Абыл Тілеуұлы
Студент: Қанибек. А
Оқытушы: Жанбершиева. Ұ
Оқу тобы: КЯЛ -19-3
Абыл Тілеуұлы Өтембетов
1777-1864 жж
Халықтың терең ойлы, ұлы армандарын жырлаған Маңғыстаулық ақын-жырау Абыл Тілеуұлы қазақтың ауыз әдебиетінде ерекше орын алады.
М. О. Әуезов атап жазғандай «Түрікмен классигі Мақтымқұлының замандастары: адайдың Абылы мен Бұқар жырау, Нұрым жырау, Марабай, Жанақ ақындар ХҮІІІ ғасырдың айтулы ақындары ретінде есте қалады».
Маңғыстаудың айтулы «Бес жүйрігінің» бірегейі Абыл ақын ақпа-төкпе ақберен сөз өрнегімен халық құрметіне лайық суырыпсалма ақынымыз.
Абыл Тілеуұлы Өтембетов Маңғыстау түбегінің Бозашы мекенінде 1777 жылы туып, туған топырағында 1864 жылы дүниеден өтті. Өз әкесі Тілеу де, арғы атасы Өтембет те кедейшілікпен күн кешкен, мал баққан шаруалар еді.
Абыл туысқан Түрікмен елінің классигі Мақтымқұлы мен қарақалпақтың Қаңлы руының қызы Ақтажы жырларын жаттаған. «Қырымның қырық батыры» мен «Ноғайлық жырларын» Сыпыра жыраудан кейін жырлап, Қарасай, Ақтан, Қазақбай, Мұрын, Нұрпейістерге ұластырған. Өз тұсында Махамбет, Шернияз, Есенбақ, Нұрым ақындармен дос болған. Қарақалпақ, Түрікмен жерлеріне аты жайылған.
ХІХ ғасырдың басындағы хан қанауына төзбеген бұқара халықтың сөзін сөйлеймін деп, қуғын-сүргінге ұшыраған. Шыншыл да турашылдығымен Исатай, Махамбеттермен идеялас болды.
Достарыңызбен бөлісу: |