6. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз, сөйлем құрыңыз.
ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ . Тіл тазалығы дейтініміз– ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау,басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңісіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу. Орыстың жақсы жазушыларын алсақ, олар көбінесе мынадай сөздерден қашқан: Ескірген сөздерге жоламаған. Жаңадан шыққан сөздерден қашқан. Өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашқан. Жергілікті сөздерге, яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын сөздерге жоламаған. Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. ...Ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болады. А. Байтұрсынов. Таза сөйлеу дегеніміз – сол тілдің жалпыға ортақ байлықтарын пайдаланып, «бөгде» сөздердіараластырмау. М. Балақаев.