Абдигалиева



бет47/60
Дата28.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#182861
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60
Байланысты:
МНИ КО

- БӨЛІМ


ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ ҒЫЛЫМИ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ





    1. Ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру

Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жүйесінде оқытудың негізгі түрлері болып:



  • қызметкердің жетекшісі арқылы бекіткен және үнемі соның бақылауында болатын өзіндік жеке жоспары бойынша жүйелі түрде дербес оқуы (өзін - өзі оқыту);

  • айына кемінде бір рет жұмыс орны бойынша басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда өндірістік және экономикалық мәселелер бойынша семинарларға қатысу;

  • жұмыс орны бойынша немесе оқу орындарындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінде (бөлімшелерінде) қысқа мерзімді (қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет) оқыту;

  • оқу орындарының (бөлімшелерінің) кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінде ұзақ мерзімді оқыту (бес жылда бір реттен кем емес);

  • алдыңғы қатарлы кәсіпорындарда, жетекші ғылыми ұйымдарда, жоғары оқу орындарында, оның ішінде шетелде тағылымдамадан өту;

  • аталған ұйымды немесе кәсіпорынды қызықтыратын тақырыптар бойынша магистратурада, докторантурада оқыту;

  • академияларда, біліктілікті арттыру институттарында, жоғары оқу орындарының арнайы факультеттерінде және орта оқу орындарының бөлімшелерінде жаңа мамандық бойынша қайта даярлау.

Ғылыми қызметкерлерді іссапарға жіберу – ғылыми зерттеу мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың тиімді жолы болып табылады. Ғылыми қызметкерлерді іссапарға жіберудің негізгі міндеттері төмендегідей:

  • жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар саласында теориялық дайындықты тереңдету;

  • бірегей ғылыми негізде тәжірибелер жүргізудің заманауи әдістерін меңгеру;

  • елдің жетекші ғалымдары басқаратын танымал ғылыми мектептердің ғылыми- зерттеу жұмыстарына қатысу;

  • түрлі академиялық мекемелердің бірлескен ғылыми зерттеу бағдарламаларын әзірлеу және оларды іске асыруға қатысу;

-өз ғылыми мекемелерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлы тақырыптары бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде орындау;

  • ғылыми шығармашылық байланыстарды орнату және дамыту.

    1. ЖОО оқытушыларының тағылымдамадан өтуі.

Жоғары оқу орындарының оқытушыларын, бірінші кезекте бейінді пәндерді практикалық даярлауды жақсарту мақсатында оқытушылардың алдыңғы қатарлы кәсіпорындарда, ұйымдар мен ғылыми мекемелерде бір жылға дейінгі мерзімге жұмыстан босатылып, бірақ орташа жалақысы сақтала отырып, тағылымдамадан өтуі жүзеге асырылады.Ереже ғылыми- педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлау саласындағы қызметті реттейді және Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелері үшін олардың бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан міндетті болып табылады. Магистратура және докторантура жоғары білікті ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлау бөлімдері болып табылады.


Квалификацияны (біліктілікті) өсіру - ғылыми-техникалық төңкерістің жаңа заманғы жағдайларында өте маңызды міндет соңғы ғылыми, техника мен мәдениет жетістіктері нәтижелері бойынша мамандар білімін жүйелі толықтыру болып табылады. Осы мақсатпен біздің елде негізінен министірліктерге бағынышты, жоғары оку орындарында, квалификацины өсіру институттарында жоғары квалификациялы халық шаруашылығы мамандары, профессорлар мен ЖОО-ның оқытушылары сабақ береді.
Кей жағдайларда әлі сәйкес мамандықтар орныға қоймаған ғылым мен техниканың жаңа бағыттары бойынша тез арада мамандар дайындауды жүзеге асыру қажет болады. Осы мақсатта негізінен басты оқу орындарында ғылыми мектеп базасында күндізгі және кешкі оқу түрімен он айдан екі жылға дейінгі мерзімде арнайы факультеттер ұйымдастырылады. Мұндай факультеттерге дәріс тыңдаушыларды аталған бағыт бойынша мамандар алуға қызығушылық танытқан ұйымдар жіберіп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет