Қабылдаған: 2021 Жоспар Кіріспе


Мәдени тынығу жұмысындағы түрлі бағыттағы жұмыстар



бет2/4
Дата19.03.2022
өлшемі49,16 Kb.
#136266
1   2   3   4
Байланысты:
Курстық жұмыс

Мәдени тынығу жұмысындағы түрлі бағыттағы жұмыстар
Тәрбие берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды.
Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін. Тәрбиеленушілердің жекелік және түлғалық ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер қажет. Инабатты тәрбиеші өз әдістерінше әр тұлғаның өзіне тән қабілетгерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, "мендік" белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды.
Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады.Тәрбие маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады.
Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі-өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Ал мұғалім мен мектептің ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастыру. Болашақты гүлдендіріп, тәуелсіздікті нығайтатын ұрпақ алдымен рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындауы қажет. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп-тамырында жататыны белгілі .
Сол ұлттың байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау. Міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті осы... Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Ендеше, тәрбие-ауадай қажет.
Иә, егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі алға қойған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар-бүгінгі мектеп оқушысы. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. Тәрбие мәселесі адам баласының ғұмырындағы көнермейтін, ажырамайтын баға жетпес құндылық, бала тәрбиелеу мәселесінің негізгі өзегі-өмір тәжірибесі, өз халқының әдет-ғұрпы.
Ақиқат пен аңыздың асқарында ғұмыр кешкен Бауыржан Момышұлы атамыздың мына сөзі де менің жанымда жүреді. «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Солардан қорқам» деген атамыздың осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие жұмысы ұлттық мінез, ұлттық келбетіміздің ажарлануына жол ашады.
Заманымыздың заңғар жазушысы М. О. Әуезов: «Адам баласы жан жемісін татпай, өмірдің терең мағынасында шын мақсатын түсіне алмайды» деген екен. Жан жемісі алдымен оқу-білім, тәрбие десек, сол жемісті берер мәуелі ағашымыз мектеп, ол мектептің жүрегі- мұғалімдер емес пе?!
Мектеп-білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп-тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Әр жеткіншек-зерттелмеген құпия. Сол зерттелмеген құпияны ашып, баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін тани білу-ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ сьезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»,-деген болатын. Ендеше елдің ұлтжанды азаматын тәрбиелеймін деген кез келген ұстаз ұлттық мәдениетпен, тарихи, мәдени мәліметтер және құнды ата-баба мұраларымен қарулануы қажет .
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,-деп Абай айтқандай, жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдері бар рухтың мекені- мектеп мұғалімдерінің жүрегі болуға тиіс.
Қазіргі қазақ мектептері оқыту мен тәрбиенің сапасына, әдіс-тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде.
Ең бастысы, оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың тиімді жолдарын табу, оқушыны іздену, үйрену әрекетіне жұмылдыру, педагогтің өз әрекетіне ішкі мотивтері мен шығармашылық ізденісін байланыстыра отырып, кәсіби ілгерілеуіне түрткі болатын инновациялық технологияларды іріктей білгендігінде.Жастардың бүгінгі білімі-ертеңгі капиталы болатындай,ал қазіргі тәрбиесі-қазақтың қадірлі қасиеттерін қастерлей білетіндей болуы тиіс.
Мәлік Ғабдуллиннің мына сөзі менің тәрбие туралы ойыма ой салды. «Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады. Сондықтан тәрбие мәселесі мектеп өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс».
Жаңа үлгідегі ұлттық мектеп моделін жасау және оның нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдістеріне енгізудің ғылыми әдістемесін қамтамасыз ету.
Қазақ мектебінің мәселесі-қазақ елдігінің мәселесі.Қазіргі уақытта өмірлік дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру-тәрбиенің негізгі міндеті. Интеллектуалдық дамыған елді қалыптастырудың өзекті бір жолы толыққанды жеке тұлға тәрбиелеумен, оқушының жаңа ойлампаздығын дағдыландырумен, қазіргі ғылыми жетістіктердің негізін терең біліктендірумен ұштасады. Ғылыми-эксперимент жұмысының аса маңызды саласы сабақтан тыс тәрбие клубтары мен орталықтарын құру арқылы жүзеге асырылады, әрбір баланы қайталанбас тұлға деп қарастырып, оның өзгеше қасиеттерін дамыту мақсаты қойылған. Қай баланың болмасын бойынан жақсы қадір-қасиет іздеп табу, соған арқау сүйеу, оған үлкен үміт арту-ұстаз тәрбиесінің тәжірибесі болу керек. Тіпті баланың әрең байқалатын ізгі қасиеттерін де айтып, жақсы талпыныстарын бағалап, үміт білдіріп отырса, соғұрлым ол сенімді бағалай біледі, ашыла түседі. Сонымен қатар, жаңа білім беру мазмұнын жүзеге асыруда оқушының білім сапасын дамытудың мақсаты мен міндетін айқындаудың және тәрбие кеңістігінің тірек-талдау схемасын қалыптастырдық. Оқушыларға тәрбие арқылы білім беруде қоғамдық пәндердің атқаратын ролі ерекше. Ол шәкірттерде отансүйгіштік, ұлтжандылық, идеялық сенімді қалыптастырады. Оқушының рухани байлығын кеңейтіп, өзінің қоғамдағы орнын түсінуге көмектеседі, ұрпақтың ізгі талап-тілектерін оятады. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті оқушылардың еңбексүйгіштік, ұқыптылық, моральдық қасиеттерін қалыптастырады
Оқу-тәрбие үрдісінде әрбір шара ата-аналардың қатысуымен өткізілетінін ерекше атағым келеді. Ата-ананың балаға өнегесі-барлық жағдайдағы ең күшті бағдар екендігі сөзсіз. Отбасындағы шынайы ұлттық тәрбие қолға алынбай, бала ұлттық тәрбиенің нәрін татпай, оның ұлттық менталитеті қалыптаспайды. Ондай жағдайда ол өзін де, өзгені де сыйлап, құрметтеп, отбасының, елінің намысын ойлап жарытпайды. Мұндай мәселелерде әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады. Балаларды тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс. Қоршаған орта өзінің құндылықтарымен тұлғаны жасайтынын, ал бай орта болатынын ескере отырып, біз мектептің ата-аналар, оқушылар мен мұғалімдердің өзара әрекет жасауына үнемі ашық болу үшін бар күшімізді саламыз.
«Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды»,-дей отырып, «Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады»,-деген В.А.Сухомлинский сөзін басшылыққа алуымыз керек. Тәрбие арқылы білім беру-үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды.
Дербес Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы-бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей тәуелді. Өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының ерте заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін санасына сіңіріп, Абайша сөйлесек, «көкірек көзін оята тәрбиелеу»-ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салысатын жауапты міндеттердің ең бастысы.
Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты - оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алды яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық шешуге көмектеседі.
Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымөн қатар олардың қажетті дағды мөн біліктерді меңгеруін, ой-өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды.
Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; көлге шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады. Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; көлге шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады.
Кiтапхана қорында оқушыға керекті кітаптар жетерлік,кітапхананың жұмыс уақыты таңғы сағат 9 дан, кешкі сағат 9 ға дейін.Оқушылардың бос уақытына кинозал қызмет етеді. Және де сабақтан кейінгі уақытта үйірмелер жұмысын атқаруда.
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әр түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады.
Рухани мәдениетіміздің зерттелу тарихын дәл мына уақыттан басталды деп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты көне болса, оның зерттелу тарихы да соншалықты тереңге таратады. Сол сияқты рухани мұрамыздың жиналу, саралану, насихатталуы да тереңге тамыр созады.
Мәдениет – қоғамның өмір сүруінің қозғаушы күші. Қазақстанның мемлекеттік басшысы Н.Ә. Назарбаев: «... бүгінгі таңда біздің төл мәдениетіміздің міндеттерін өзіміз айқындай алатын мүмкіндігіміз бар. Оны шешу мәдени санаткерлеріміздің еншісінде екенін атап көрсетті. Қазақ мәдениетінің үш мың жылдық тарихы ұрпақтарға жалғастық пен сабақтастық арқылы жетіп отыр. Мәдениеттің басты таратушылары болған көшпенді ата-бабаларымыз рухани қазынаны ең биік құндылыққа қоя алғандықтан және өздері сол рухани құндылықты бойына жинақтай да білді. Қазіргі бізге жеткен ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптардың қайсысын алып қарасақ та осыны аңғарамыз. Кешеге дейін өткеніміз бен бүгінгіміз жалғастырған нәзік жіп үзілмей, ұрпақ пен ұрпақты байланыстырып келеді. Сәби кезімізден анамыздың әлдиі мен әжеміздің ертегісін тыңдадық. Демек, ұрпақтар сабақтастығы үзілген жоқ. Мәдениетіміз тірі, оған серпін мен ырғық керек. Ғасырлар бойы екшеленген мұраларды бір сәт те естен шығармаған абзал» - деген.
Адамдар арасында келісім, ауызбіршілік, бірлік болмайынша, тұрақты дамуды бағдар тұтқан қоғамды қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан еліміз үшін басымдық танытушы идеяға айналған мәселе әлеуметтік-экономикалық қиындықтардан, әр түрлі тарихи кедергілерден мемлекетіміздің тұтастығын сақтай отырып, өркениетті елдер қатарына қосылу болып табылады. Бұл жерде мәдениеттің гуманистік –адамгершілік принциптеріне сүйену, рухани бағдарды ұстануы терең мағынаға ие болды. Өйткені мәдениеттің құлдырауы адамның рухани дүниесін аздырады, оның шынайы даму жолынан ауытқуына әкеліп соқтырады. Бұл еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің түп негізіне әсер ететін құбылыс болып табылады.
Өмірдің заңына сәйкес мәдениет үнемі жаңғыруды қажет етіп отырды. Өзен өзінің мөлдірлігін суы ағып жатқан кезде сақтайды, тазалығымен адамды тәнті етеді, әлемділігімен табиғатты құлпыра түседі. Сол сияқты кез келген мәдениет жаңа толқынға, жаңа мағынаға ұмтылады, оған зәрулік танытады. Әрине, бұл дегеніміз ғасырлар сынағынан өткен дәстүрлі құндылықтарды түбегейлі жоққа шығару дегне сөз емес. Өйткені, тарихи сабақтастықтың логикасына сәйкес мәдениеттің ілгері үлгілері болады, онсыз ұлттық мәдениеттің қабырғасы сөгіледі, іргесі шайқалады /1/. Міне, сондықтанжаңа үлгілерге жаппай бетбұрыс жасаудың өз қисыны, өз ырғағы, өзіндік келбеті бар. Сондықтан, өтпелі кезеңнің мәдени өзгерістерінен дәстүрлік пен жаңашылдықтың ерекше синтезін, симбиозын іздеуіміз қажет сияқты. Әрбір жаңа нәрсені ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып қабылдаған абзал.
Мәдениеттің басқа салаларында жіктелген заттық және руханилық, объектілік және идеалдық, рационалдық жәнеэмоционалдық... – осылардың бәрі өнерде жігі бұзылмай, бірлесе, біте қайнасып жатыр. Өнер – қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі. Оның сананың басқа формаларынан, мәселен ғылым мен философиядан айырмашылығы сол, ғылым мен философия сыртқы дүниенің теориялық бейнесі, яғни олар теориялық ойлау болып табылса, өнер шындықтың көркем бейнесі болып табылады. Өнер өте ертеде шықты. Алғашқы адамдар кейінгі ұрпақтарға тас балталар мен сүйектен жасалған найзалар ғана қалдырған жоқ, сонымен қатар үңгірлердің қабырғаларына салынған түрлі суреттер, балшықтан, тастан жасалған мүсіндер де қалдырған.
Батыс социологтары мен өнер теоретиктері әдетте өнерді «адам жанының құпия қасиетінен» немесе адамның туысынан бірге болатын «тамашалау сезімінен». Өнердің шығуы жөніндегі мұндай көзқарастың теориялық негізі философиялық идеализм екенін түсіну қиын емес. Кейбір батыс теоретиктері өнердің негізін жануарлар дүниесінен, атап айтқанда, құстардың шырылынан, олардың түлеуінен, хайуанаттардың ойынынан тағы басқаны іздейді. Сөйтіп, өнерді адамның табиғатқа еліктеуі деп түсіндіреді. Адам еңбек процесінде айналадағы дүниені танып біледі. Бұл білім оған өте қажет, өйткені еңбек дегеніміз білімді қажет ететін мақсатты да саналы іс-әрекет. Алайда еңбек ету процесінде көздеген мақсатқа жету үшін білім ғана жеткіліксіз, ол үшін белгілі бір мінез-құлық сапалары, мысалы табандылық, ержүректілік, ынтымақтылық сезім және сондай-ақ қара күш сапалары – күш-қуат, төзімділік, ептілік тағы басқалары керек. Ал бұлардың бәрі адамға өздігінен келмейді, оларды тәрбиелеу қажет. Өнер сол сапаларды тәрбиелеудің маңызды бір құралы ретінде пайда болды. Қысқасы, өнерді тудырған қоғамдық өмір қажеттіліктері, біріншіден, дүниетану және, екіншіден, адамды тәрбиелеу.
Өнердің мынадай үш негізгі ерекшелігін атап көрсету керек: біріншіден, өнер шындықты бейнелендіру формасы, яғни дүниетану формасы; екіншіден, өнер қоғамдық сананың адам эстетикалық сезім тудыратын формасы .Өнердің шындықты бейнелендіру формасы ретіндегі ерекшелігі ең алдымен оның нені және қалай бейнелендіретінімен анықталады. Өнер дүниені адамның нақты сезімдік формада бейнелендіру қабілетіне негізделеді.Егер құбылыс пен мән бір-біріне сәйкес келсе, демек, адам сезім мүшелерімен құбылыстардың мәнін тікелей танып біліп отырса, онда ешқандай ғылымның керегі болмас еді. Бірақ құбылыстың мәнін тікелей сезіну арқылы білуге болмайды. Ғылым заттар мен құбылыстарға тән жалпы, маңызды қасиеттердің, қатынастардың бейнесі, демек мәннің бейнесі. Бұл жалпы мәнді ғылым жалпы ұғымдар мен категориялар, заңдылықтар формасында бейнелендіреді
Өнер де жалпыны бейнелендіреді, бірақ оны абстракция формасында емес, жинақталған жеке образ формасында немесе, өнер тілімен айтқанда, типтік образ формасында бейнелендіріледі. Шындықта жалпы типтік образ жеке нәрселерде ғана өмір сүруде, демек, жеке нәрселер арқылы көрінеді. Сондықтан өнердегі типтік образ дегеніміз жинақталған, жалпыланған образ. Бірақ ол жалпыланған типтік образ жеке образ арқылы бейнелендіріп көрсетіледі.
Өнердің шындықты бейнелеу формасының ерекшелігі сол, ол көркем образ болып табылады. Көркем образ дегеніміз ең маңызды, типтік образды жеке образ арқылы көрсету немесе өмірдің жалпы, маңызды типтік жақтарын жеке құбылыс формасында, яғни нақтылы сезімдік формада бейнелеп көрсету.Демек, көркемобразды (бейнені) ұғыммен де, түйсікпен де теңгеріп қарауға болмайды. Көркем образдың ерекшелігі сол, ол жалпыны жеке арқылы танып білу. Нағыз өнер шығармаларындағы көркем образдар шындықтың сырт белгілерін бейнелемей, маңызды жақтарын бейнелейді.
Өнердің келесі ерекшелігі сол, ол – қоғамдық сананың эстетикалық сезім тудыратын формасы /3/. Суретші, жазушы шындық құбылыстарына тән эстетикалық сапаларды ашып көрсетеді. Сондықтан көркем шығармаларда өмір белгілі бір эстетикалық идеяларға сәйкес бейнеленеді, яғни өнер шындық нәрселері мен құбылыстарын көрікті немесе көріксіз, көңілді немесе көңілсіз, қайғылы немесе күлкілі деген сияқты категориялар формасында бейнелеп, баға береді.
Әдемілік, көркемділік адамның күнделікті өмірінде зор роль атқарады. Адамды қоршаған орта көркем болса, оның өзі адамды көңілдендіріп, еңбек пен өмір шабытын тудырады. Адам тек ғылым заңдарына сәйкес қана емес, «әдемілік заңы бойынша» да еңбек етеді деп атап көрсеткен болатын К.Маркс. Өнер арқылы мәдениет өзінің тұңғиық тереңінде болып жатқан құбылыстерын дәп бір айнаға қарап көргендей, байқап отырады. Сондықтан да өнерді «мәдениеттің айнасы» деп анықтауда негіз бар. Нақты тарихи жағдайлар шеңберінде белгілі бір ұлттың, этностың мәдениетінде өнер аоқылы сол мәдениеттің әлемді және әлемдегі адамды түсінуін көреміз.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи қысқа уақыт аралығында еліміз экономика, қаржы саласында прогрессивгі технологияларға арқа сүйей отырып, кешенді реформалар жүргізу үстінде. Сөйтіп әлемдік өркениетке қауымдаса отырып, қарқынды дамушы елдердің алдыңғы қатарынан көріне бастады. Бугінгі таңда еліміздің әлеуметгік-экономикалық дамуының перспективалары нақты айқьндалып, арнаулы бағдарламалар қабылдануда. Еліміздің инновациялық, индустриялық одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекетіміздің күш-қуатының негізі, ұлтгық қауіпсіздігіміздің кепілі, қоғамдық дамуымыздың жөне оның жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің көрсеткіші болып табылатын білім жүйесінің, адам капиталының мәні мен маңыздылығы барынша артып отырғанын атап өтуіміз керек. Осы кезге дейін еліміздегі білім жүйесі бұрынғы методология, құрылым мен фактологиялық мазмұн күйінде қалып келеді. Мұның өзі отаңдық білім саласының әлемдік білім кеңістігіне кірігуін, оның бүгінгі өмірдің өзгермелі жөне өскелең талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруың, жаңа инновациялық өзгерістердің ендірілуін тежеп отыр. Қазіргі мектептегі білім мазмұны пәндік негіздерге құрылған, ал мемлекеттік білім стандарттары уақыттан едәуір, мектеп түлектерінің өмір талаптарына сай бейімділігін, компетенттілігін, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды толық қамтамасыз ете алмай отыр. Жас ұрпаққа берілетін білім мазмұны қоғам дамуының деңгейіне тікелей байланысты екені мәлім. Соның бір белгісі: кешегі кеңес дәуірі кезіндегі жалпы білім беретін мектептегі білім мазмұны. Жалпы алғанда құрамы мен құрылымы жағынан ол кезеңнің білім мазмұнында "ғылым-өндіріс-білім" мәдени макромодель жатыр. Сондықтан жалпы білім беру жүйесіндегі басты ұстанымдардың бірі ғылымның барлық салаларынан білім беруге бағытталды. Сол себептен білім мазмұнының құрамы мен құрылымын анықтауда пәндік ұстаным ғана басшылыққа алынды.
Қазақстандағы музыка және театр өнерін кәсіби тұрғыда дамыту мақсатында 1932 жылы Алматыда музыка-драма техникумы ашылды. Техникумда ұстаздық ететін мамндар жетіспегендіктен 1933 жылы Ленинград көркемөнер зерттеу академиясының аспиранты Ахмет Жұбанов шақыртылып, оған техникумда сабақ беретін кәсіби музыка мамандарының тобын ұйымдастырды. А. Жұбанов содан екі жыл бұрын Ленинград консерваториясын бітірген Е. Брусиловскийді жұмысқа шақырды. А. Жұбанов пен Е. Брусиловскийдің келуімен техникум енді тек оқу орыны ғана емес, музыка мәдениетін жаңаша өркендету дің ошағына айналды. Солардың бастамасымен техникум жанынан халық музыкасын зерттеу кабинеті мен қазақ музыка аспаптарын жетілдіру музыка-тәжірибелік шеберханасы ашылды. Қызметке дәстүрлі халықтық музыка өнерінің шеберлері: Ә. Қашаубаев, И. Байзақов, Д. Нүрпейісова, Қ. Байсейітов, А. Айтбаев т. б. тартылды.
Сол 1933 жылы А. Жұбановтың ұймдастыруымен техникум жанынан құрамы 11 адамнан тұратын домбыра ансамблі құрылды. Ансамбль аз уақыт ішінде өзінің өміршеңдігін танытып, тез жетілді. Көп кешікпей сахналарға шығып, Көпшілікке өнерлерін көрсете бастады. 1934 жылы ансамбль құрамының мүшелері 17 – ге жетті. Техникумда қобызшы, сыбызғышылар болмағандықтан, ансамбль құрамы скрипка мен флейта ендірілді. 1934 жылдың маусым айында Алматыда халық таланттарының Бүкілқазақстандық слеті өтті. Слетке техникум жанындағы ансамбль де қатысып, болашақ өнер өрісін меңзей сарапшыларға өзекті ой тастап кеткен еді. Екі жұмаға созылған өнер сайысының нәтижелерін қорытындылау барысында басқа да мәдениет саласындағы ұйымдстыру шараларының қатарында халық таланттары- домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, өзге де музыка аспаптарында орындаушылардың басын біріктіріп, ұлт аспаптары оркестрін құру жоспарланып, оны ұйым дастыру мен оған басшылық жасау А. Жұбановқа жүктелді. Сөйтіп қазіргі Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінің ірге тасы қаланып, дүниеге келген еді. Оркестр ол кезде Қазақстан Орталық Атқару комитеті атындағы қлттық оркестр деп аталды. Оркестрдің құрылғанына екі жыл болған 1936 жылы Мәскеуде қазақ әдебиеті мен өнерірің онкүндігі өткізілді. Сындарлы өнер сынына жас оркестр де қатысып сынақтан сүрінбей шықты. Сүріну былай тұрсын, «Тұлпар ат тай кезінен танылады» дегендей, өз тиісті бағасын алып, айы оңынан туды.
Мәскеуде өткен онкүндіктен шығармашылық еңбек жемісінің дәмін татып оралған оркестр ұжымы одан әрі қанаттана түсіп, жұмыстарына құлшына кірісті. Репертуарға орыс және шетел композиторларының классикалық шығармалары енгізіле бастады. Глинканың «Руслан – Людмила» операсынан фрагменттер, Шуберттің «Музыкалық сәті», Римский-Корсаковтың «Патшаның қалыңдығы» операсынан интермеццо, Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі» операсынан Полина романсы, Кеңес Одағы композиторларының күрделі туындылары т. б. шығармалар орындалатын болды. Сондай-ақ Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Ықылас, Қазанғап, Сейтек, Сүгір және Дина мен басқа да халық композиторларының щығармалары кеңінен қамтылды. Мәскеудегі онкүндіктен кейін соңғы екі-үш жыл мерзім ішінде оркестр үлкен жетістіктерге жетті.
1935 жылы республика үкіметінің қаулысымен оркестр ұжымы негізінде Қазақтың Жамбыл атындағы филармониясы құрылып, оркестр соның қарамағына көшті де, Жұбанов енді филармонияның көркемдік жағын басқарушысы және директоры болып тағайындалды. 1938 жылы оркестрге компо зитор Латиф Хамиди шақырылды. Жұбанов оркестр ұжымына жетекшілік етуді Хамидиге тапсырды. 1944 жылы құрылғанына 10 жыл толуына орай оркестрге күйші-композитор Құрманғазының аты берілуі тегіннен емес. Өйткені, Жұбановтың айтуы бойынша, Құрманғазы күйлерінің басым көпшілігі және ол туралы деректерді жеткізген күйшінің тікелей шәкірті Д. Нүрпейісова бастаған көпшілігі оркестрдің күйші-орындаушылары болған Махамбет Бөкейханов, Оқап Қабиғожин, Қали Жантілеуов, Лұқпан Мұхитов, Мұрат Өскенбаев, Оразғали Сүйімбеков сынды өнер иелері еді. Сондықтан алғашқы оркестр репертуарының негізін құраған да Құрманғазы күйлері болды.
Қазақстанның алуан салалы музыка өнері қайраткерлерінің ішінде Құрманғазы оркестріне қатысы болмаған адамдар кемде-кем. Мысалы, әр жылдары өздерінің бар ынта-ықыласын салып, бойындағы күш-қуат, жалпы жігерлерін жұмсап оркестрде дирижерлық еткен А. Жұбанов асситенттері – М. Жаппасбаев, Ғ. Матов, Қ. Мусин, дирижер лар – Ж. Қаламбаев, Л. Хамиди, Л. Шаргородский, Ш. Қажығалиев, Н. Тілендиев, Ф. Мансуров, А, Мырзабеков есімдерін ардақтай айтуға тиіспіз.
Хор – вокалдық музыка орындаушылар коллективі (ұжымы). Хор дауыс құрамына байланысты біртектес (әйелдер, ерлер, балалар хоры) немесе аралас болып келеді. Аралас хор сопрано, альт (әйел дауыстары), тенор, бас (ерлер дауыстары) партияларын орындайтын төрт топтан құралады. Егер хор құрамында аталған партиялардың бірі болса, онда ол жартылай аралас хор делінеді. Әрбір хорлық партия хор шығармаларының ыңғайына қарай бірнеше дара партияға бөліне алады. Аралас хор құрамында ең кемінде 12 адам, ал кәсіби хор құрамында 40-тан 160 адамға дейін болады. Шағын хор ұжымы камералық хор делінеді.
Жастар демалысының жаңа түрі ретінде дискотсканың қызметінің негізгі бағыттары. Жастардың батыстық мәдениетке сыни көзқарасын қалыптастырудағы дискотеканың рөлі.Мектептік дискотеканьг ұйымдастыру мен қызметінің өзіндік ерекшеліктері, оның мектептегі басқа да көркемөнер турлерімен байланысы. Дискотека ықтилармсн саяси-тәрбиелік жұмыс жүргізу түрі ретінде.Тақырыптық бағдарламаның, бір репертуарының көркемдік-идеялық мазмұнының жопе оларды қоюдың сапалы деңгейіне қойылатын талап.Дискобағдарламаның драматургиялық негізі болып табылатын сцснаридің жоспары.Дискобағдарлама идеясының бағдарламаларға тақьрып пен идеямен бағдарламасының нақтылығы. Дискотекада көркем және мәнерлі сөйлеудің тәсілдері.

2.2
Адамзат тарихының беттерін ақтара отырып, әлем құрлықтарында өмір кешкен халықтар, ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күресіп келгенін білеміз. Еліміздің дербес, толық қанды ел, егеменді мемлекет болуы, халқымыздың ертеден бергі еркіндік үшін, туған жері – Отаны үшін күресінің жемісі. Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен статусын алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені, әр елдің, халықтың өзіндік болмысына тән мақсат – мұраты бар. Мұрат – алға жетелейтін, болашақтан қол бұлғап шақыратын, халықтың арманы, мақсаты. Ал мақсат немесе мұрат – ол, болашақта қол жеткізуге жетелейтін қоғамдық-рухани сананың көрсеткіші - идеал. Осы тұрғыдан, Қазақстан халқының мұраты: еркін халық болу; өзгелермен терезесі тең мемлекет болу; өз ішінде береке-бірлік пен ынтымақ орнаған халық болу. Бұл мұратты жүзеге асырудың негізгі шарты – әрбір Қазақстан азаматының қатардағы қоғам мүшесі деңгейінен мемлекеттің саналы әрі белсенді азаматы әрі өз Отанының, халқының нағыз патриоты дәрежесіне көтерілуі.
Отансүйгіштік - азаматтық санамен қалыптасатын қасиет. «Азаматтық сана» – біліммен қаруланған, аға ұрпақтың қалдырған мәдени-тәлім мұраларынан сусындаған, туған жері мен елінің рухани-материалдық, мәдени құндылықтарын бойына сіңіре білген, ақыл мен парасаттылығы жетілген, жеке мүдде мен болашақ үшін жауапкершілікті өткен мен келешек үрпақ алдындағы парызбен ұштастыра білетін, ұлтжанды саналы азаматы болуды талап ететін құбылыс. Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасында «Бізге қажетті - жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» - деп атап көрсеткендей, еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу, білім берудің барлық салаларының алдындағы негізгі міндеттердің бірі.
Сонымен, этномәдениет мазмұны нені қамтиды және ол мазмұнның жастарды ұлтжанды, Отансүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеудегі құралы не?
Әр халықтың өзіне тән, тарихи-әлеуметтік даму ерекшеліктері мен өмір-тіршілігіне, тұрмыс-салтына, дәстүрлеріне байланысты дүниетанымдық, рухани-материалдық, мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ халқы бай тарихтың иесі. Қазақ даласы әлемге «Екінші ұстаз» атанған Әл Фарабиды, Ж.Баласағұн, Ахмет Иассауи, М.Қашқари, Қадырғали Жалаири сияқты ғұламаларды берді. Олардың еңбектері, ортағасырдағы Орта Азиялық ренессанс кезеңінің мәдени өміріне зор үлес қосқан, асылдары болып табылады. Әсіресе, Әл-Фарабидің сан-салалы ғылыми еңбектері тек Таяу немесе Орта шығыс ғұламалары: Ибн-Сина, Бируни, Хорезми, Омар Хайям, Хафиз т.б сияқты ғұламаларының ой-пірлеріне ғана емес, сонымен бірге Европа ғылымына да ықпал етті. Тарих тұңғиығынан Қазақстанның мәдени қазыналарын тауып, бүгінгі ұрпақтың ол байлықты сақтауына, танып білуіне, рухани-мәдениет саласындағы білімін дамытуға ұсынған еліміздің ғұлама ғалымдарының қажырлы еңбектері – жастардың патриоттық тәрбиесінің асыл арналары. Есік қаласынан табылған «Алтын адам» ескерткішінен бастап, Орхон-Енисей тас жазулары, кең байтақ жеріміздің әр аймағынан табылып жатқан ежелгі мәдениет жәдігерлері, көне сәулеттік ескерткіштер, халық шеберлерінің қолөнер туындыларының үлгілері – осының бәрі Қазақстан мәдениетінің қазынасын байыта түсті әрі бүгінгі ұрпақтың рухани білім көзіне айналды.
Еліміздің егемендігімен бірге, халықтық тәлім-тәрбие қазыналарын жинақтап, оны этнопедагогиканың негізі мазмұнына енгізсек, сол мазмұнды жүзеге асырудың басты құралы – этномәдениет қазыналары. Қазақ халқы ұрпағының «Сегіз қырлы-бір сырлы» азамат болып дамуын, ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мәдениет құндылықтарының тәлімдік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып жүзеге асырып келді. Ол құндылықтардың негізін, халқымыздың - әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлары құрайды.
Халқымыздың ауыз әдебиеті шығармашылығы ұрпақ тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты және әлі де үлес қосып келеді. Қазақ фольклоры тілінің бейнелілігімен, көптеген мақал-мәтелдерінің мәнділігімен, мазмұндық өткірлігімен аса құнды қазына. «Өнер алды - қызыл тіл» деп, «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйінін» шешкен ата-бабаларымыз, халықтың өмірі мен тұрмыс-тіршілігінің алуан түрлі жақтарын қамтитын өзінше бір жылнама болатын, ұрпақтарға тәлім болатын асыл мұра қалдырған. Сол бай құндылықтардың ішінде, патриотизмді дәріптейтін мұра - батырлық дастандар. «Алпамыс», «Қобыланды», «Қамбар батыр», «Едіге», «Сырым батыр» т.б., «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезіндегі елін, жерін сырт даулардан қорғаган Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сияқты мыңдаған қазақ батырларына арналған көптеген дастандар, өз халқының мүддесі, арман-тілегі, туған жері үшін жан аямаған батырларға деген халықтың сүйіспеншілігі, азаматтарының рухани жан дүниесінің беріктігі, ерлігі мен патриоттық қасиетін баяндайтын, сол сияқты «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» және т.б. лиро-эпостық жырлар мазмұны, рухани тазалықты, адамгершілік пен махаббатті паш ететін, халқымыздың этномәдениетінің асыл қазыналары.
Қазақ халқының музыкалық және поэтикалық шығармашылығында жырлаған халықтың Отан-анаға, туған жерге, көз жетпейтін ұлан-байтақ қазақ даласына, оның табиғат байлығына деген сүйіспеншілігі музыкалық және эстетикалық тәрбие құралы болды. Сондықтан да қай кезде болмасын жыршылар, күйшілер, өлеңші-әншілер қазақ халқының музыка мәдениетін сақтау мен байытуда, жастарлың эстетикалық талғамдарын, көзқарастарын тәрбиелеуде айрықша маңызды роль атқарады. Олар өздерінің дидактикалық әндерінде халықты Отансүйгіштікке, ұлтына деген адалдыққа, әділетке шақырып, жақсылықтың жеңіп шығатынына сенуге, жамандықпен күресе білуге, жақсы атаулыға ұмтылуға дәріптеп отырды. Бұл ретте, музыка теориясын зерттеген, ноталық жазуды дүниеге әкелген Әл Фрабиді, күй атасы Қорқыттан бастап Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина т.б. күйші композиторларымызды, әнші-композиторларымызды (Біржан, Мұхит, Абай, Жаяу Мұса , Майра, Кенен және Әміре т.б.); қазақтың музыка өнері саласындағы мәдениетінің эстафетасын жоғары көтеріп, бүкіл әлемге паш еткен: К.Байсейітова мен Қ.Байсейітовтер, Н.Тілендиев, Е.Серкебаев, Р.Бағланова, Б.Төлегенова, Нақыпбековалар, М.Бейсенғалиев, А.Мұсахожаева, Г.Мырзабекова, Р.Ырымбаева, Ә.Дінішев сияқты өнер тарландарын мақтан тұтамыз.
