Абайдың білім,
ғылым туралы
өлеңдері,
қарасөздері
Сарсембаева Диана IT2-2108
Абай - халықты білімге,
ғылымға, еңбекке көп
үндеген ақын. Ғылымды ол
әлеуметтік жағдайды
жақсартудың құралы ғана
емес, бүкіл прогреске
апаратын жол деп түсінді.
Ақын өлеңдерінің басым көпшілігі
оқу-білім, ғылым тақырыбына алтын
арқау болып өрілген. Өз заманындағы
халықтың надандығы мен
сауатсыздығына күйіне отырып, ішкі
жанайқайынан туған ойларды
Абай өлеңдерінде шебер суреттей
білген. Абай шығармаларындағы
педагогикалық иірімдер жиі
ұшырасатын ұғым.
Білім мен ғылым
өркениетке бастар алғышарт
екендігін ұлы ойшыл жете
түсінген, жан-тәнімен терең
ұғынған. Білім алу бүгінде әрбір
адам баласы үшін міндетті
түрде алдынан ашылатын есік
болса, оның мектеп атты
қасиетті табалдырығын аттау
барша жас өскіндер мен
өрендердің басынан өтетін
жағдай.
Білім-ғылым табылса,
ондай-мұндай іске жаратар
едім деп, дүниенің бір
қызықты нәрсесіне керек
болар еді деп іздемекке
керек. Оның үшін білім -
ғылымның өзіне ғана
құмар, ынтық болып, бір
ғана білмектіктің өзін
дәулет білсең және әр
білмегеніңді білген
уақытта көңілде бір рахат
хұзур хасил болады.
Абайдың отыз екінші
қара сөзі 1895 ж
Достарыңызбен бөлісу: |