Мағжан Жұмабаев Абайдан кейінгі дәуірдің ең атақты ақыны Мағжан Жұмабаевтың ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясында алатын орны алабөтен.Әйтсе де,аяулы ақын тоталитарлық жүйе тұсында жазықсыз жазаға ұшырап,жетпіс жылға жуық шығармаларын оқуға тыйым салынып келді.Алайда коммунистік режим болып толып тұрған кезінің өзінің де ұлы суреткерді халық жадынан мүлде аластай алмады,оның үстіне нәубет заманда қашқан,үріккен елдің зәрдесі мен қойны қойнышында тау асып,теңіз кешіп,Отанынан жырақ елдерге жетіп,ара тұра кітап боп басылып, аударылып та жатты.
Пешенесіне осындай қайғылы,бірақ ақыры қайырлы болған даңқты тағдыр жазылған Мағжан Жұмабаев 1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан жерінде дүниеге келеді.Әкесі Әбен әжәптәуір ауқаты бар,балаларын оқытуға мән берген көзі қарақты, көшелі кісі екен де,шешесі-үлкен оқымысты отағасының қызы-Гүлсім де сауатты,сандығына әспеттеп көнелі-жаңалы кітаптар жинап,балаларына оқытып отыратын салиқалы ана екен.
Ол замандағы қазақта мұндай отбасылар келімді-кетімді кісілері,айтатын әңгіме,қызықтайтын тамашасы өзінше бір білім-тағлым мектебі іспеттес болатынды.Осындай шаңырақта өмірге келген аса зерек Мағжан бес жасында сауат ашып,талай кітап тауысып,ел тарихының әңгіме-хикаяттарын зердесіне түйіп,ана тілінің кәусарына қанып өседі.Он екі жасында Қызылжардағы медресеге оқуға түседі.Әдебиетке ерекше ден қойып,Шығыстың үтілдерінде(түркі,парсы,араб)оқып,жаттайды.Абайдың 1909 жылы шыққан кітабын қолынан тастамай,*сөзі алтын хакім Абай*деп,асқақтата жыр арнайды.1910 жылы Уфадағы Медресе-Ғалияға оқуға келгенде,ол мол білімді,ақындық таланты айқын танылған бозбала болатын.
Медреседе түркі жұртына мәшһүр жазушы әрі оқымысты Ғалымжан Ибрагимов Мағжанға ерекше ықылас танытады.Ол сол кісінің кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түсіп,онда орыс және Еуропа әдебиетімен терең танысады.19 жасар Мағжанның *Шолпан* атты тұңғыш жинағы 1912 жылы Қазан қаласында жарық көреді. Жұртшылық жинақты ұлы Абайдың лайықты ізбасары дүниеге келгендігінің белгісі ретінде қабылдайды.Осыдан былайғы жерде ақын халқымыздың Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,М.Дулатов сияқты ардагер көсемдерімен етене жақындасып,солар көтерген идеяның жалынды жаөтаушысы,ұраншысы болады.1916 жылы семинарияны алтын медальмен бітіріп,біраз уақыт елде мұғалім болып істейді.Қазан төңкерісінің дүрбелеңді заманында *Алаш* партиясын құруға қатысып,Колчак үкіметінің түрмесінде жатып шығады.1919-20 жылдары Орынборда мұғаімдер курсында дәріс береді,соның негізінде өзінің белгілі *Педагогика* атты кітабын шығарды.Ақмолада шығып тұрған *Бостанды туы * газетінде бірер жыл жұмыс істеп оқу тәрбие жайын тереңнен толғайтын мақалаларын жариялайды.Одан кейін екі жылдай Ташкентте тұрып,*Сана*,*Шолпан* журналдары мен *Ақ жол* газетінде үлкен серпіліспен еңбек етеді.1923 жылы Ташккентте халқымыздың ұлтжанды перзенті,белгілі мемлекет қайраткері С.Қожановтың алғы сөзімен өлеңдер жинағы шығады.Әйгілі *Батыр Баян* поэмасы да сонда жазылып,жарық көрді.Мағжан 1923-1927 жылдары Мәскеудегі Жоғары әдебиет-өнер институт ректоры,атақты ақын әрі оқымысты В.Брюсов бастаған Мәскеуде Оорталық ұлттар баспасында қызмет атқарып,жоғары оқу орындарында дәріс береді.
Мағжанның шығармашылық өмірбаяны,негізінен, 1910-1925 жылдар аралығын қамтиды.Сол мерзімде қазақтың ең үлкен ұлттық ақыны,бүкіл түркі әлеуметіне ортақ,даңқты шайыр ретінде танылды. Жоғарыда аталған Ғ.Ибрагимовтің өзі 1910 жылы басылған *Қазақ қызы* романына он алты жасар Мағжанның өлең шумағын эпиграф ретінде алса,20-жылдары басында – ақ Ахаң *Әдебиет танытқыш* атты теориялық еңбегінде Мағжан өлеңдерін талай рет үлгі ретінде мысалға келтіреді.Әмбебап суреткер Ж.Аймауытов Мағжан туралы классикалық зерттеу жазып,бір хатында оны *қазақ әдебиетінің көгіндегі күнге* теңейді.Бірақ кеңестік идеологияның қызғаншақ қорғаушылары ақынды үнемі сыртқа тебумен болды,ал 1923 жылы Ташкентте жинағы шыққаннан кейінгі жерде жаппай қаралауға көшті.Амалы құрып,ашынған ақын:
Деп әділдік сұрап,Мәскеуден *Сәлем хат * жолдап көріп еді, қарсылыстары тағы да аяусыз қатыгездікпен У жеген қасқырсың,түзелуден деп,тарпа бас салады.
Енді міне,елінің егемендік алып,көгінде өз байрағы шалқуын көксеген аяулы ақынның арманы жүзеге асқан оның рухы өзі шексіз сүйген елімен қайта мәңгілік қауышты.