Қазақтың музыкалық құндылықтары, өткен ғасырларда Қазақстанда болған шетел ғалымдары мен саяхатшыларын (П.Паллас, Г.Клапорт, В.Радлов, А.Левшин, А.Янушкевич, А.Алекперов т.б.) таң қалдырғаны белгілі. Олардың, қазақтың рухани мәдениеті туралы, өткен ғасырларда жариаланған еңбектері «Қазақтар А. Алекторов: «Әнші ... домбырасының шегін қаға бастады. ... домбыраның күмбірлеген қайғылы дыбысы маған ерекше бір әсер етті. ... қарапайым әнге - қарапайым музыкаға қанша поэзия сыйып жатыр. Қос шекті домбырада мұндай нәзік, мұндай әсем дыбысты шығады дегенге мен еш уақытта сенбеген болар едім» деп ағынан жарылады. Қазақ халқының музыкалық фольклорының қазыналары еуропалық музыка зерттеушілердің ғылыми-зерттеу, шығармашылық еңбектеріне арқау болды. Бұған дәлел ретінде тек Затаевичтің «Қазақтың 500 әні», «Қазақтың 1000 әні» еңбектерін, Ерзаковичтың, Брусиловскийдің шығармашылығын айтсақ та жеткілікті.
Қазақтың этномәдениеті құндылықтарының бір саласы - халықтың кәсіби және тұрмыстық фольклоры. Халқымыздың тарихи-шаруашылық, тұрмыс-тіршілік болмысына байланысты: аңшылығы, саятшылығы, ағаш, тері, жүн өңдеуге қатысты қолөнері, зергерлік өнері т.б. сан-алуан өнерлері. Әсіресе, халық данышпандығының бар асылын бойына жинаған сәндік-қолданбалы өнері – халқымыздың қоршаған өмір шындығын музыкалық, поэтикалық және басқа эстетикалық дәстүрлер аясындағы эмоциялық сезімдері мен эстетикалық талғамдарын қалыптастырған этномәдениетінің қайнар көзі. Бұл саладағы өткенгі және қазіргі қолөнер бұйымдары, халқымыздың көркем-шығармашылық дәстүрлері мен рухани-материалдық мәдениетінің құндылықтарын сақтауға, игере отырып байыта түсуге жетелейді. Халқымыздың кәсіби және тұрмыстық фольклорын жан-жақты зерттеген: Ә.Марғұлан, К.Ақышев, Х.Арғынбаев, Т.Басенов, Б.Байжігітов, Ө.Жәнібеков, С.Қасиманов, Э.Масанов, т.б. еңбектерінде, ұлттық қолөнер түрлерінің дамуы, философиялық, тарихи, этнографиялық, мәдениеттанымдық аспектілері, рухани-материалдық құндылық ретіндегі әлемдік мәдениет аясындағы алатын орны және тәлімдік маңызы бағаланған.
Міне, сол құндылықтарды туған жерімізде өмір сүре отырып игеруге, кезіндегі кеңестік ұлт саясаты кедергі жасап келді. «Тұтас кеңестік бір ұлттық» саясат пен оның негізгі тірегі кеңес үкіметінің тоқырауы, біртіндеп келмеске кетуі, қазақ жастарының азаматтық санасына ықпал еткен, олардың ұлттық намысын көтерген - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен басталды. Міне бұл, қоғам азаматының патриоттық сана-сезімінің оянғаны. Бүгінгі еліміздің егемендігі, оның саяси-әлеуметтік, экономикалық, рухани-мәдениет саласында, әлемдік іргелі елдердің қатарынан орын алуы, сол азаматтық сананың жемісі. Ата Заңымыздың мазмұнындағы мемлекет ретіндегі белгіленген басты идеал «Еркіндік, теңдік, татулық» - халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған, ерлікпен қол жеткізген және қорғаған асылы. Бұл үш түсініктің аясында, мемлекетіміздің басты мұраты, Қазақстан Республикасы эттұжырымдамасының мазмұнында: «Бізге қажетті - жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» - деп көрсеткендей, еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын, Отаны, халқы алдындағы парызынжауапкершілікпен өтейтін, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет