Абайдың он бесінші қара сөзі



Pdf көрінісі
Дата13.11.2019
өлшемі42,73 Kb.
#51713
Байланысты:
Абайдың он бесінші қара сөзі


Абайдың он бесінші қара сөзі

 

 



Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім. 

 

Əуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нəрсені қызық көрмей жүре 



алмайды. Сол қызықты нəрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында 

қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде 

айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де 

жоқ болады екен. 

 

Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нəрсеге қызығып, құмар 



болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, 

күнінде өкінгені пайда болмай-ды екен. Жастықта бұл қызықтан соң жəне бір қызық 

тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер 

қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай 

қалады екен. 

 

Үшінші - əрбір нəрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нəрсе екен. 



Əрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, əртүрлі құмар болған нəрсеге жеткенде, 

яки əне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен. 

 

Əрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі 



қараушылардың көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нəрсе екен. 

Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай 

жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының 

куман жауып кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім. 

 

Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мəртебе, болмаса 



жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп 

алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, 

күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің 

де білмей қалыппысың? 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет