Интерактивті оқыту ерекшеліктері
Біріншіден, интерактивті педагогикалық өзара әрекет ету оған қатысушылардың қарым-қатынастарының қарқындылығы мен олардың коммуникациясы, іс-әрекеттерінің алмасуы мен олардың әртүрлілігі, нысандары мен тәсілдерінің жоғары деңгейлігімен сипатталады.
Екіншіден, интерактивті оқыту балалар өзінің және өз достарының тәжірибелерімен тікелей өзара әрекет етуіне негізделген, себебі көптеген интерактивті жаттығулар баланың өзінің тәжірибесіне жүгінеді. Жаңа білім, қабілет мұндай тәжірибелерге байланысты және соның негізінде қалыптасады.
Үшіншіден, тапсырманың тек бір дұрыс жауап болуын қарастырмайды, бір басым пікірдің үстем етуіне жол берілмейді. Бала тәжірибесіне негізделетін шешімді табу үдерісі маңызды.
Төртіншіден, интерактивті оқыту үшін қатысушылардың өздерінің іс-әрекеттері мен орын алған өзара әрекет етудің мақсатты рефлексиясы тән.
Бесіншіден, интерактивті оқыту білім беру үдерісіне қатысушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекет үлгілерін өзгертуге, жетілдіруге бағытталған.
Алтыншыдан, интерактивті оқыту барысында балалар өз пікірлерін қалыптастыруға, өз ойын дұрыс айтуға, өз көзқарасын дәлелді құруға, пікірталас жүргізуге, басқа адамды тыңдауға, балама пікірді құрметтеуге үйретеді.
Жетіншіден, қатысушылардың диалогтық қарым-қатынас барысында сыни ойлауға, талқылауға, естіген ақпараттар мен жағдайларды талдау негізінде қарама-қайшы проблемаларды шешу қабілеті қалыптасады, олар балама пікірді өлшеуге, ойластырылған шешім қабылдауға үйренеді. Жұмысты мұндай ұйымдастыру кезінде бала өзінің пікірін, көзқарасын білдіруді, баға беруді ғана емес, «әріптестерінің» сенімді дәлелдерін естуінен кейін өз көзқарасынан бас тарта алады немесе оны едәуір өзгерте алады.
Интерактивті оқытудың әдістері
Қазіргі таңда әдіскерлер мен педагог-практиктер оқыту үшін топпен жұмыс істеудің бірқатар нысандары мен әдістерін дайындады. Олардың ішіндегі барынша танымал әдістерге мыналар жатады:
case-study (нақты, практикалық жағдайдың талдауы);
интерактивті және рөлдік ойындар;
«ми шабуылы»;
пікірталастар;
жоба әдісі;
ассоциация әдісі. Ойын іс-әрекеті үдерісінде ересектер мен баланың интерактивті өзара әрекет етуі
Ойын – баланың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Іс-әрекеттің бұл түрі балалардың ересектердің өміріне қатысуын ынталандыруын іске асыратын құрал қызметін атқарады. Балалар ойын арқылы:
Бұл нысандар/әдістер алдыңғы сабақтан немесе күнделікті тұрмыстан алынған, балаларда бастапқы түсінігі бар қандай да бір проблеманы сабақта талқылаған жағдайда тиімді болады. Сонымен қатар, талқыланатын тақырыптар өте тар ауқымда болмауы керек.
өзінің жеке өмірлік жоспарын құруға үйренеді;
іс-әрекеттерді және оларға қол жеткізудің құралдарын анықтайды, жасайды;
конструктивті қарым-қатынас және басқа адамдармен өзара әрекет ету мектебінен өтеді.Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді.Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер.
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады. Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:
Халық ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер.
Ойын – баланың танымдық және әлеуметтік, физикалық және психикалық дамуының, жалпы адами мәдениеттің негіздерін қалыптастырудың әрекетті құралы болып табылады. Мектепке дейінгі кезең соңында балада өзінің мінез-құлқын басқару қабілеті, ережелер мен талаптарға бағыну қабілеті туындайды. Көптеген зерттеушілер ойын мен оқу іс-әрекетінің генетикалық сабақтастылығына сүйене отырып, ойыннан бірте-бірте мектепке дейінгі кезеңдегі оқуға өтудің маңыздылығын көрсетеді. Ғалымдардың зерттеуі ойын іс-әрекетінің дамуының төмен деңгейі бар балалар үшін оқу іс-әрекетінің дамуының төмен деңгейі тән екендігін дәлелдеді.
Достарыңызбен бөлісу: |