съездің 
шешімдері куәгерлердің жауабына негізделді. Егер де шақырылған куәгерлерді би 
сенім артуға болмайды деп тапса, онда дауды куәгерлерсіз
-
ақ антқа беру арқылы шешу 
қарастырылды. Ережеде қазақтың әдет
-
ғұрып құқының да маңызды орын алатын ант 
беру мен ант қабылдау тәртібі және оның мағынасы көрсетілгенін байқауға болады. 
Ант қабылдауды
болыстық молда жүргізді және ант қабылдау бүкіл халықтың алдында 
қабылданды. Өтірік ант берушілер көпшілікке масқара болуымен қатар, жазаға 
ұшырап,айып төлейді деп жазылған. [7] Ереженің Ресей Федерациясының Қазан 
Мемелекеттік университетінен әкелінген бір данасы қазір
Семейдегі Абай 
мұражайында сақтаулы. Абай мұражайының
қызметкерлері Қазан
университетінің 
сирек басылымдар қорынан
2019 жылы мамыр айында алып келген Ереженің мәтінімен 
танысқанда оның 74 баптан тұратынын көреміз. [8]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет