Қабылдаған: Дүйсебеков Қ. Д. Орындаған: Геменбек З. Тобы: ХҚ-602 Инфузионды терапия (ИТ)



бет6/8
Дата22.12.2023
өлшемі126,45 Kb.
#198703
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Инфузиялы терапия ж не парентеральды тама тандыру

2. Тікелей емес калориметрия . Бұл әдіс тікелей қолданған кислородты өлшеу аркылы жүргізіледі.1г қоректі зат тотыққан кезде белгілі бір энергия шығады: 1 г углевод— 4,1 ккал, 1 г май — 9,3 ккал, 1 г этанол — 7,1 ккал, 1 г белок — 4,1 ккал.

Инфузиялық емнің бір мысалы ретінде парентералды қоректендіруді келтіруге болады.

Көрсеткіш

1) асты ауыз арқылы қабылдауға болмайтын кезде.

2) асқазан- ішек жолдарына операция жасалса (өнеш пластикасы гастроэктомия).

3) операциядан кейінгі ерте кезеңде ақуыз ыдырауын азайту мақсатында.


Қарсы көрсеткіш.
1) бауыр, қан жүйесі аурулары кезінде аминқышқылдары мен май эмульсияларын байқап қолдану.
2) жүрек жеткіліксіздігі және аносаркамен ауыратындарға шектеп қолдану керек.(егер аносарканың себебі гипопротеинемия болса оған гидролизат және альбумин құю керек).

Парентералды қоректендіру әр түрлі ерітінділермен жүзеге асырылады.

Көмірсу - негізгі энергия көзі. Науқас үшін толық парентералды қоректендіру кезінде тәулігіне 2 г/кг глюкоза қажет. 1 г глюкоза 4,1 кал(17 Дж) ақуыздың әрбір грамының ыдырауы үшін көмірсу ыдырауында түзілген энергияның 50 кал(210 Дж) қажет. Патология кезінде осы қажеттілік 200кал-ға (840Дж)жетеді. Ал глюкоза 5℅-100 мл да 20кал бар. Тәуліктік дозаны өтеу үшін 12 л керек. Сол үшін тек глюкоза 5℅ толтыру қауіпті, себебі гипергидротация болуы мүмкін, әсіресе қарттар мен балаларда. Сол себепті глюкозаның 10 ℅ -20 ℅ -30 ℅ -40℅ қолданылады. Бірақ қанықпалығы жоғарылаған сайын көк тамыр қабырғасын зақымдайды, гликемиялық шокқа, гиперосмолярлыққа, дегидротация болу қауіптілігін туғызады. Сондықтан глюкозаны инсулин мен қатар (4 г глюкоза 1Д инсулин) тамыр ішіне тамшылатып құяды.

Ақуыз, көмірсу мен майлар арқылы ағзаның калориялық сұранысы қамтамасыз етілгенде қолданылады. Ол үшін ақуыз құрамында барлық аминқышқылдары болуы тиіс. Қазіргі кезде ақуыздың екі түрін ақуыздың гидролизатын (111111) және кристалдық аминқышқылдар (аминосол, вамин) ерітінділерін қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет