Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Мейрамханадағы іскерлік кездесуге байланысты әріптесіңізбен сұхбатқұрыңыз. Іскерлік кездесуге мейрамханаға ешқашан аш келмеңіз. Дұрысы, алдын ала бір жерден тамақтанып алу керек. Сіз мейрамханаға тамақ ішу үшін емес, іскерлік байланыс орнатуға және қызмет бабындағы мәселелерді талқылауға бара жатырсыз.
Дастарқан басында өзіңіздің диеталық талғамыңыз бен денсаулығыңыздың ақаулары туралы айтуға болмайды. Егер ұсынылған тағамды жегіңіз келмесе, аллергияңыздың бар екенін немесе асқазаныңызға жақпайтынын түсіндіріп жатпай-ақ, тағамды ысырып қоя салыңыз.
Қол алысқанда іскерлік серіктесіңіздің қолын қатты қысуға болмайды, бірақ қол алысу жігерлі нығыз болуы тиіс. Қол алғанда қолды екіден артық сілкілемеу керек. Кездесушіге мұздай суық қолды ұсына салу да ағаттық. Егер күн суық болса, қолыңызға қолғап киіп жүріңіз.