Абдрахманова қ. Ж


ҚҰЖАТТЫ РӘСІМДЕУ, ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ ФИРМА ЖАРҒЫСЫ, ОНЫ РӘСІМДЕУ



бет91/194
Дата07.02.2022
өлшемі2,26 Mb.
#84191
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   194
Байланысты:
Кәсиби 9360

8. ҚҰЖАТТЫ РӘСІМДЕУ, ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ ФИРМА ЖАРҒЫСЫ, ОНЫ РӘСІМДЕУ




Сабақтың мақсаты. Сөйлесім құрастыру арқылы өз ойларын анық жеткізе білуге, іскери құжаттарды сауатты жаза білуге үйрету. Кәсіби қатысымдық құзыреттілігін дамыту.


Тірек сөздер: құжат, іс жүргізу, рәсімдеу, есепке алу, бақылау, жүйелеу, орындау, мұрағат, мұрағатқа тапсыру, түпнұсқа, көшірме, көшірме нұсқа.

  1. Мәтінмен жұмыс.

Құжат (лат. documentum – куәлік, дәлелдеу) деген ұғымды білдіреді.
Құжаттың түрлері көп.
Төлқұжат, паспорт (фран. passeport бастапқыдағы мағынасы – порт арқылы өтуге рұқсат) – азаматтың жеке басын куәландыратын негізгі құжат. 16 жасқа толғанда беріледі. Төлқұжатта иесінің аты-жөні, ата-тегі, туған күні мен туған жері, ұлты жазылады. Ұлты туралы жазба ата-анасының ұлтына сәйкес
жазылады. Ата-анасы түрлі ұлтқа жататын болса, ұлты Төлқұжат алушының
қалауынша әкесінің не шешесінің ұлтына қарай жазылады. Төлқұжатта міндетті түрде иесінің белгіленген үлгідегі фотосуреті жапсырылады, сондай-ақ
төлқұжаттың берілген күні және оны берген мекеме көрсетіледі
Іс қағаздарын рәсімдеу үдерісі - құжаттау болып саналады. Қазір бір де бір мекеме, ұйым іс жүргізусіз жұмыс істемейді. Құжатты рәсімдеу мекеменің үздіксіз жұмыс істеуіне ықпал етеді және табысқа жету жолында тиімді құрал болып саналады. Белгіленген тәртіпте жасалған және рәсімделген құжат - ресми (басқару) құжат деп аталады. Құжаттың негізгі реквизиті – мәтін. Рәсімделген құжаттар шығарылымына қарай түпнұсқа және көшірме болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет