Негізгі оқиғалар:
Абылайдың шын аты - Әбілмансұр. Жошы ханнан тарайтын белгілі тұлғалардың шаңырағында дүниеге келген. Әкесі – Уәли. Он бір жасында әкесінен айрылады. Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүріп Сабалақ деген ат алады.
1729 жылы жоңғарлармен болған шайқаста Сабалақтың аты шығып, алғаш көзге түседі. Бұл ұрыста 18 жасар Әбілмансұр қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте жеңіп шығады. Қалмақтың қалың қолына «Абылайлап» ұрандап қарсы шабады. Қалмақтың қас батырын жеңген Әбілмансұрдың аты кең байтақ қазақ даласына тарап «Абылай» атанады.
1771 жылы Абылай Түркістанда бүкіл Қазақ Ордасының ханы ретінде ақ киізге көтеріп, ресми түрде таққа отырады.
Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара
Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары
Төле, Қазыбек
нгшгн
Абылай хан Қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты, мықты да біртұтас мемлекетке айналдырды. Абылай хан билік құрған кезеңде мемлекет шекарасы одан әрі кеңейді. Қазақ халқының мерейі тасып, рухы көтерілді.
1781 жылы Абылай хан Түркістанда қайтыс болды. Оның денесі қасиетті Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде жерленген.
IV. Сабақты бекіту:
А) Математикалық ойын .
1) 15*65+736=1711 (1711 ж. Әбілмансұрдың дүниеге келген жылы)
2) (356+295)*3-224=1729 (1729 ж. Жоңғарлар мен болған шайқаста Сабалақтың аты шығуы)
3) 2952:41+13592:8=1771 (1771 ж. Абылайдың ресми түрде таққа отыруы)
4) (505*33-15465)+83*7=1781 (1781 ж. Абылайдың дүние салған жылы).
Шыққан сандардан қандай оқиға болғанын айту.
Ә) Оқулықпен жұмыс.
Сызбаны толтырыңдар.
Өмір сүрген жылдары. (1711-1781 ж.ж.)
Төле бидің қойған аты. ( Сабалақ)
Жекпе-жекке шыққан қалмақ батыры. (Шарыш)
Таққа отырған жылы. (1771 ж.)
Б) Ой толғау
Кім?
Абылай
Не істеді?
1. Қазақтың ұлы хандарының бірі
2. Аса көрнекті мемлекет қайраткері
3. Елін қорғады
4. Қазақ хандығын мықты да қуатты мемлекетке айналдырды
5. Қолбасшы
6. Дипломат
7. Мемлекет шекарасын кеңейтті
8.Хандық билікті күшейтуде беделді де талантты тұлғаларға арқа
сүйеген.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу.
М.Әуезов
«Қазақтың дербес ел болуына, әрі-беріден
соң қазақтың қазақ болуына, басы
қосылып , бір жеңнен қол, бір жағадан
бас шығаруына ерен еңбек сіңірген
Абылайдан артық адам болмас».
Достарыңызбен бөлісу: |