Абайдың 11-ші қара сөзіне талдау Он бірінші қара сөзі



бет1/2
Дата13.11.2023
өлшемі18,75 Kb.
#191383
  1   2
Байланысты:
11-34 қара сөз


Абайдың 11-ші қара сөзіне талдау
Он бірінші қара сөзі
Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі - ұрлық, ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып, тағы да байимын деп жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып пайдаланам деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші - бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең кеп боласың, бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп, ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр. Кім азса, мен соған керек боламын деп, к...н қыздырып алып, өзін бір ғана азық қылайын деп жүр.
Ұлықтар пәлі-пәлі, бұл табылған ақыл деп, мен сені бүйтіп сүйеймін деп, ананы жеп, сені бүйтіп сүйеймін деп, мынаны жеп жүр. Қара халық менің сонша үйім бар, сонша ауыл-аймағыммен сойылыңды соғайын, дауыңды айтайын деп, қай көп бергенге партиялас боламын деп, құдайға жазып, жатпай-тұрмай салып жүріп басын, ауылын, қатын-баласын сатып жүр. Осы бір ұры, бұзақы жоғалса, жұртқа ой да түсер еді, шаруа да қылар еді. Бай барын бағып, кедей жоғын іздеп, ел секілденіп талапқа, тілеуге кірісер еді. Енді жұрттың бәрі осы екі бүлік іске ортақ, мұны кім түзейді? Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме? Ұрыны тыю да оңай болар еді, бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын, азатұғын байларды кім тыяды?
Талдау
Яғни, 11 қара сөздегі: «Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе: Әуелі-ұрлық, ұрлықпен мал табу; Екіншісі — бұзақылар, бүйтсең бек боласың, бүйтсең кек аласың, мықты боласың деп ауқаттыларды азғырып, әлек болып жүр. Осы бір ұры, бұзақы жоғалса жұртқа ойда түсер еді. Бай малын бағып, кедей жоғын іздеп, ел секілденіп, талапқа, тілеуге кірісер еді. Енді жұрттың бәрі осы екі бүлік іске ортақ, мұны кім түзейді? Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме? Ұрыны тыю да оңай болар еді, бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын, азатұғын байларды кім тияды?» — деп, ұлы ойшыл өзінің осы қара сөзінде, ел ішіндегі сол кезеңде етек алған ұрлық-зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күншілдікті, жатып ішер жалқаулықты, дүниеқорлықты (дүниеқоңыздықты) өлтіре сынап, қалың қазақтың алдына күрмеуі қиын сұрақты қойып, оның шешуін біздің ұрпаққа да қалдырып кеткен сияқты.
Дәл бүгінгі күннің ақиқаты — Абай айтар ой мен, Абай қояр сауал төркінінде кешегісінің ойы мен кешегісінің ғана сөзі жатқан жоқ. Байқағанға бүгінгінің сөзі, бүгінгінің келешегі, ойы жатыр.

Ұлы Абай қара сөзіндегі ұры мен бұзақының көзін құрту, тыю оңай болғанымен, бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын, азатұғын байларды кім тияды? – деген сұраққа кемеңгер Абайдық өзі де нақты жауап бере алмағаны байқалады.


Осы орайда, бір сәт Абай жасаған кезеңдегі болған ұрлықтар мен осы өзіміз жасап жатқан қоғамда орын алып жатқан қылмыстарды бірімен-бірін салыстырар болсақ, сол дәуірдегі халықтың (бізге жеткен нақты тарихи деректерге қарағанда, байлардың десек орынды болар, себебі барымташылар байлардың тапсырмасымен тек оларға бақталас байлардың жылқыларын ғана барымталаған) мазасын алған барымташылардың іс-әрекеттері, қазіргі алпауыт шенеуніктердің түйені (киттер мен кашалоттарды десек те артық айтылмаған болар) түгімен жұтқанын көріп отырып, қазақтың барымташыларының істері жәй бір ойыншық сияқты болып көрінеді.
Аттарын атамай-ақ, түрлерін түгендемей-ақ қояйын, оны қырағы көз оқырман БАҚ беттерінен өздері де куә болып жүргеніндей – күні кеше биліктің бір тұтқасын ұстап отырған мүйізі қарағайдай апталтай азаматтар, өздерінің лауазымды қызметтерін жеке бастарына пайдаланып, мемлекеттің қаржысын адам түсіне енбеген аса ірі мөлшерде жымқырып, соңынан арнайы қызмет органдарымен, олардың адам сенбес жасаған қитұрқы қылмыстары әшкереленіп, біразының ұзақ мерзімдерге қамалып, қазіргі таңда түзеу мекемелерінде жазаларын өтеп жатса, ал соңғы кездері, бірнеше мемлекеттік деңгейдегі аса ірі лауазымды шенеуніктерге қатысты ауыр, аса ауыр санаттағы қызмыстар қозғалып, өздерінің қамауда отырғандарын көріп, төбе шашың тік тұрып, жағаңды ұстамасқа амалың қалмайды.
Есімізге осындайда, Аяз бидің бұрын тақыр кедей, адам біткеннің қоры бола түра, ал соңынан ғайыптан тайып, басына бақ құсы қонып, патша болғаны, оның бұрынғы пақыр күйін ұмытпау үшін зәулім патша сарайының қақ маңдайына қырық жамау шапаны мен тесік шәркейін іліп қойғаны ойға оралады. Яғни, егер ол патшалыққа мастанып, оның буы көтеріп, көзін шел баса бастаса, сол шұрық тесік шапанға көзі түсіп, тәубәсіне келеді екен. «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» — деген ұлағатты сөз содан қалса керек. Түйсігі бар, көкірегі ояу, көзі ашық кісіге үлгі аларлықтай, аңыз болса да, тәрбиелік мәні зор тымсал.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет