Тәрбиенің модульдік, топтық, проблемалық технологиялары Проблемалық оқыту технологиясы – бұл дамыта оқыту технологиясы. Оның қызметі – белсенді таным әрекетін ынталандыру, ойлаудың зерттеушілік стилін қалыптастыру.
Саралап оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру формасы ретінде қолданылады. Оқушыларды оқу процесі барысындағы олардың бойындағы ортақ қасиеттеріне қарай топтарға бөліп оқыту.
Жеделдетіп оқыту технологиясы оқытудың дәстүрлі сыныптық-сабақтық тәсілінің мүмкіндіктерін неғұрлым толық ашуға бағытталған.
оқу материалдарын іріндірілген блоктармен жеделдетіп оқыту;
міндетті кезендік бақылау жұмыстары;
көп қайтара қайталау;
тірек материалдарын, сигналды карточкаларды, символдарды мол пайдалану.
Саралап оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру формасы ретінде қолданылады. Оқушыларды оқу процесі барысындағы олардың бойындағы ортақ қасиеттеріне қарай топтарға бөліп оқыту.
Модульдік оқыту технологиясы – әлемдік (Дж. Блок, Дж.Керрол, В.Монахов, Р.М. Грановская, Ю.С. Крижанская) және отандық тәжірибеде (М.М. Жанпеісова) танылған технология. Ол өзге тілді аудиторияларда тіл пәнін оқытуда да кең қолданыс тауып отыр.
Модуль дегеніміз – белгілі жүйенің ішіндегі бөліктердің өзара жинақталған дербес топтамасы (С.И. Ожегов). Қазақ тілін оқыту тәжірибесінде оқу материалдары белгілі бір ортаға қатыстылығы тұрғысынан, белгілі бір ортада сөйлеу дағдыларын меңгеру мақсатында бірнеше оқу модульдеріне топталып беріледі. Мысалы: «Менің отбасым», «Менің мектебім», «Менің қалам», «Менің Отаным», «Дәрігерде», «Дүкенде», т.б. Әр модульге 5-12 сағат аралығында уақыт бөлінуі ықтимал.
Ақпараттық оқыту қазіргі білім беру жүйесіне молынан, нық енуде. Ол қоғамның ақпараттану сипатына бағдарланады. Тұлғалықдамудың негізгі дидактикалық шарттарын ұстана отырып, ақпараттық оқыту технологиясы оқу материалдарын компьютермен жұмыс істеу арқылы меңгеруге, ақпар жинай және жүйелей білуге, сондай-ақ оларды қалауынша түрлендіре қолдануға бағытталады; оқушының ақыл-ой белсенділігін , шығармашылығын дамытуға қызмет етеді.