#Абай175 челленджі.
Әлеуметтік желінің арқасында жастар Абай атамыз туралы көбірек мағұлмат алмақ. Бұл қалай десеңіздер, қазіргі уақытта танымалдылығы күн санап артып жатқан ТикТок желісінде жастар #Абай175 челленджі атты Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына арнап челлендж ұйымдастырған. Бұл акцияға қатысу үшін, жәй ғана Абайдың өзіңізге ұнаған өлеңін оқып, видео саласыз да, #Абай175 хэштегін белгілейсіз. Бұл акцияны “Болашақ” бағдарламасының түлегі Шынар Шакенова бастаған, сондай-ақ президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл қозғалысқа өз үлесін қосып, қолдау білдірген. Өте керемет, танымды жобалар әлеуметтік желілерде көбейгіне жүрекке қуаныш ұялатыны сөзсіз.
Түркиядағы ұлықтау
Түркияда Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай саябақ ашылып, ескерткіш орнатылды. Өте әдемі, жасыл желекті саябақ Анталия қаласының Муратпаша ауданында бой көтерді. Мұратпаша ауданының мэрі Умит Уйсал “Абай-барлық түрік әлемін біріктіретін ұлы есім”,-дей отырып, бұдан былай да екі елдің достығы мен ынтымақтастығы үшін бұл үрдістің өте маңызды екенін айтты.
Сеул төрінде қазақ халқының ұлы перзенті, ақын Абай Құнанбайұлының бюсті орнатылды. Бұл – корей бауырларымыздың қазақ халқына деген зор құрметінің белгісі", – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы сөзінің соңында атсалысқан азаматтарға шынайы ризашылығын білдіріп, Абай мұрасының Корей халқының рухани әлемінен орнын табатынына сенімді екенін айтты.
Абайдың сөзі, Билли Айлиштің әуені
Шымкенттік 25 жастағы Нух Қалдыбай есімді жігіт Қазнетті тректерімен таң қалдырады. Ол қазақ ақындарының өлеңдерін қазіргі танымал әншілердің музыкасымен араластырады. Сонымен қатар шетелдік әндерді қазақшаға аударады, өзі ән айтады және жаздырады.Ұлыбританиялық әнші Билли Айлиштің стиліндегі әуенге Абай Құнанбаевтың «Ауру жүрек ақырын соғады жай» өлеңі салынған бейнебаян Инстаграмда жүздеген мың қаралым мен ұнатуларға ие болуда.