Абайдың 18 (он сегізінші) қара сөзі



Дата24.12.2021
өлшемі13,58 Kb.
#104730
Байланысты:
рухани жаңғыру№2бөж


Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Орындаған: Құдайберген Айман

Топ: ХІТ 20-06

Тексерген: Толқын Еришева



Абайдың 18 (он сегізінші) қара сөзі

Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек – дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ – кербездің ісі.

Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін "айран ішерім" деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге "әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!" - дейтұғын болмаққа ойланбақ.

Мұның бәрі – масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы – қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық.

Абайдың он сегізінші қара сөзіндегі көтерген басты мәселе кербездік. Кербездік ол адам бойындағы жағымсыз қасиеттердің бірі. Абай атамыздың айтуынша, кербез адам ол – надан, санасыз адам. Абай: Егер сен сені қоршаған адамдардың арасында өзіңнің дүниеңмен сыйлы боламын деп ойласаң, сен нағыз ақымақтардың бірісің,- дейді. Бұлай деу себебі, адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен ғана сыйлы. Адам қандай топтан шықса да, ең бастысы ақылының жоғары және жүрегінде иман болса, сонда ғана өзінің қоршаған адамдардың арасында сыйлы болуға лайықты. Жалпы Абай атамыздың барлық қара сөздерінде терең ой, мағына жатыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет