Ақшаға қатысты қай ұлттың ырым-тыйымдарын алып қарасаңыз да, барлығының мақсаты бір ғана – ақшаны азайту емес, көбейту, ақшадан тарықпай өмір сүру. Ақшаның сиқырлы күші немесе энергетикалық қасиеті бар екені соңғы кездері жиі айтылып жүр. Қолыңыздамиллион теңге тұрып, одан еш пайда көре алмауыңыз мүмкін, керісінше, 10 мың теңге бүкіл байлықтың негізі болатын кездер де кездесіп жатады.
•Үйдегі айнаны есікке қаратып ілмеу керек;
•Қалтасы тесік, түймесі түскен киімнің қалтасына ақша сақтамаған жөн.
Себебі ақша үзілген түймені, тесілген қалтаныжақтырмайды;
•Өз пайдасына шешілген істен үнемі тиын-тебен сақтап қоюды әдетке айналдырған жөн;
•Ас үйде, есіктің аузында тұрып ақша санауды әдетке айналдырмаған дұрыс;
•Ақша тазалықты ұнатады. Сондықтан ақша сақтайтын әмияныңыз таза, жыртық-тесіктен ада болғаны дұрыс. Егер әмияныңызда ақша бей-берекет орналасып, тиын-тебендер шашыла беретін болса, онда сізге ақша құтамайды деп түсініңіз.